Қазақ отбасының тірегі кім

Сабақтың тақырыбы

Қазақ отбасы

Сабақтың мақсаты (білімділік)

  • Қазақ отбасы туралы оқушыларға толық мағлұмат беру.
  • Алған білімдерін пысықтау және теориялық ұғымдарды мысалдар арқылы тереңдету.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

  • Грамматикадан алған білімді жаттығулар арқылы дамыту.
  • Өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру.
  • Топтық жұмыс арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру.
  • Шығармашылық белсенділігін арттыру.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

  • Отбасын құрметтеуге баулу.
  • Ата-анаға көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, салыстыру, топтастыру, өзіндік ізденіс, талдау
Көрнекі құралдар
Оқулық, слайд, кеспелер
Техникалық құрал
Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың көңіл күйін көтеруге арналған қысқа сергіту:

Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
Қайырлы күн, қонақтар!

Үй тапсырмасы тексеріледі.

2) «Идея себеті» ойыны (жұптық жұмыс)

Тақтаға «Отбасы мүшелері» деген жазуы бар плакат ілінеді. Оқушылар жұппен жұмыс істейді: отбасы мүшелеріне қатысты атауларды жазып, қысқаша түсінік береді. Алдымен қағазға жазып, кейін плакатқа бекітеді.

Уақыты: 3–5 минут.

Анықтама берілетін сөздер

  • әке-шеше
  • немере
  • шөбере
  • жеңге
  • ағайын
  • нағашы
  • жиен

Қысқаша түсіндірмелер

  • Әке-шеше (ата-ана) — дүниеге ұрпақ әкелген ерлі-зайыпты адамдар.
  • Немере — ұлдың баласы.
  • Шөбере — немеренің баласы.
  • Жеңге — ағаның әйелі.
  • Ағайын — бірге туған туыстар.
  • Нағашы — баланың анасының төркіні.
  • Жиен — қыздан немесе әпке-қарындастан туған бала.

3) «Қатені тап» ойыны (мәтінмен жұмыс)

Оқушыларға қате ақпараттары бар мәтін ұсынылады. Мақсат — мәтіндегі қателерді табу: ең қарапайым қате және тақырыпты толық талдағаннан кейін қорытынды арқылы анықталатын қате.

Уақыты: 8–10 минут.

Қате мәліметі бар мәтін (талдауға арналған)

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше емес. Шеше – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдамайды. Әже – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжіту үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен әже әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған-туыстардың қарым-қатынасын сақтамайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі – әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата-анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан орыс отбасы балаларын әдептілікке, мейірімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.

Тапсырма

  1. Мәтінді оқып, тақырыбын анықтап, атау қойыңдар.
  2. Мәтіндегі қателерді белгілеңдер және дәлелмен түзетіңдер.

Жаңа сөздер

Тірек
опора
Сыйлау
уважать
Беріктік
сплоченность
Ағайын
родня, сородичи
Орнату
установить
Баулу
воспитывать

Осы сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құраңдар. (8–10 минут)

4) «Шеңбер» ойыны (дұрыс мәтінмен жұмыс)

Оқушыларға дұрыс мәтін беріледі. Мәтінді оқып шыққаннан кейін, есте қалған сөйлемдерді айтып, мағынасына қарай жаңа сөздерді қосып толықтырады. Айтылған сөйлемді қайталауға болмайды. Бір сөйлемге синтаксистік талдау жасалады.

Уақыты: 10 минут.

Дұрыс мәтін: «Қазақ отбасы»

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Әке – отбасының басшысы, асыраушысы, қамқоршысы. Әкені ана да, балалар да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған-туыстардың қарым-қатынасын сақтайды. Ана – отбасындағы татулықтың ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі – әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата-анасын сыйлап өскен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан қазақ отбасы балаларын әдептілікке, мейірімділікке, адалдыққа, сыпайылыққа баулыған.

Салыстыру және қорытынды

Екі мәтінді салыстырыңдар: қате мәтіндегі барлық қателер табылды ма? Дұрыс мәтінмен салыстыра отырып, түзетулерді нақтылаңдар.

Талқылау сұрақтары

  • Қазақ отбасында әкенің рөлі қандай?
  • Ананың рөлі қандай?
  • Отбасындағы сыйластық қалай қалыптасады?

Плакатпен жұмыс

«Отбасы мүшелері» плакатын толықтырып, қазақ отбасындағы тәрбие құндылықтарын қосыңдар. Плакат модуль аяқталғанға дейін кезең-кезеңімен толықтырылып отырады.

5) Бекіту: тест жұмысы

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Қазақ отбасының тірегі кім?

  • a) ана
  • ә) әке
  • б) жиен

2. Әке – отбасының несі?

  • a) басшысы, асыраушысы, қамқоршысы
  • ә) тәрбиешісі, таратушысы
  • б) бұзушысы, қамқоршысы, ақымағы

3. Бала әкені ренжітпеу үшін қандай болуға тырысады?

  • a) бұзақы, ақымақ, ақылсыз
  • ә) тәртіпті, білімді, еңбекқор
  • б) ұқыпты, тәрбиесіз, әдепсіз

4. Ана – отбасының кімі?

  • a) тыныштығын бұзушысы
  • ә) беріктігін сақтаушысы
  • б) негізгі тірегі

5. Отбасының ең үлкен байлығы — ...?

  • a) бала
  • ә) ақша
  • б) байлық

6. «... қарап ұл өсер, ... қарап қыз өсер» мақалды толықтырыңдар.

  • a) әжеге, атаға
  • ә) ағаға, әпкеге
  • б) әкеге, шешеге

7. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі қандай?

  • a) үлкенді сыйламау, оларға қамқорлық көрсету
  • ә) әкесін сыйлау, анасын құрметтеу
  • б) ата-анаға мейірімділік көрсетпеу

8. Ата-ананы сыйлау, құрметтеу балаға берілетін қандай баға?

  • a) бірінші
  • ә) ақырғы
  • б) соңғы

9. Қазақ отбасы балаларды неге баулыған?

  • a) әдептілікке, мейірімділікке
  • ә) бұзақылыққа, ақымақтыққа
  • б) әдептілікке, тәрбиесіздікке

10. Ағайын мен туған-туыстардың қарым-қатынасын сақтайтын кім?

  • a) ана
  • ә) бала
  • б) немере

6) Үй тапсырмасы (деңгейлік тапсырмалар)

III деңгей

  1. Қазақ отбасы туралы айтып беріңдер.
  2. Мәтіндегі екі жай сөйлемнен себеп–салдар сабақтас құрмалас сөйлем құрастырып, синтаксистік талдау жасаңыз.

II деңгей

  1. Мәтінге жоспар құрыңдар.
  2. Мәтіннің құрылымын талдаңдар: сөйлем саны, жай сөйлемдер саны және түрлері, құрмалас сөйлемдер саны; олардың салалас, сабақтас немесе аралас құрмалас екенін ажыратыңдар.

I деңгей

«Айрандай ұйыған (дружный)» фразеологизмі бойынша өз отбасың туралы шағын шығарма жаз.

  • 8 сөйлем.
  • 7 жай сөйлем (хабарлы).
  • 1 сабақтас құрмалас сөйлем.

7) Бағалау

Оқушылардың жұптық және топтық жұмысқа қатысуы, мәтін талдауы, жаңа сөздерді қолдануы, тест нәтижесі және үй тапсырмасын орындау сапасы ескеріледі.