Сағат сөзіне дыбыстық талдау жасау

Сауат ашу: «С» дыбысы мен әрпі (қайталау сабағы)

Сабақ түрі

Қайталау сабағы.

Көрнекіліктер

Дидактикалық материалдар, суреттер, интерактивті тақта.

Негізгі тақырып

«С» дыбысы мен әрпін қайталау, дыбыстық талдау, сөйлем құрау.

Мақсаттары

  • 1) Оқушылар өтілген дыбыстарды қайталау арқылы білімдерін бекітеді.

  • 2) Танымдық қабілеттерін дамыта отырып, сөздік қорын молайтады және байланыстырып сөйлеуге дағдыланады.

  • 3) Еңбекке тәрбиеленеді, ұқыптылық пен жауапкершілікке баулиды.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды 4 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Жеке оқушылармен жұмыс жүргізу.

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту (ой қозғау)

Судан ол қорқады,
Бұдан кір қорқады.
Жауабы: сабын
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйырығынан суырып,
Әкелді әкем бір күні.
Жауабы: сәбіз
Тілден ұшып,
Құлаққа қонады.
Жауабы: сөз

Әр топ өзіне берілген дыбыстар бойынша топтастыру жасайды. Әр топтан 1 оқушы шығып, жұмыстарын қорғайды.

2) Мағынаны тану (оқулықпен жұмыс)

1-топ

Жұмбақты шешеді:

Тілі бетінде, сөзі шетінде.

Жауабы: сағат

2-топ

  • Жұмбақтың шешуі қай дыбыстан басталады?
  • «Сағат» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.

3-топ

Тақырыптық сурет бойынша сөйлем құрастырады:

Сынып таза әрі кең.

Сыныпта біз сабақ оқимыз.

4-топ

Бағандағы сөздерді мәнерлеп оқиды.

1-топ: сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлем туралы мағлұмат береді, сұрақ қоюға және жауап беруге үйретеді.

«С» дыбысы туралы ереже

С — тіл алды, қатаң, ызың дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Сөздің барлық буынында кездесуі мүмкін.

«С» әрпінің жазылуы

С әрпі бас әріп және кіші әріп түрінде жазылады.

Әріптің құрылымы — бір элементтен (доғал сызық) тұрады.

  • Бас «С»: үлкен жолдың ортасынан бастап, оңнан солға қарай төмен доға сызықпен жазылады.
  • Кіші «с»: жазу жолының үстіңгі жағынан басталып, оңнан солға қарай доға сызықпен жазылады.

1-топ: буын қосып оқу

Бітеу буындарға ұқсас буындарды қосып оқыту.

2-топ: «Бірлесіп сурет жасау» стратегиясы

Тақырып бойынша бірлесіп сурет құрастырады (саймандар тақырыбы).

3) Ойтолғаныс

«Қай буынды жоғалттым?»

Нұсқа 1

Са... су... сай...

Са..... су.... сай...

Нұсқа 2

Са... су... сау...

Са... су.. сау...

«Әріптер әлеміне саяхат»: С және Ш дыбыстарын ажырату

С және Ш дыбыстарының айтылуы ұқсас. Сондықтан оларды дұрыс ажырата білу маңызды.

Тапсырма

Өлеңнен с және ш дыбыстары бар сөздерді тауып, айтып бер.

Гүл өседі, от өшеді.

Ағашты кеседі, суды кешеді.

Киімді пішеді.

Сабаны піседі.

Еңбек еселі келеді, қарттар көшелі болады.

Әр елдің көсемі болады.

Суырылған шешені болады.

Суреттермен жұмыс

  • Әр суреттің атауынан «С» дыбысын тап, орнына жазып көрсет: сақина, сағат, бес.
  • «С» дыбысы қай үйдің тұрғыны? (дыбыстарды жіктеу арқылы анықтау)

«Ойлан, тап» ойыны

Суреттер қатарынан атауы «с» дыбысынан басталатын сөздерді таңда:

сағат жылқы қалам сиыр сақина білезік сегіз сан

Қорытындылау және бағалау

Қорытындылау

«Біз не үйрендік?» сұрағы арқылы сабақ мазмұнын жинақтау.

Бағалау

Өзіндік бағалау: оқушылар өз жетістіктерін белгілер арқылы бағалайды.