Қожаның суретін көрсету

Сабақ туралы мәлімет

Сынып

5-сынып

Сабақтың тақырыбы

Қожаның қиялы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

Қиял әлемі

Алдыңғы білім

Оқушылар автор туралы жалпы түсінікке ие, кинофильмнен үзінділер көрген.

Пәнаралық байланыс

  • Тарих
  • Қазақ тілі
  • Музыка

Оқу мақсаттары

5.Ж1

Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.

5.Ж3

Сюжетті суреттер (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру.

Құндылықтарға баулу

  • Қожа бейнесі арқылы оқушыларды адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі-өнеге алуға баулу.
  • Жағымсыз қасиеттерден аулақ болып, ізгі адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағыттау.

Сабақ барысы

Сабақтың басы

Психологиялық ахуал: «Шаттық шеңбері» тренингі арқылы оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Топқа бөлу: 1, 2, 3, 4 сандары арқылы төрт топқа бөлінеді.

Ой қозғау (болжау әдісі)

  1. Қожаның суретін көрсету: «Кімді көріп отырсыңдар?»
  2. Кинофильмнен үзінді көрсету:
    • «Бұл фильм сендерге таныс па? Кім туралы?»
    • «“Менің атым — Қожа” повесінен үзінді оқығандарың бар ма?»
  3. Автор туралы қысқаша таныстырылым көрсету.
  4. Үзіндінің аудиожазбасын тыңдату.

Сабақтың ортасы

II. Жаңа материалды меңгерту

1-тапсырма: Мәтінді оқу

Топтық талқылау сұрақтары:

1-топ

Берілген үзіндіден Қожаның қандай өзіндік әлемі байқалады?

2-топ

Қожа неліктен атақты, танымал тұлғаға айналғысы келді?

3-топ

Ол батыр болуды армандағанда тек қана атын шығаруды мақсат етті ме?

4-топ

Сендердің ойларыңша, оқиға қалай жалғасуы мүмкін?

ҚБ1: мадақтау арқылы бағалау.

2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс

1-деңгей

Мәтіннен жалқы есімдер мен жалпы есімдерге мысалдар теріп жазыңдар.

2-деңгей

Мәтіндегі деректі зат есімдерді тауып, оларға көптік жалғауын жалғаңдар.

3-деңгей

Өз армандарыңмен бөлісіп, Қожаға хат жазыңдар.

Сөздік жұмысы

«Прожектор» әдісі арқылы оқушылар сөздерді мәтіннен тауып, мағынасын түсіндіреді.

Армиядан келу Орден Нөпір

ҚБ2: «Бас бармақ» әдісі.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі.

3-тапсырма: Диалог құру

Тақырып: «Қожа не үшін қиялдады?»
Талап: 4–5 сөйлемнен тұратын диалог құрып, жазбаша үлгісін дәптерге жазыңдар.

4-тапсырма: Суретпен топтық жұмыс

  1. Қожаның тәртіпсіз болуына не себеп болды?
  2. Қожа мен Жантасты салыстырып, мінездеме беріңдер.
  3. Қожа қандай қателіктер жіберді?
  4. Бұл кейіпкер жақсы дос бола ала ма? Дәлелдеңдер.

Мектеп және мұғалім туралы

Қала
Қарағанды
Білім беру ұйымы
ЖББ № 74 ОМ
Мұғалім
Ходжаев Сабит Антаевич