Машинаның құрылысын сұрау

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Жіптің тартылуын реттеуге байланысты тігін машинасының ақаулары және оларды жөндеу

Сабақтың түрі және әдісі

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: түсіндірмелі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: машина жібінің тартылуына байланысты пайда болатын ақаулардың алдын алу туралы түсінік қалыптастыру.
  • Дамытушылық: тігін машинасында жұмыс істеу арқылы оқушылардың ой-өрісін, іскерлігін дамыту.
  • Тәрбиелік: өзін-өзі қызмет көрсетуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер және пәнаралық байланыс

Көрнекілігі

тігін машинасы, машина инелері, қол инелері, суреттер, тест тапсырмалары, сәйкестендіру тесті

Пәнаралық байланыс

әдебиет, тарих

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Сабаққа даярлығын қадағалау.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Ине суреті бойынша иненің құрылысын сұрау.
  2. Тігін машинасының құрылысын сұрау.

III. Қайталау және қорытындылау (тест)

1. Иненің негізгі қызметі?

  • а) сызу
  • ә) кесу
  • б) тігіс тігу
  • в) жазу

2. Ине қандай металдан жасалады?

  • а) жылтыр болат
  • ә) мыс
  • б) алюминий
  • в) қара темір

3. Иненің жуан бөлігі қалай аталады?

  • а) көзі
  • ә) ұшы
  • б) стержень
  • в) колба

4. Колбадан төмен орналасқан бөлік?

  • а) стержень
  • ә) ұшы
  • б) колба
  • в) көзі

5. Ине конструкциясын қай елде және қай жылдары ойлап тапты?

  • а) Франция — XIX ғасыр, 1910 ж.
  • ә) Италия — XIX ғасыр, 1940 ж.
  • б) Америка — XIX ғасырдың 1930 ж.
  • в) Ресей — XIX ғасыр, 1920 ж.

6. Машина инесі мен қол инесінің айырмашылығы?

  • а) түрінде
  • ә) көзінде
  • б) нөмірінде
  • в) құрылысында

IV. Жаңа сабаққа көшу: техникалық қауіпсіздік ережелері

  • Тігін машинасымен жұмыс істегенде денені тік ұстап, басты сәл алға еңкейтіп отырыңдар.
  • Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек.
  • Орындық пен тігін машинасының арақашықтығы 10–15 см болуы қажет.
  • Тігін машинасының айналмалы бөлшектеріне тым жақындамаңдар.

Жаңа сабақ

Кіріспе: жұмысқа дайындық

Кез келген тігін машинасымен жұмыс бастар алдында төмендегі дайындық қадамдарын орындау қажет:

  • Үстіңгі және астыңғы жіптерді өткізеді, астыңғы жіпті үстіне шығарады.
  • Матаны табанның астына салып, ине матаға тесілгеннен кейін табанды түсіреді; жіптерді жинақтап, табанның астына жібереді.
  • Инешаншым ұзындығын және үстіңгі-астыңғы жіптердің керілуін тексереді (тігіс сапасы осыған байланысты).

Негізгі ұғым: жіп тартылысы қалай жұмыс істейді?

Тігіс үстіңгі ине жібі мен астыңғы шөрмек жібінің айқасуы арқылы түзіледі. Тігістің біркелкі әрі әдемі шығуы үшін екі жіптің тартылуы дұрыс реттелуі керек.

Жіптің өту жолы

  • Үстіңгі жіп: жіпті тартып тұратын шайбалардың (екі дөңгелектің) арасынан өткізіледі.
  • Астыңғы жіп: шөрмек қақпағындағы жіпті тартып тұратын серіппе арқылы өткізіледі.

Реттеуіштің көмегімен жіпті босатып немесе қатты тартып, қажетті деңгейге келтіруге болады.

Жіп тартылуын реттеу бөлшектері (атаулары)

1

Винтті тығырық

2

Теңгерілмелі серіппе

3

Жіп тартқыш шайба

4

Тарту шайбалары

5

Қалпақ

6

Тарту серіппесі

7

Бұрандалық

Практикалық бақылау: астыңғы жіпті қалай тексереміз?

Астыңғы жіптің тартылуын шөрмек қақпағынан бос шығып тұрған жіпті жеңіл тартып көру арқылы анықтауға болады: жіп тым жеңіл шықса — бос, ал өте қиын шықса — тым тығыз тартылған.

Маңызды ереже

Үстіңгі және астыңғы жіптер дұрыс реттелмесе, тігіс сапасы төмендейді. Алдымен үстіңгі жіптің тартылуын, содан кейін астыңғы жіпті реттеу ұсынылады.

Дәптермен жұмыс: тігіс ақаулары

1) Бос тігіс

Жіп тартылысы жеткіліксіз, тігіс босаң көрінеді.

2) Тығыз тігіс

Тарту шамадан тыс, мата тартылып, тігіс қатайып кетеді.

3) Жіптің астыңғы жаққа ілмектенуі

Үстіңгі жіп бос болғанда жиі байқалады.

4) Жіптің үстіңгі жаққа ілмектенуі

Астыңғы жіптің тартылысы дұрыс болмағанда пайда болуы мүмкін.

Сабақты бекіту

Чайнворд әдісі: адасқан сөздер

Берілген әріптерден сабаққа қатысты сөздерді құрастыру.

а б ү с ң г с о с т і і т ы ң ғ ы а е н и у а қ

Анаграмма: сөздерді дұрыс құрастыр

Төмендегі анаграммалардан сабақта қолданылған сөздерді табыңдар.

  1. герекекереге
  2. ниеине
  3. маққарқармақ
  4. шанимамашина
  5. уақаақау
  6. гіңістүүстіңгі
  7. зантайқатайқазан
  8. соббос
  9. қажаузынжауқазын
  10. ғыстаңыастыңғы
  11. ңырақшашаңырақ
  12. ғызыттығыз

Сабақты қорытындылау

Сәйкестендіру тесті: ақау және жою әдісі

Ақау Жою әдісі
Үстіңгі тігістің ілмектенуі Үстіңгі жіпті, содан кейін астыңғы жіпті қаттырақ тарту.
Астыңғы тігістің ілмектенуі Үстіңгі жіптің тартылуын босату.
Тығыз тігіс Үстіңгі жіпті қаттырақ тарту және астыңғы жіпті босату.
Бос тігіс Үстіңгі жіпті, содан кейін астыңғы жіпті босату.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

Тігін машинасындағы жіптердің сабақталуын реттеу және тігіп үйрену.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, қауіпсіздік ережесін сақтауы, тапсырмаларды орындау сапасы және практикалық жұмыстағы дәлдігі бойынша бағаланады.