Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер

Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер.
Қазақтың халық тәрбиесінде ойын - өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын - жазушылардың саусақ ойынына арналған өлеңдері баршылық. Осы өлеңдерді саусақ ойыны арқылы орындаған жөн.
Бірқатар саусақ ойынына арналған өлеңдерге назар аударайық.

Бас бармақтай балақай
Ойынның мақсаты: балаларды қойылған сұрақ пен оған қайтарылған жауапты айтушының дауыс ырғағын ажыратуға және оларды жеңіл - желпі ойындық қимылдар жасай білуге үйрету.
Тәрбиеші баланың жұдырығын түйіп тұрған қолын ұстайды да, тақпақтың сөзін айта отырып, саусақтарын бір-бірлеп (тақпақтың сөзіне сәйкес) аша береді:
Бас бармақтай балақай, (Басбармақты ұстап)
Қайда болдың?
Мынау үлкен ініммен (Сұқ саусағын ашады)
Орманда болдым бүгін мен.
Ал мына бір ініммен (Ортаңғы саусағын ашады)
Ас пісірдім бүгін мен.
Одан кейінгі ініммен (Аты жоқ саусағын ашады)
Ботқа жедім мен енді.
Ал мына ініммен (Шынашағын ашады)
Айттым ән мен өлеңді.
Тәрбиеші бұл тақпақты екі - үш балаға қатарынан айтқызуына болады, бірақ алдымен олардың әрқайсысына жеке - жеке айтып көрсету керек, сонда ғана балалар тәрбиешінің алғашқы көрсеткеніндей жұдырықтарын өздері түйіп, саусақтарын бір - бірлеп өздері ашып отыратын болады.

Қуырмаш
Қуырмаш ойыны әрі баланың көңілін көтереді, әрі тілін дамытып, дүниетанымын арттыру үшін қолданылады.
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Бидай қуыр, қуырмаш.
Тауықтарға тары шаш:
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек
Кішкене бөбек,
- деп қуырмаш айтушы балдырғанның саусақтарын санамалап, жұдырыққа түйеді де, одан соң әрбір саусаққа қызмет беріп, іске жұмсап, балдырғандардың жұдырығын жазады:
Сен тұр – қойыңа бар!
Сен тұр – жылқыңа бар!
Сен тұр – түйеңе бар!
Сен тұр – сиырыңа бар!
– деп төрт саусақты төрт-түлік малға жұмсайды да, ең кішкене саусақ шынашақты жұмсамай еркелетіп:
Ал сен алаңдамай
Қазанның түбін жалап,
Үйде жат!
- дейді де, оны жатқызып қойып, ойыншы қол бойынан қызық іздейді:
Мына жерде қант бар,
Мына жерде жент бар,
Мына жерде қатық бар,
Мына жерде қытық бар!
- деп қытықтап, балдырғанды еріксіз күлдіреді.

Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алма жіпті де.
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды...
Өнерлі екен он саусақ!
Қала салсақ, жол салсақ....
М. Әлімбаев

Қуыр, қуыр, қуырмаш
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Мен айтайын қолыңды аш.
Мынау тұрған – бас бармақ,
Жұмыс содан басталмақ.
Алақанның тұңғышы,
Болсын осы жылқышы.
Балаң үйрек жанында,
Бейім сиыр бағуға.
Мына жерде күн болар,
Мына жерде түн болар,
Мына жерден ай шығар,
Мына жерден май шығар.
Бәрін айтып болдық па?
Келіп қалдық қолтыққа.
Қытық, қытық, қызық - ай,
Міне, өрік, міне, май.
Е. Ашықбаев



Ұқсас жұмыстар

Бала тілін дамытуға арналған ойындар
Ә. Дүйсенбиевтің қазақ балалар әдебиетінің тарихындағы өзіндік орны
Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері пәнінің дәрістік материалдары
Ойын баланың негізгі әрекеті
Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәнерлілігін дамыту ерекшеліктері
Қазақтың ұлттық ойындарының зерттелуі туралы
Ерте мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамытуда фольклорды қолдану мәселесін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі баланың ойынына теориялық сипаттама жайлы
Қазақ халқының тұрмыс – салт жырлары
Ұлттық ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері
Көйлектік маталар тобына арналған реляциондық мәліметтер қорын құру және өнімдер сапасын эксперттік бағалау
Қазақстанда жастарға арналған әлеуметтік қызмет
Программаға арналған негізгі шарттар және орындау жолдар
Үкіметтің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Балаларға патриоттық рух беруде Махамбет өлеңдерінің тәрбиелік мәні
Пәнді оқуға арналған методикалық нұсқаулар
Некелікпен қанағаттануға арналған сұрақнамалық тест
Теңіз жаяу әскерлері - теңіз десанттары құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуге, сондай - ақ әскери - теңіз базаларының, порттардың Қорғанысы мен басқа да міндеттерді орындауға арналған және арнайы дайындалған әскери - теңіз флоты күштерінің түрі
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Қанның кетуін саусақтармен тоқтату