Киіктің бауырмалдығы Талқыла Киікті қорғау Жарияла Қызыл кітап

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа дайындау.

II

Үй тапсырмасын тексеру

Бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімнен тұрады. Алдымен үй тапсырмасы бойынша білімімізді ортаға салайық.

1-бөлім: «Білімді мыңды жығар»

  • «Көкшетау» мәтінінің мазмұнын айту.
  • Мәтіннен үзіндіні жатқа оқу.
  • Тақтадан Көкшетау табиғатының суреттерін қарап, әсер бөлісу.

Көкшетау — табиғаты көркем өңірлердің бірі, Сарыарқаның солтүстігіндегі тау.

Көкшетауда мүсін көп,

Көрген адам тамсанған.

Әрбір тасы сыр шертіп,

Ақ қайыңы ән салған.

«Бәйге» ойыны арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.

2-бөлім: «Жүйрік болсаң жасыңнан»

  • Ребус шешу: «Ақсақ киік».
  • Дәптерге күн жады мен сабақ тақырыбын жазу.

3-бөлім: «Оқу — оқу түбі тоқу»

«Ақсақ киік» өлеңін оқып, мазмұнымен және негізгі ойымен танысамыз. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқып, түсіндіреді.

Өлең авторы: Сәкен Сейфуллин

Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1884 жылы 15 қазанда Жезқазған өңірінде дүниеге келген.

1914 жылы «Өткен күндер» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.

1936 жылы қазақ жазушыларының ішінде алғашқылардың бірі болып «Қызыл Ту» орденімен марапатталды.

1920–1936 жылдары түрлі жауапты қызмет атқарды: басшылық лауазымдарда болды, газет редакторы, ғылыми орталық төрағасы, институт директоры, журналдар жетекшісі қызметтерін атқарды. 1938 жылы жазықсыз жаламен қаза тапты.

Түсіндірме: Бетпақдала және киік

Арқада Бетпақдала аталатын кең дала бар. Бұл — Қазақстанның оңтүстігіндегі шөлейт өңір. Онда тұзды көлдер, сор мен тақыр көп болғандықтан, қоныстанған ел сирек кездеседі. Бұл өңірде киіктер мекендейді.

Киік — ең жүйрік, сұлу, киелі жануарлардың бірі. Оны ақбөкен деп те атайды, ал төлі құралай деп аталады.

Табиғат құбылысы

Киіктер мамыр айында төлдей бастайды. Сол кезеңде ауа райы салқындап, жауын-шашын жиілейді. Қазақ мұны «құралайдың суығы» деп атаған.

Мінез-құлқы мен ерекшелігі

Киіктер жетім қалған лақты тастамайды: кез келген киік маңыраған құралайды көрсе, қасына барып емізіп, ертіп кетуі мүмкін. Киік соншалықты жүйрік — туғанына екі күн болған құралайды да көлікпен қуып жету қиын.

Неге қорғау қажет?

Киіктің мүйізін аңшылар шетелге сатып, пайда табады. Саны азайғандықтан, киік қорғауға алынып, 2006 жылы Қызыл кітапқа енгізілді.

4-бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр»

Оқушыларға кесте таратылып, үлгі бойынша толтырылады.

Түрі Саны Мысал
Зат есім 1 сөз киік
Сын есім 2 сөз сымбатты, жүйрік
Етістік 3 сөз жүгірді, қашты, жеткізбейді
Сөйлем 4 сөз Ол Қызыл кітапқа енген.

5-бөлім: «Тапқыр болсаң, талас жоқ»

«Кубизм» әдісі арқылы ойды әр қырынан талдау.

Атау

Киік

Сипатта

Киіктің сипаты мен ерекшелігі

Дәлелде

«Құралай желі» туралы ойды негіздеу

Зертте

Киіктің бауырмалдығы

Талқыла

Киікті қорғау жолдары

Жарияла

Қызыл кітаптың маңызы

III. Қорытындылау

Талқылау сұрағы

Киік санын қалай көбейте аламыз?

ақбөкен дала жануары жүйрік сымбатты Қызыл кітап құралай мүйізі қымбат

Рефлексия

  • Мәтіннен сені әсерлендірген оқиға қандай?
  • Сені өкіндірген тұс қайсы?
  • Ұнаған ой, сөз немесе сөйлемді ата.
  • Сені қуантқан тұс қандай?

«Егеменді елдің ертеңі — білімді ұрпақ», — деп атап өткен Н. Әбішұлының сөзін негізге алып, әрқашан ізденіп, білімді болайық.

Үй тапсырмасы

«Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Сабақ аяқталды.