Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы
Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі: Губайдуллина Баян Нұрахметовна
Сабақтың тақырыбы
Отбасы. Себеп–салдар салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Көрнекілігі
Кестелер, презентация
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік мақсат
Оқушыларды отбасы мүшелерінің мінез-құлқын сипаттайтын тілдік үлгілермен таныстыру және себеп–салдар салалас құрмалас сөйлемдерді дұрыс құрастыруға үйрету.
2) Дамытушылық мақсат
Ойлау қабілетін дамыту: өз ойын нақты әрі сауатты жеткізу, ауызекі тілін жетілдіру, диалогқа түсу және себеп–салдар жалғаулықтарын орынды қолдану дағдысын қалыптастыру.
3) Тәрбиелік мақсат
Отбасындағы сыйластық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайту, жағымды мінез қалыптастыруға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелесу
- Түсіндіру
- Салыстыру
- Ойлау, іздену
Пәнаралық байланыс
Әдебиет, орыс тілі
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Оқушыларды түгендеу
II. Тілдік орта
Сұрақтар
- Ауа райы қандай?
- Қыс айлары қандай?
- Қаңтарда неше күн бар?
- Аптада неше күн бар?
Мақсат
Сабақ басында еркін сөйлеуге жағдай жасап, күнделікті тақырыпта қысқа диалог құру арқылы тілдік дағдыны белсендіру.
III. Фонетикалық жаттығу
Әке — асқар тау.
Ана — бауырындағы бұлақ.
Бала — жағасындағы құрақ.
- Мәтінді айтқызу, аударту
- Жатқа айту
- Дыбыстарды сипаттау
IV. Лексикалық жаттығу
Мақал-мәтелмен жұмыс: «Он үште — отау иесі» (мәнін түсіндіру).
V. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: «Өмірбаян» (әңгімелеу)
- Отбасы
- Әке-шеше не істейді?
- Жасы нешеде, қандай?
VI. Жаңа тақырып
Мұғалімнің кіріспе сөзі: сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін жариялау.
Тыңдалым
- Мәтінді аудару
- Құрмалас сөйлемнің жалғаулығын табу
Сөздік жұмыс
- Отбасы мүшелері
- члены семьи
- Мінез
- характер
- Сыпайы
- вежливый, учтивый
Жағымды қасиеттер
- мейірімді — добрый (тойған қозыдай)
- кішіпейіл — скромный (қой аузынан шөп алмас)
- адал — честный (құлан тазы)
- ұстамды — сдержанный, спокойный
- қатал — строгий, требовательный
Жағымсыз қасиеттер
- сараң — жадный
- желікбас — легкомысленный
Тапсырма: сөз тіркестерін құрастырып, сол тіркестерді пайдаланып сөйлем жасау.
Оқулықпен жұмыс
I тапсырма
Диалогты толықтырып, жұппен сөйлесу.
II тапсырма
Фразеологизмдерді қолданып, себеп–салдар жалғаулықтары бар сөйлемдер құрастыру.
III тапсырма
Өз сыныбыңдағы сыныптастарыңның мінезі туралы 7 сөйлем құрастыру.
VII. Бекіту
-
1
Отбасы дегеніміз не?
Отбасы — бақыттың тірегі. - 2 Отбасыңның мүшелерін атап бер.
- 3 Отбасың қандай? (үлкен/шағын, тату, мейірімді)
VIII. Қорытынды
Бағалау
Оқушылардың қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
Үй тапсырмасы
47-бет, 1-тапсырма (орта және төмен деңгей). Отбасы мүшелері туралы әңгімелеу.