Орнынан секіру қимылдары
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырып
Ұзындыққа секіру
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақ әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке қимылдарды орындау
Өтетін орны
Спортзал
Көрнекі құралдар
- Секіруге арналған құралдар
- Секіртпе
- Ережелер жинағы
- Суретті плакат
- Ысқырық
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Ұзындыққа секіру тәсілдерін түсіндіру және меңгерту.
Дамытушылық
Ептілік, икемділік және шапшаңдық қимылдарын дамыту.
Тәрбиелік
Ұжымшылдыққа және өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ құрылымы
Кіріспе бөлім
- 1Сапқа тұрғызу.
- 2Кезекшінің мәлімдемесі.
- 3Сәлемдесу.
- 4Сабақ мақсатымен таныстыру.
Дайындық бөлімі
Саптық жаттығулар
- Оңға, солға және кері бұрылу.
- Саппен алға жүру.
- Жүріп келе жатып бұрылыстарды орындау.
Жалпы дамыту жаттығулары
- Қолды әр бағытта қозғалту.
- Кеуде мен белге арналған қимылдар.
- Тізе мен аяққа арналған қимылдар.
- Әр бағыттағы секірулер.
Негізгі бөлім
Жеңіл атлетика бөлімдері
- Алыс және жақын қашықтыққа жүгіру.
- Жоғары және төмен старт ережелері.
- Ұзындыққа және биіктікке секіру.
- Орнынан секіру қимылдары.
Бүгінгі тақырып
Ұзындыққа жүгіріп келіп секіру.
Назар аударатын тұс
Техника, қауіпсіздік және қону фазасын бақылау.
- Плакаттағы суреттер арқылы ұзындыққа жүгіріп келіп секірудің негізгі қимыл-қозғалыстары түсіндіріледі.
- Ұзындыққа секіруден чемпион Ольга Рыпакова туралы қысқаша әңгіме жүргізіледі.
- Секіру кезіндегі қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі.
- Орнынан қос аяқтап секіру жаттығуы орындалады.
Қорытынды бөлім
- Сапқа тұрғызу.
- Секіру ережелерін қайталау.
- Бағалау.
- Үй тапсырмасын беру.