Қазақстанда мекендейтін құстар

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Бұл жоспар 4-сыныптағы қазақ тілі сабағына арналған. Тақырып — Қазақстанда мекендейтін құстар.

Пән мұғалімі

Ахметжан Ардақ Сайлауханқызы

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Қазақстанда мекендейтін құстар туралы түсінік беру.

Міндеттері

  • 1

    Қазақстанда мекендейтін құстар туралы мағлұмат беру.

  • 2

    Сауатты жазуға және сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету; тіл байлығын дамыту, сөздік қорын молайту.

  • 3

    Туған өлке табиғатына және ондағы құстарға сүйіспеншілік сезімін арттыру; табиғатты, құстарды қорғауға әрі аялауға тәрбиелеу.

Әдістері

  • Диалог
  • Ой қозғау
  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндірмелі әдіс
  • Талдау–жинақтау

Құрал-жабдықтар мен байланыс

Көрнекілік

Құстардың суреттері, сызбалар, кеспе қағаздар

Жаңа технология

Интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгендеу.
  3. Сабаққа кіріспе. Психологиялық дайындық.

Жылы сұрақтар (психологиялық ахуал)

  • Бүгін кезекші кім?
  • Бүгін айдың нешесі?
  • Аптаның қай күні?
  • Жылдың қай мезгілі?
  • Бүгінгі көңіл-күй қандай? (смайлик арқылы)

II. Үй жұмысын тексеру

Тыңдалым

  • Жануарлар туралы жаттаған өлеңдерін тыңдау.
  • Әр оқушының дайындап әкелген қысқаша мәліметін тыңдау.

«Сандарды сөйлет» тапсырмасы

Оқушылар берілген сандардың мағынасын түсіндіріп, мәтін құрастырады.

Үлгі деректер

Піл

  • Құрлықтағы ең ірі жануар.
  • Салмағы шамамен 9 тонна.
  • Азу тісінің салмағы — 220 кг.
  • Күніне 140 кг өсімдік жейді.
  • Тәулігіне 100–200 литр су ішеді.
  • 70–80 жыл өмір сүреді.

Түйе

  • 2–3 центнер жүк көтереді.
  • 40–50 шақырымды су ішпей, шөп жемей жүре алады.
  • 45 күнге дейін су ішпей жүре алады.
  • Бір ретте 200 литрге дейін су іше алады.

Аю

  • Ең үлкен аңдардың бірі.
  • Салмағы 1 тоннаға дейін жетуі мүмкін.
  • Ұзындығы 3 метрге дейін болады.
  • 40–50 жыл өмір сүреді.

III. Жаңа тақырыпқа шығу (қызығушылықты ояту)

Бастау

Құстардың дауысын тыңдату (аудио/музыка). Оқушыларға құстардың тіршілік ортасы туралы ой салу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Қазақстандағы құстар таулы жерлерде, орманда, жазықта және су айдындарында тіршілік етеді. Бұл — олардың тұрақты мекені. Кейбірі осында қыстайды. Ырғыз және Торғай көлдері — су құстары көп шоғырланатын орындардың бірі.

Қазақстанда кездесетін құстар (қысқаша сипаттама)

Аққу

Айрықша таза, кербез құс.

Сауысқан

Қыстап қалатын құстардың бірі.

Тоқылдақ

Тұмсығы өткір әрі мықты. Ағашты тесіп, құрттарды теріп жейді.

Бүркіт

Көк жүзінде қалықтап ұшатын қыран құс.

Бірқазан

Тұмсығы үлкен. Балықты тұмсығына толтырып ұстайды.

Көгершін

Қазақстанның барлық өңірінде кездеседі. Бейбітшілік құсы.

Сөздікпен жұмыс

Бұлбұл

соловей

Аққу

лебедь

Тырна

журавель

Тоқылдақ

дятел

Қарлығаш

ласточка

Бүркіт

беркут

Қарға

ворона

Бірқазан

пеликан

Көкек

кукушка

Көгершін

голубь

Ұзақ

грач

Каллиграфиялық минут (сұрақтар)

  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде құстар тіршілігінде қандай өзгеріс болады?
  • Құстар жылы жаққа ұша бастайды.

Оқиғалық тапсырмалар арқылы бекіту

Аққуға көмектесейік

Ұша алмай, көмекті қажет еткен құс — аққу. Аққу жалғыз жүрмейтін құс, бірақ тобынан адасып қалыпты. Оған жолды көрсету үшін тапсырманы орындаймыз.

Қарлығашқа қолдау

Қарлығаштың қанаты жараланып, ұша алмай қалыпты. Тапсырманы дұрыс орындасақ, қанатының жазылуына көмектесеміз.

Тырнаның өтініші

Біз көмектесіп жатқанымызды естіп, тырна да келді. Ол құстар тобына қайта қосылу үшін берілген тапсырмаларды орындауды ұсынады.

Сергіту сәті және 3-жаттығу

Үлгі бойынша жазу тапсырмасы. Берілген сөздерді топтастырып (мысалы: жануарлар, құстар, заттар), сауатты түрде жазу.

Маймыл Көбелек Бақа Түлкі Кит Балық Құс Піл Керік Бүркіт Көгершін Сағат Жолбарыс Қарға Аққу