Өлеңді мәнерлеп оқып, Ана тақырыбына шығарма жазу
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосы, М. Бегенов атындағы орта мектеп.
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі — Мақсымбаева Рахия.
Сабақтың тақырыбы
«Анаға сыйлаймыз» (А. Бақтыгереева)
Түрі мен әдісі
Түрі: дәстүрлі сабақ.
Әдісі: мұғалімнің түсіндірмесі, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: суреттер, тест тапсырмалары, автордың суреті, слайдтар.
Сабақтың мақсаты
Білімдік
«Анаға сыйлаймыз» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсіндіру, шумақтарын мәнерлеп әрі түсініп оқуға жаттықтыру, көркем тілмен мазмұндауға үйрету.
Дамытушылық
Есте сақтау қабілетін дамыту, өз бетінше ойлауға, жүйелі және мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке, бір-бірін сыйлауға, анаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, сыныптың жұмысқа дайындығын тексеру.
II. Психологиялық дайындық
Оқушылардың бір-біріне сәттілік тілеп, жағымды көңіл күй қалыптастыруы.
III. Ой шақыру
Сұрақтар
- Бүгін нешесі?
- Қазір қай сабақ?
- Қай мезгіл?
- Қай ай?
- Көктемнің нешінші айы?
- Көктем екенін қандай белгілерінен білеміз?
- Бүгінгі ауа райына шолу.
- Наурыз айында қандай мерекелер тойланады?
Үлгі жауаптар мен тірек ұғымдар
Пән: Ана тілі.
Мезгіл: көктем.
Ай: Наурыз (көктемнің бірінші айы).
Белгілері: жаңбыр жауады, қар ериді, жылғалардан су ағады, адамдар жеңіл киінеді.
Мерекелер: Наурыз мейрамы, 8 Наурыз.
IV. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Бәйшешек», «Жауқазын» өлеңдерін жатқа айту бойынша дайындықты тексеру.
V. Сергіту сәті
Музыка әуенімен қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары.
VI. Суретті картинамен жұмыс (слайдтар)
Суретте кімдер бейнеленген? Ана мен бала.
Балалар анасына не сыйлап жатыр? Гүл.
Тәрбиелік ой:
Сабаққа белсенді қатысып, дұрыс жауап берген оқушыға «гүл» белгісі ұсынылады. Оқушылар бұл гүлді аналарына арнап сыйлайды.
VII. Кіріспе сөз
Дүниеде санасыз адам болмайды. Сендер де, мен де, ғалым да, ақын да, ұшқыш та, батыр да — барлығы анадан туған. Жаңа туған сәби алғашқы сөзді анасынан үйренеді, алғашқы әнді анасынан естиді. Сондықтан ана — мейірімнің, тәрбиенің, өмірдің бастауы.
VIII. Жаңа сабақ
Бүгінгі сабақта А. Бақтыгереева жазған «Анаға сыйлаймыз» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы
А. Бақтыгереева туралы қысқаша өмірбаяндық мәлімет беріледі (мұғалімнің баяндауы).
Оқулықпен жұмыс
- Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
- Оқылған шығарманың жанрын анықтау: ертегі ме, әңгіме ме, әлде өлең (тақпақ) па?
- Өлеңнің тақырыбын талдау: көктем және көктем гүлдері туралы ой.
IX. Кітаппен жұмыс және талдау
Тапсырмалар
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлеңде қай мезгіл туралы айтылғанын анықтау (көктем).
- Әр шумақты жеке оқып, негізгі ойды табу.
- Сергіту сәті: музыка тыңдау.
- «Ана» туралы әдемі сөздер айту.
Назар аударатын тұстар
- Сөздерді анық, дұрыс дыбыстау.
- Оқу қарқынын сақтап, дауыс ырғағын келтіру.
- Шумақтағы бейнелі сөздерді түсіндіру және өмірмен байланыстыру.
Дәптермен жұмыс
Көркем жазу
92-жаттығу: мәтінді оқып, көктем, ағаштар, мал туралы айтылған сөйлемдерді көшіріп жазу.
Тілдік тапсырма
«Не? Нелер?» сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызу.
Мәтін үлгісі
Қар еріді.
Күн жылынды.
Көктем болды.
Күн ұзарып, түн қысқарды.
Ағаштар бүршік жарды.
Мал көкке жайылатын болды.
Сабақты бекіту (ауызша тест)
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жауап береді, соңынан жұмыстар тексеріледі.
Сұрақтар
-
Алфавитте неше әріп бар?
A) 10 Ә) 42 Б) 53
-
Дауысты дыбыстар нешеу?
A) 19 Ә) 14 Б) 15
-
«Бүлдіршін» сөзінде неше дыбыс бар?
A) 4 Ә) 6 Б) 3
-
Жіңішке айтылған сөзді табыңыз.
A) ата Ә) ана Б) әже
-
Жуан айтылатын сөзді табыңыз.
A) әке Ә) әже Б) отан
Жалғасы
-
Дүниеде не тәтті?
A) бал тәтті Ә) су тәтті Б) ананың сүті тәтті
-
Дүниеде не жұмсақ?
A) ананың қолы жұмсақ Ә) қар жұмсақ Б) мамық жұмсақ
-
Нұрмағамбет (Нұрмақа) қай мәтіннің кейіпкері?
A) «Төзім» Ә) «Бөрік» Б) «Оқымысты бала»
-
Дұрыс буынға бөлінген сөзді табыңыз.
A) тер-ез-е Ә) т-ере-зе Б) те-ре-зе
-
«Кім?» сұрағына жауап беретін сөзді табыңыз.
A) мұғалім Ә) көк Б) үлкен
Қорытынды және үй тапсырмасы
Қорытынды
«Біз нені оқыдық, нені үйрендік?» сұрағы бойынша кері байланыс. Оқушылардың білім деңгейіне қарай бағалау жүргізіледі.
Үйге тапсырма
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- «Ана» тақырыбына шағын шығарма жазу.