Далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні және сыныбы

Дүниетану, 4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Дала өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың түрі

Жаңа білім беру, топпен жұмыс

Сабақтың әдістері

  • Топтық және жұптық жұмыс
  • Көрнекілік әдісі
  • Сұрақ-жауап
  • Ой толғау

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу

Көрнекіліктер

  • Үлестірме қағаздар
  • Тақырыптық суреттер
  • Тест тапсырмалары
  • Мәтіндер
  • Тірек-сызба

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Далалық белдеу, оның ерекшеліктері, сондай-ақ дала өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Пәнге қызығушылықты арттыру; ой-өрісті, есте сақтауды және өз ойын еркін жеткізу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаға, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қамқорлықпен қарауға, ұжымшылдыққа, топпен және жұппен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге —
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, кәнеки, бәріміз,
Үлкенге сәлем берейік!

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ

Өз елімізде өсетін өсімдіктер туралы қандай мәліметтер жинап келдіңдер?

Оқушылар әрекеті

Оқушылар жинап келген мәліметтерін айтады.

Бүгінгі сабақта осы аталған өсімдіктер, жануарлар және құстар туралы әңгімелейміз.

Жаңа сабақ

Кіріспе және тақырыпты ашу

1) Фильмді тамашалау

Балалар, дала өсімдіктері мен жануарлары туралы дайындалған фильмді тамашалайық.

Сұрақ-жауап

Фильмде көрген өсімдіктер мен жануарлар қайда өмір сүреді?

Жауабы: Далада.

Фильмді көре отырып, бүгінгі тақырыпқа болжам жасап көріңдер.

Қорытынды: бүгінгі тақырыбымыз — «Дала өсімдіктері мен жануарлары».

Ой қозғау

Осы өсімдіктер мен жануарлар туралы қандай өлең шумақтарын білесіңдер?

Оқушылар өз білетін өлең жолдарын айтады.

Мына слайдта не бейнеленген?

Жауабы: Дала. Дала өсімдіктері мен жануарлары.