Аққала Сабақтың мақсаты
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Аққала
Сабақтың мақсаты
- Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейту.
- Жаңа сөздерді меңгерту: «қар аппақ», «аяз күні қар сықырлайды».
- Балалардың сөздік қорын дамыту.
- Ермексаздан аққаланы әдемі әрі ұқыпты етіп мүсіндеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер
Көрнекіліктер
- Қыстың суреті
- Тірек сызба
- Ермексаз
- Қол сүлгі
- Ермексаздан жасалған аққала үлгісі
Сабақтың барысы
1) Шаттық шеңбері
Балалар шеңберге тұрып, бір-біріне жылы лебіз білдіреді.
Амандасу үлкенге —
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки, бәріміз,
«Сәлем!» дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
2) Әңгімелесу және сұрақ-жауап
Сұрақтар
- Жылдың төрт мезгілін білесіңдер ме?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс айларын атайық.
- Қыста күн қандай болады?
- Жерде не болады? Қардың түсі қандай?
- Қыста қандай ойындар ойнаймыз?
- Қыста қандай киімдер киеміз?
- Аязда тоңбау үшін не істеу керек?
Күтілетін жауаптар
Мезгіл: Қыс.
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Ауа райы: суық, аязды, боранды болады.
Қар: ақ. Аяз күні қарды басқанда сықырлайды.
Ойындар: сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.
Киімдер: тон, құлақшын, қолғап, жылы етік.
Тоңбау үшін: жүгіреміз, секіреміз, ойнаймыз, сырғанақ тебеміз.
Негізгі жаңа тіркестер: қар аппақ аяз күні қар сықырлайды
3) Сергіту сәті
Аула іші — бақ, дала,
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айналып,
Би билейміз шаттана.
4) Жұмбақ
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен мұрны.
Қыста қардан тұратын,
Тауып көрші сен оны.
Жауабы
Аққала
5) Негізгі бөлім: «Аққала» мүсіндеу
Қонақ келеді
Осы кезде есік қағылып, аққала қонаққа келеді.
— Балалар, бізге кім келді? Амандасайық.
— Сәлем! Сен кімсің?
— Мен Аққаламын.
Аққала: «Мен өзіме дос іздеп жүрмін. Сендердің достарың көп, ал мен жалғызбын. Маған дос тауып беріңдерші».
Құрылымы
- Аққала 3 бөліктен тұрады: басы, кеудесі, аяғы.
- Көзі — 2, мұрны — 1, аузы — 1.
- Басына шелек кигіземіз, мұрнына сәбіз орнатамыз.
Жасалу жолы (ермексаз)
- 1 Алдымен шағын домалақ пішін жасаймыз.
- 2 Аяғын — үлкен, кеудесін — орташа, басын — кіші етіп домалатамыз.
- 3 Үш бөлікті бір-біріне ұқыптап біріктіреміз.
- 4 Көзін, аузын жапсырамыз; мұрнына сәбізді орнатамыз.
- 5 Басына шелек кигізіп, соңғы бөлшектерін реттейміз.
Тапсырма:
Аққалаға дос мүсіндеп береміз. Жұмысты әдемі, таза және ұқыпты орындауға мән береміз.
Мұғалім бақылауы: «Қазір бәріңнің жұмыстарыңды қарап шығамын».
Қорытынды пікір: «Өте жақсы! Барлығың да аққаланы жақсы мүсіндедіңдер».
Қорытынды
Қайталау сұрақтары
- Сабақ ұнады ма?
- Аққаланың басына не кигіздік?
- Аққалаға не мүсіндеп бердік?
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Қыс мезгіліне қатысты түсініктер мен ойын түрлерін.
Игеру керек
Аққаланың жасалу жолдарын (кезең-кезеңімен орындау).
Меңгеру керек
Ермексаздан аққаланы мүсіндеу дағдысын.
Аққала балаларға риза болып, қоштасады. Балалар сабаққа белсенді қатысқаны үшін мадақталады.