Салтанат құрған құқығым
Сабақтың мақсаты
Бұл құқықтық сағаттың басты өзегі — өскелең ұрпаққа ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін сіңіру және Ата Заңды сыйлауға, қадірлеуге, білуге, оны сақтауға өз үлесін қосуға ынталандыру.
- Адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары туралы түсінік қалыптастыру.
- Адамгершілікке, ұлтжандылыққа және Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен күтілетін нәтиже
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Слайдтар
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар өз көзқарасын еркін білдіреді.
- Өз Отаны үшін жауапты екенін түсінеді.
- Ата Заң баптарын жас ерекшелігіне сай біледі.
Міндеттер мен өту жоспары
Міндеті — Отан туралы білімді кеңейту, Қазақстанның жаңа азаматын тәрбиелеу және оқушыларды өз ойын ашық айтуға үйрету.
-
1
Ойлан: «Адасқан әріптер»
Әріптерді дұрыс орналастырып, мағыналы сөз табу.
-
2
Таныс: «Салтанат құрған құқығым»
Құқық түрлерін тану және атау.
-
3
Айт: «Болады — болмайды»
Күнделікті жағдаяттарды талқылау, құқық бұзушылықты ажырату.
-
4
Көмектес
Жағдаяттар арқылы дұрыс шешім ұсыну.
-
5
Біл: «Өзіңді таны»
Қасиеттерді саралау, өзін-өзі бағалау.
Бастау сәті
Оқушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.
I. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық: «Адасқан әріптер»
Шарты: әріптерді дұрыс орнына қойсаң, мағыналы сөз шығады.
1
ң, а, з
2
т, л, а, п, а
3
н, м, і, е, д, т
4
қ, ы, ұ, қ, қ
5
т, р, т, ә, п, і
Талқылау сұрақтары
- Бұл сөздердің қоғамға және адам өміріне қатысы бар ма?
- Ереже мен заңға бағынған адам қандай болады?
Қорытынды: белгілі бір ережеге, заңға бағынған адам — тәртіпті адам.
II. Мағынаны тану
«Заңды білсең, балдырған, ақиқат шығар алдыңнан!»
Адам дүниеге келеді және өзі өмір сүретін қоғамның мүшесіне айналады. Әр елдің өз азаматтарына арналған негізгі заңы — Конституциясы бар. Біздің Ата Заңымыз ең алдымен адам құқығын жоғары қояды.
Сондай-ақ бүкіл әлем елдері мойындайтын ортақ құжаттар бар: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы және Балалардың құқықтары туралы конвенция.
- Құқық
- Заң арқылы реттелетін адамның мүмкіндігі мен еркіндігі.
- Конституция
- Мемлекеттің негізгі заңы, құрылымы мен қағидаларын айқындайды.
- Конвенция
- Елдер арасындағы келісім, ортақ міндеттемелер жиынтығы.
2. «Салтанат құрған құқығым»
Оқушылар бейнематериал мен суреттер арқылы өз құқықтарын атап шығады:
-
Білім алу
Мектепке баруға және оқуға құқығым бар.
-
Өмір сүру
Өмір сүруге құқығым бар.
-
Демалыс
Ойнауға және демалуға құқығым бар.
-
Пікір білдіру
Өз пікірімді айтуға құқығым бар.
-
Медициналық көмек
Ақысыз емделуге құқығым бар.
Маңызды ой
Ата Заң құқық берумен қатар, әр азаматқа міндет те жүктейді. Оқушылар өз міндеттері туралы пікір бөліседі.
3. «Болады — болмайды» (жағдаяттарды талдау)
Жағдаят 1
Сен бүгін қаламыңды үйде ұмытып кеттің. Досыңның сөмкесінен рұқсатсыз қаламын алып, жаза бастадың.
Сұрақ: Бұл әрекетте адамның құқығы бұзылды ма? Неліктен?
Жағдаят 2
Сен туыстарыңмен телефон арқылы сөйлескің келді. Трубканы көтергенде бөтен адамдардың әңгімесі қосылып кетті. Сен олардың сөзін тыңдап қалдың.
