Оқушылардың дағды - машықтарын, таным белсенділіктерін арттыру
Мұғалім туралы мәлімет
Өңірі
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы
Мектебі
«ЖББ Қарауыл гимназиясы» КММ
Пәні және мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Исайн Мейрамгүл Сайлауханқызы
Сабақ тақырыптары
- Тұрақты тіркестер
- Жұбан Молдағалиев: ар-ұят туралы
Сілтеме
Күнтізбелік жоспар, 5-сынып «Қазақ тілі», Атамұра, 2010 ж.
Негізгі сабақ: «Тұрақты тіркестер»
Жалпы мақсаттар
- Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және оларды сөйлеу барысында орынды қолдануға үйрету.
- Тұрақты сөз тіркестерін сөйлеу және жазу дағдысына енгізу арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой-өрісін, сана-сезімін дамыту.
- Оқушылардың дағды-машықтарын қалыптастырып, танымдық белсенділігін арттыру.
Түйінді идеялар
Тұрақты сөз тіркестері — мағынасы тұтасып, сөйлемде бір бүтін тұлға ретінде қолданылатын тілдік бірлік.
Негізгі белгілері
- 1 Тіркес құрамында кемінде екі сөз болады.
- 2 Сөздердің орны ауыстырылмайды.
- 3 Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен алмастыруға келмейді.
- 4 Құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей, бәрі бірігіп тұтас бір мағынаны білдіреді.
- 5 Сөйлем құрамында бір бүтін тұлға ретінде жұмсалады.
Материалдың толық нұсқасы
Толық нұсқасын жүктеу үшін төмендегі батырманы пайдаланыңыз.