Қара және салыстыр ойыны
Технологиялық карта
Негізгі ақпарат
- Білім беру саласы
- Таным
- Оқу қызметінің түрі
- Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
- Тақырыбы
- Биік — аласа. Бір — көп.
Тәрбиеші және топ
- Топ
- Ботақан ІІ — кіші аралас топ
- Тәрбиеші
- Жуманова А. Б.
Мақсаттары
БМ (білімдік мақсат)
Суретте және өзіне тікелей жақын кеңістікте орналасу бағытын ажырату және оны атап көрсету.
ДМ (дамытушылық мақсат)
Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.
ТМ (тәрбиелік мақсат)
Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер және дайындық
Әдіс-тәсілдері
- Сұрақ-жауап
- Көрсету
- Түсіндіру
- Жасату
Алдын ала жұмыс және көрнекіліктер
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
Үшбұрыш және төртбұрыш сияқты геометриялық пішіндерді алдын ала дайындап қою.
Көрнекілігі
- Үй макеті (биік және аласа)
- Көк және қызыл түсті қарындаштар
Билингвальді компонент
Биік
- Орысша
- высокий
- Ағылшынша
- high
Аласа
- Орысша
- низкий
- Ағылшынша
- low
Үшбұрыш
- Орысша
- треугольник
- Ағылшынша
- triangle
Сабақ барысы
Қызығушылығын ояту кезеңі
- Жылулық шеңбері: балалар бір-біріне жылы лебіз айтып, сабаққа көңіл күйін қалыптастырады.
- Ғажайып сәт: қызықты тапсырма арқылы назарын шоғырландыру.
- «Қара және салыстыр» ойыны: заттарды салыстыруға бағытталған қысқа ойын.
Негізгі бөлім (ұйымдастырылған оқу қызметі)
Екі баланы фланелеграфқа шақырып, ондағы екі үйдің ішінен өз қалауларымен таңдап алуын сұраймын.
Сұрақ-жауап
— Үйлер бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
— Әртүрлі.
— Дұрыс! Бір үй биік, ал екінші үй аласа.
Балаларға арқаларын түйістіріп тұрғызамын да, қайсысы биік, қайсысы аласа екенін бірге анықтаймыз. Бір баланың екіншісінен биіктеу екені байқалады.
Осы тапсырмалар арқылы балаларға заттардың биік және аласа болып бөлінетінін түсіндіремін, сондай-ақ қоршаған ортадан бір және көп затты табуға жаттықтырамын.
Негізгі ұғымдар
Салыстыру
Биік — аласа
Санау ұғымы
Бір — көп
Көрнекілік
Үй макеті
Ойын
«Қара және салыстыр»