Сұрақ: Олай істеуге бола ма? Қандай қағида сақталуы керек?
III. Ой толғаныс
«Өзіңді таны» (қасиеттерді саралау)
Слайдта қасиеттер тізімі беріледі. Оқушылар қайсысы жақсы, қайсысы жаман екенін ажыратып, өз бойында бар қасиеттерді атап өтеді.
1. Жақсы оқиды
2. Адамды алдайды
3. Демалады
4. Мазақтайды
5. Ұрлайды
6. Өз пікірін айтады
7. Үлкенді сыйлайды
8. Рұқсатсыз біреудің үйіне кіреді
9. Мейірімді
10. Біреулерді зәбірлеп, қинайды
11. Мәдени істерге араласа алады
12. Еңбек етеді
13. Емделе алады
14. Ойлайды
15. Достасады
16. Табиғатты қорғайды
17. Басқаның хатын оқиды
Көріністер арқылы қорытынды жасау
1-көрініс: Мазақ ету
Екі оқушы аулада ойыншықпен ойнап отырған сәбимен сөйлесіп, оны «үлкендерді сыйлау» деген желеумен мазақ етеді.
Сұрақтар
- Қандай жағымсыз әдет байқадыңдар?
- Бұл әрекет заң бұзушылыққа жата ма?
- Сәбиді ата-анасы дұрыс тәрбиелеген бе?
Түйінді ой
Ата-анасы сәбиге дұрыс тәрбие берген, бірақ ҚР Конституциясының 17-бабы туралы түсіндіру маңызды: ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге болмайды. Сонымен қатар, 27-бап ата-ананың баланы тәрбиелеу — басты міндеті екенін айқындайды.
2-көрініс: Табиғатқа қауіп төндіру
Үш оқушы демалыс күні «қызық үшін» үлкен ағашқа от қойып, алау жасауды ұсынады. Екі оқушы оны тоқтатады.
Сұрақтар
- Қандай жағымсыз әдеттер байқалды?
- Жақсы қасиет көрінді ме?
- Бұл әрекет заң бұзушылыққа жата ма?
Түйінді ой
- 24-бап: әркімнің тынығуға құқығы бар.
- 38-бап: азаматтар табиғатты сақтауға міндетті.
3-көрініс: Ұрлыққа көз жұму
Бала көршісінің қорасынан жұмыртқа ұрлап әкеліп, анасына қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны қуырып береді.
Сұрақ
Баланың ұры болып өсуіне кім кінәлі: өзі ме, әлде анасы ма? Неліктен?
«Не байқадым, не білдім?» (қысқа сұрақтар)
- Адам дүниеге келгенде алғашқы құжаты қалай аталады?
- Туу туралы куәлік.
- Күнделікті алған бағаңды мұғалім қайда қояды?
- Күнделікке.
- Бір нәрсені хабарлау немесе жариялау үшін не жазылады?
- Хабарландыру.
- Мектепке 1-сыныпқа қай жастан келеді?
- 6 жастан.
- Бас әріптен басталып жазылатын сөздер:
- Кісінің аты-жөні, жер-су атаулары, газет-журнал атаулары.
Оқушы шығармашылығы (өлең жолдары)
Құлақ түрем елімнің тынысына,
Мақтанам, қуанамын табысына.
Елбасы мен халқымыз аман болса,
Айналар Орта Азия барысына.
Біз — намыскер қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз.
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым деп,
Ұлы Абай айтқан ұланымыз.
Қорытынды
Күн нұрындай сәуле шашқан өңірге,
Бақ-дәулетін аямаған жеріме.
Егемендік елдігіме жарасқан,
Ата Заңым, құт сыйладың еліме!
Бұл жолдардан Ата Заңымыздың мемлекетіміздің гүлденіп дамуына, халқымыздың бақытты өмір сүруіне ықпалы зор екенін көреміз. Әр құқықтың жанында міндет бар екенін ұмытпайық.
Мұғалім: Түрежанова Айдаркүл
Құқықтық мәдениет — күнделікті әдеттен басталады.