Асқар Тоқмағамбетов Түлік туралы сабақ
Сабақ жоспары
Кайдакова Жанат Бекболатовна
- Пәні
- Әдебиеттік оқу
- Тақырыбы
- Асқар Тоқмағамбетовтің «Түлік туралы сабақ» өлеңі
- Сабақ түрі
- Аралас сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Хабарлау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, баяндау, талдау
- Көрнекіліктер
- А. Тоқмағамбетовтің портреті, флипчарттар, кесте қағаздар
- Пәнаралық байланыс
- Қазақ тілі, дүниетану
Сабақтың мақсаты
Білімділік
«Түлік туралы сабақ» өлеңімен таныстыру, өлеңді мәнерлеп оқуға машықтандыру және төрт түлік малдың атауларын меңгерту.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын, қиялын, зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын және мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
Төрт түлікті күтіп-бағуға, қамқорлық жасауға, еңбекқорлыққа және үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
Психологиялық дайындық ретінде төмендегі шумақтар айтылып, сынып сабаққа жұмылдырылады.
Жұмылдыру өлеңі
Қатар-қатар тізіліп,
Оқушыға лайық,
Қолымызды жіберіп,
Түп-түзу боп тұрайық.
Сабаққа дайындық
Жақсы оқып сабақты —
Әдеп сақтау сәніміз.
Отыруға нақпа-нақ
Дайындалдық бәріміз.
1-қатар жай отыр, 2-қатар тез отыр, 3-қатар сен де отыр — сабақ басталар кез келді.
II. Үй жұмысын сұрау
Оқушылар 3 топқа бөлінеді (әр топта 3 оқушыдан). Бұрын берілген жеке тапсырмалар бойынша үй жұмысы тыңдалады.
- 1 Мамытбек Қалдыбаевтың «Үлек» әңгімесінің мазмұнын айту.
- 2 «Менің ботам» тақырыбына өлең құрастыру.
- 3 «Ақ бота» тақырыбына әңгіме құрастыру.
III. Үй жұмысын бекіту
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Үлектен адамдар неге қорқады?
- Шығармада үлектің қандай пайдасы айтылады?
- Түйе малының төлі қалай аталады?
- Түйенің пайдасы қандай?
IV. Автор туралы мәлімет
Асқар Тоқмағамбетов (1905–1983)
Асқар Тоқмағамбетов — ақын, жазушы. Қазіргі Қызылорда облысы Тереңөзек ауданында дүниеге келген. Ташкент политехникалық техникумын және Мәскеу Баспа институтын тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатысқан.
«Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы»), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Ара» журналында әртүрлі қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент және Қызылорда облыстары бойынша жауапты хатшысы болған.
Алғашқы өлеңдер жинағы «Еңбек жыры» 1928 жылы жарық көрді. Ақын шығармашылығының алғашқы кезеңінде Отан қорғау мен интернационализм тақырыбына қалам тербеді. Соғыс жылдарында жауынгер ерлігін, халықтар достығын жырлады, ал соғыстан кейінгі кезеңде бейбіт өмір тынысын өз туындыларына арқау етті.
Асқар Тоқмағамбетов қазақ поэзиясында поэма жанрын дамытуға елеулі үлес қосты. Поэмалары тақырыбы мен түрі жағынан бірнеше бағытты қамтиды: ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи тұлғалар; отансүйгіштік пен ерлік; халықтар достығы.
Ақын проза жанрында да жемісті еңбек етті: Ыбырай Жақаев өмірін бейнелейтін «Қыран тұғырдан ұшады» (О. Бодықовпен бірге), «Сыр диқаны», «Асыл азамат», «Әке мен бала», «Қарбаласта», «Ақмоншақ» секілді повестерді жазған. Сондай-ақ «Жыр күмбезі» тарихи романының авторы.
Драматургияда «Екі заң», «Семафор ашық», «Әзірет Сұлтан» пьесаларын, «Маржан», «Бәріміз де сондай болсақ» киносценарийлерін жазған. С. Айнидің «Құлдар» романын қазақ тіліне аударған. Бірнеше орден-медальдармен марапатталған.
V. Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім өлеңді түсіндіре отырып мәнерлеп оқып береді. Оқушылар төрт түлік және төл атауларын қайталайды.
Қой
Төлі: қозы
Жылқы
Төлі: құлын
Ешкі
Төлі: лақ
Сиыр
Төлі: бұзау
VI. Флипчартпен жұмыс
Төрт түлікке қатысты атаулар жүйеленіп, кесте арқылы талданады.
Жылқы атаулары
- Құлынтөл
- Жабағы6 ай–1 жас
- Тай1 жастан асқан
- Құнан2 жастан асқан
- Дөнен3 жастан асқан
- Бесті5 жаста
- Алты жасар6 жаста
Түйе атаулары
Нар (жалғыз өркешті)
- Нарбота — жаңа туған төл
- Нартайлақ — 1 жастан асқан
Айыр (қос өркешті)
- Бота — жаңа туған төл
- Тайлақ — 1 жастан асқан
Қой атаулары
Қой, қозы, марқа, кепе, тоқты, саулық, бойдақ қой (ұрғашы), құнан қой, дөнен қой, ісек (еркегі), қошқар.
Ешкі және сиыр атаулары
Ешкі
Ешкі, лақ, марқа лақ, теке, серке (меркеш), шыбыш, туша (ұрғашысы).
Сиыр
Сиыр, бұзау, баспақ, қашар, бұқа (еркегі), тана, бұқашық.
VII. Оқулықпен жұмыс
- Оқушылардың өлеңді іштей оқуы.
- Дауыстап, рөлге бөліп оқу.
VIII. Сөздікпен жұмыс
| Сөз | Мағынасы |
|---|---|
| Сөзуар | сөзшең |
| Жобалауы | ойынша, шамалауы |
| Даурықты | таласты, шешімін таба алмады |
IX. Сабақты бекіту
Оқушыларға жеке кеспе қағаздар таратылады. Тапсырма: «Малдар — төлдері — атаулары» сәйкестендіру кестесін толтыру.
| Малдар | Төлдері | Атаулары |
|---|---|---|
| Қой | Қозы | — |
| Сиыр | — | — |
| Жылқы | — | — |
| Түйе | — | — |
X. Сабақты бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен жауаптарына қарай бағалау жүргізіледі. Бағалау сәтінде төмендегі жолдар үлгі ретінде қолданылуы мүмкін.
«5» бағасына
Жүйрік екен аттары,
Аяңдамай желеді.
«5» қоямын мен оған —
Бірінші орынға келеді.
«4» бағасына
Білмей қалған жерлерін
Мықтап ойға тоқиды.
Бүгін «4»-ке оқыса,
Ертең «5»-ке оқиды.
Ескерту
Айтқанына көңіліміз толмады:
Сабаққа дайындалмай келіпті.
Бұл дұрыс болмайды.
XI. Үй тапсырмасы
Өлеңді жаттау.