Әдепті бол

Шаттық шеңбері

Мұғалім:

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз —
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Кәне, бәріміз бір-бірімізге жақсы тілек тілейік:

  • Әдепті бол!
  • Мейірімді бол!
  • Кішіпейіл бол!
  • Қамқоршы бол!

Бәрі:
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Сайыс құрылымы

Бүгін «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» тақырыбында топтық сайыс өткіземіз. Әділқазылар алқасы бекітіледі.

  1. I тур

    Әдеби монтаж

  2. II тур

    Мақал-мәтелдер сайысы

  3. III тур

    Пікір сайысы (педагогикалық ситуация)

  4. IV тур

    Ақылдыдан шыққан сөз

  5. V тур

    Қорытынды

Ой толғау

Танзила

Ойы терең мұхиттай дана болғым келеді,
Көңілі аппақ сүттен де бала болғым келеді.
Адалдықты сүйетін жүрегіммен, жаныммен,
Бал бұлақтай мөп-мөлдір таза болғым келеді.

Отты, ойлы жыры бар ақын болғым келеді,
Қиындықтан қайтпайтын асыл болғым келеді.
Адамдардың бәрінен кіші болғым келеді,
Ең бастысы өмірде — кісі болғым келеді.

Аяна

Адам бойында жақсы да, жаман да қасиет болады. Халқымыз бала кезден-ақ үлкенді құрметтеуге, кішіге қамқор болуға ерекше мән берген. Бұл ана сүтінен, үлкеннің ақылынан, ұстаздың өнегесінен, жалпы әр адамның кісілігінен танылады.

Мысалы, жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу, сөз жарыстырмау — жастар үшін бұлжымас қағида болған.

Сені өмірге әкеліп, мәпелеп өсірген — ата-анаң. Ең алдымен соларды сыйлау керек.

Мұғалімнің сөзі

Сендердің әдепті, ақылды, адамгершілігі мол, үлкенді сыйлай білетін, кішілерге қамқор аға-әпке, ата-анаға көмекші, адамдарға мейірімді бола білетін оқушы болып өсетіндеріңе сенім білдіремін.

I тур: Әдеби монтаж

Бекарыс

Атаң болса анаңмен — алтыннан соққан қорғаның.
Ағаң болса ақылды — ешкімнен кем болмадың.

Әкежан

Інің болса жанашыр — семсер қылыш білегің.
Ақылды қыз, ақылды ұл — өкпе-бауыр, жүрегің.

Насиха

Бал салмаса — ара қасиетсіз,
Жанбай қалған шала қасиетсіз.
Әдепсіз болса — бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса — дана қасиетсіз.

Аружан

Көк шықпаса — жер қасиетсіз,
Ойсыз болса — ер қасиетсіз.
Жылу болмаса — түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса — жігіт қасиетсіз.

Ұлан

Дөрекі сөз айтпаңдар,
Жақсы істі жақтаңдар.
Сыйлап сынып қыздарын,
Әдепті бола бастаңдар.
Бүгіннен бастап бар бала
Үлгілі мінез көрсетсін.
Сынайын, достым, досыңды — ай,
Мін түзетейік осылай.

Нұрбекет

Адамдарға кешіріммен қарайтын,
Жан жылуы жылылық боп тарайтын.
Кішіпейіл бала болғым келеді,
Айналасын нұрлы күнге бөлейтін.

Ризабек

Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Айгерім

Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз — талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Карина

Үлкендерді сыйлаймыз біз,
Үй тазалап, жинаймыз біз.
Біз — қолғанат баламыз.

II тур: Мақал-мәтелдер сайысы

Тапсырма: кішіпейілділік пен сыпайылыққа қатысты мақал-мәтелдер айту.

Ән

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Сұрақ-жауап: негізгі ұғымды түсіну

Мұғалім

«Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет» дегенді қалай түсінесіңдер?

Жанарыс

Адам өзгелермен қарым-қатынас жасағанда олардың таныс-тансы еместігіне, алыс-жақындығына, үлкен-кішісіне, қызмет дәрежесіне қарамай кішіпейіл әрі әдепті болуы керек. Бұл — адамгершілік борыш.

Ару

Ұлы істердің бәрі кішіпейілділіктен басталады. Сондықтан әркім өзінен кішілердің мінезі балалықтан дұрыс қалыптасуына қамқорлық жасап, жол көрсете білуі керек. Үлкендердің өзінде де олқылық болмауы маңызды.

Кейде жоғары сынып оқушыларының дәлізде бас киіммен жүруі немесе қоңырау арасында алысып ойнауы сияқты кемшіліктер кездеседі. Мұны көрген кішкентайлар «ағаларымыз не істесе, біз де соны істейік» деп теріс қорытынды шығаруы мүмкін.

III тур: Пікір сайысы

Педагогикалық ситуация бойынша пікір алмасу және ой қорыту.

Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Карагойшиева Сара Тұяққызы