Ауылыңа айбарлы бол, Күйеуіңе жайдарлы бол
Еліңе елеулі бол,
Халқыңа қалаулы бол.
Ата - енеңе жағымды бол,
Қайынаға, қайындарға қайырымды бол.
Ауылыңа айбарлы бол,
Күйеуіңе жайдарлы бол.
***
Қонақтан кетпей төрлерің,
Ісіңнің таппай ел кемін.
Тамсана мақтап көп адам
Баса алмай жүрсін шөлдерін.
Қалаулы бол халыққа,
Еңбектен еш жалықпа.
Қосылған сүйіп, жарыңмен
Аққудай мәңгі қалықта.
***
Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. Жібекті түте алмаған жүн етеді , — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!
***
Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек — екі пышағы бар емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын!
***
Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!
***
Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,
Пенденің жетсем деген талабы көп.
Қадамың құтты болсын, құда - жекжат,
Отырмын мен де,
Сен де балалы боп.
Үмітпен ұл да өсірдік,
Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.
Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге,
Көңіл көтер!
Құдалар бір - бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.
Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.
***
Бала - ортақ,
Жатсын, құда құрметтеп,
Құдалық - сын,
Ол да өзінше бір мектеп.
Қарсы аламын төбеге тік көтеріп,
Құда - жекжат жатса егерде іздеп кеп.
Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,
Күйеу демен,
өз ұлым деп жүрмекпін.
Қызыңдай көр,
Құдаға айтар қолма қол,
Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.
Құлаққағыс,
Айттым - құда назын жай,
Күй кернесін Құрманғазы сазындай.
Екі бала ортақ бізге, сондықтан,
Мың жылдыққа
Жүрсін құшақ жазылмай!
Материал neke. kz , kuttybolsyn. kz сайттарынан алынды.
Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)
Қыз ұзату тойына арналған тілектер
Түрлі той-думанға арналған әдемі тілектер білсеңіз бізге жіберіңіз. Мына эл. поштаға жолдауға болады: @yandex немесе әлеуметтік желіде жариялауға болады
Некеге тұру шарттары
Жеңге және жезде мектебі
Алаш хан туралы
Төле би және оның заманы
БІЗ – ҚАЗАҚ, ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН
ҚАЗЫБЕКТІҢ ЖЕТІ ЖАРҒЫСЫ
Жанұя
Педагогикалық этика пәні
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Ері мен әйелі арасындағы мүліктік сыйлық
БОЛАТҰЛЫ КЕРЕЙ ХАН
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Жүк көтергіштігі 6-тонна жүктік автомобиль жасап, арнайы бөлімде ілініс муфтасының құрылысын жобалау
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы