Туған қалам, Екібастұз Богатырь көмір кені

Сабақтың мақсаты

Балаларды туған жерін сүюге тәрбиелеу, қоршаған ортаға және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың эмоциялық көңіл күйін көтеру.

Адамгершілікке, әдепті болуға баулу, үлкендердің еңбегін бағалай білуге үйрету. Эстетикалық тәрбие арқылы сұлулықты сезіне білуге дағдыландыру, әдеби сөздік қорын молайтып, дүниетанымын кеңейту.

Құрал-жабдықтар

  • Екібастұз туралы суреттер
  • Кітаптар
  • Кенші киімі
  • Көмір кесегі

Сөздік жұмыс

Туған қалам Екібастұз «Богатырь» көмір кені

Сабақтың барысы

Жылы амандасу

Армысың, шапағатты Күн-ана!

Армысың, шапағатты Аспан-ана!

Құт дарытқан елімізге, жерімізге — армысың, мейірімді Жер-ана!

Осы шапағатты Күн-анадан, мейірімді Жер-анадан бойымызға дарыған мейірімді, жүрегіміздің жылуын бір-бірімізге және қонақтарға сыйлаймыз. Біз доспыз, татумыз. Сіздерге жүрегіміздің жылуын сыйлаймыз.

Ал, балалар, орнымызға отырайық.

Тақырып

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Менің қалам».

Қонақ кейіпкер: Дымбілмес

Мұғалім: Сәлеметсің бе, Дымбілмес! Қандай шаруамен келдің?

Дымбілмес: Сәлеметсіз бе! Мен ауылдан келдім. Қалаларыңыз ұнады. Өте әдемі екен.

Мұғалім: Ал сен білесің бе, неге біздің қаламыз Екібастұз деп аталған?

Дымбілмес: Жоқ, білмейді екенмін.

Мұғалім: Ендеше отырып тыңда. Мен балаларға және қонақтарға бір аңыз айтып берейін.

Екібастұз атауы туралы аңыз

Ерте, ерте, ертеде бір ауылда қойшы болыпты. Ол өте кедей екен, сондықтан бір байдың қойын бағыпты. Күздің суық күндерінің бірінде қойшы қатты тоңып, от жақпақ болады. Құрғақ ағаш бұтақтарын жинап, бір жерге үйеді де от тұтатады. Жылынып алған соң ұйықтап кетеді.

Таңертең оянса — қызық: оты сөніп қалыпты. Бірақ жан-жағындағы тастар қызарып, жанып жатқандай көрінеді. «Тас жана ма?» — деп қойшы таңырқайды.

Ойланайық, жауап берейік

  • Тас қандай болады? Егер соғып сындырсақ, ол сына ма?
  • Көмірдің түсі қандай?
  • Қайсысы отқа жанады? Қайсысы адамға пайдалы?
  • Қойшының «жанған тасы» не болып шықты?

Қойшы бұл тастардың жай тас емес екенін түсінеді. Сол жерді ұмытпау үшін белгі қалдырмақ болады: аттың бас сүйегін алып, тұз байлап қояды. Содан бері бұл өңір Екібастұз аталыпты.

Тақпақ

Ел жиналып үлкен той жасапты,
Екі бөлек бас сүйекке тұз байлапты.
Кен мекенін Екібастұз деп атапты.

Екібастұз — көмірлі өлке

«Богатырь» көмір кені

Екібастұзда көмір өндірісі қарқынды дамыған. Еліміздегі ең ірі көмір кендерінің бірі — «Богатырь». Бұл — қаламыздың мақтанышы.

Сұрақ

Үйіліп жатқан қара түйірлер — не?

Сұрақ

Оны қазатын алып техника қалай аталады?

Еңбек иелері

Көмір қазып, өндіретін адамдарды кеншілер деп атайды. Көмір вагондарға тиеліп, қажет жерлерге жеткізіледі. Мұның бәрі — маңдай тер, еңбек.

Тапсырма

Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Сергіту сәті

Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін керек.

Екі қолың не үшін керек?
Бір-біріне көмектесу үшін керек.

Құлағың не үшін керек?
Жақсыларды есту үшін керек.

Аяғың не үшін керек?
Алыс кетсең, туған елге жету үшін керек.

Өнер мен сүйіспеншілік

Біздің қаламыз көмірімен елімізге жылу сыйлайды. Сол үшін де адамдар қаламызды жақсы көріп, әндерін, жырларын Екібастұзға арнайды.

Тыңдалым

«Екібастұз вальсін» тыңдайық.

Балалардың өлеңі

Екібастұз — ата жерім, дарханым,
Қоймасы да құтты менің арқаның.
Сені сүйіп жетеміз бір арманға,
Ел үмітін, ел сенімін артамыз.

Туған қалам, сенен қуат аламыз,
Қияға қанат қағамыз.
Елге шырақ жағамыз,
Өзінен бақыт табамыз.

Қорытынды

Талқылау сұрақтары

  • Бүгін туған қаламыз туралы нені білдік?
  • Қаламыз неге Екібастұз деп аталған?
  • Еңбек пен туған жерге сүйіспеншіліктің маңызы қандай?

Бірге айтайық

Туған елім, сені сүйіп жетеміз.
Біз биікке қияға қанат қағамыз.
Елге шырақ болып жанамыз.