Сабақтың барысы. Отан туралы
Дүниетану • 2-сынып
Дамытушылық сабақ: «Біздің Отанымыз»
Сабақ түрі: дамытушылық сабақ
Сабақтың тақырыбы
Біздің Отанымыз
Сабақтың мақсаты
- Танымдық: «Отан – Қазақстан» ұғымын кеңейту; Отанды адам өмір сүретін, тұрақтайтын жер ретінде түсіндіру.
- Дамытушылық: ой-өрісін, сана-сезімін дамыту; туған ел мен Отан туралы сөйлеу дағдысын қалыптастыру; сөздік қорын молайту; есте сақтау қабілетін жетілдіру.
- Тәрбиелік: елге сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін оятып, патриоттық тәрбие беру.
Көрнекіліктер мен құралдар
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, назарын сабаққа шоғырландыру.
2) Психологиялық дайындық
Мұғалім: «Балалар, бүгінгі сабақ ерекше өтеді, себебі бізде қонақтар бар. Орынымыздан тұрып, күлімдеп алғыс айтайық және бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік».
Сюжеттік кіріспе: «Алтын балықтың тілегі»
МотивацияСыныпқа «алтын балық» кейіпкері келеді. Ол: «Мен баяғыда шалдың көптеген тілектерін орындадым, бірақ кемпір қанағат етпей, мені ренжітті. Енді сендер менің тілектерімді орындаңдар. Сонда мен де сендердің тілектеріңді орындаймын», — дейді.
Мұғалім: «Келісеміз бе, балалар? Онда алғашқы үш тілегі — үй тапсырмасына байланысты».
Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырма: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясынан үзінділер» тақырыбы бойынша жұмыс.
1) Деңгейлік тапсырмалар
Конверттерге 3, 4, 5 деңгейге арналған сұрақтар салынады. Оқушылар өз таңдауы бойынша алып, жауап береді.
3-деңгей сұрақтары
- Конституция дегеніміз не?
- Конституция күні қай күн?
- Заңдарды кімдер шығарады?
4-деңгей сұрақтары
- Конституцияның 26-бабында не жазылған?
- Заңда жазылғандардың бәрін адамдар сақтамаса, не болар еді?
- Қатал қатынас жасау дегеніміз не?
5-деңгей сұрақтары
- Мектептегі тәртіп ережесін сақтау үшін қысқа ережелер құрастыр.
- Конституцияның 19-бабында не айтылған?
- Адамдар бір-біріне қатал қатынас жасамауы үшін не істеу керек?
- Өзің оқыған ертегі, әңгіме немесе көрген фильмнен адам құқығы бұзылған жағдайға мысал келтір.
2) «Қай бапқа сәйкес?» тапсырмасы
Оқушылар үйден салып келген суреттері бойынша қай бапқа сәйкес келетінін анықтап, бір-бірінің жұмысын шешеді.
3) Көрініс арқылы тексеру
Екі топ өздері дайындап келген көріністері арқылы тақырыпты бекітеді, бір-бірінің ой-тұжырымын анықтайды.
Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Жақсы, балалар! Алтын балық үй тапсырмасы бойынша риза».
Жаңа сабақ
1) Ой қозғау
Мұғалім өлең жолдарын мәнерлеп оқиды, оқушылар мұқият тыңдайды:
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Осыдан кейін сабақ тақырыбы жарияланады: «Біздің Отанымыз».
2) Қызығушылықты ояту
Оқушылар Отан туралы бұрыннан білетіндерін айтады, мұғалім негізгі ойларды тақтаға жүйелеп жазады.
3) Сергіту сәті
«Өз елім» әнінің әуенімен қысқа қимыл-қозғалыс және би.
4) Мәтінмен жұмыс (Jigsaw 1 әдісі)
Топтық жұмыс • 4 бөлімӘр топ мәтінді бөлімдерге бөліп оқиды (4 бөлім). Содан кейін өз бөлімін ретімен баяндап, басқа топ мүшелеріне түсіндіреді.
Сөздікпен жұмыс
«Отан» сөзін қандай сөздермен алмастыруға болады?
Осы сөздер дәптерге жаздырылады.
5) Топпен жұмыс
1-топ
Отанымыздың байлығы туралы әңгімелеу.
2-топ
«Ауылым» тақырыбы бойынша ой бөлісу.
6) INSERT әдісі
Оқушылар кестені толтырады:
| Бұрынғы білетінім | Жаңа білім |
|---|---|
| Оқушы жазады | Оқушы жазады |
7) Венн диаграммасы
Салыстыру: Қазақстан және Ауылым.
Қазақстан
Ортақ және ерекшелік белгілерін жазады.
Ортақ
Екеуіне де тән ұқсастықтарды жазады.
Ауылым
Өз ауылына тән ерекшеліктерді жазады.
Ойын: «Әріп теру»
«Отан» сөзіндегі әр әріпке сай, Отанын қорғайтын азамат қандай болуы керектігін білдіретін сөздер айтылады:
О
оқымысты, Отансүйгіш
Т
тәртіпті, талапты
А
ақылды, адал
Н
намысшыл, нағыз ер
Мұғалімнің тәрбиелік түйіні
«Балалар, сендер — тәуелсіз Қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар. Сондықтан өз жеріңді, өз еліңді әкелерің мен аталарың сияқты қадірлеуді, сүюді және қорғауды ұмытпаңдар».
Үй тапсырмасы
- «Біздің Отанымыз» мәтінін оқу.
- Отан туралы мақал-мәтелдер жинау.
- Отан туралы қысқа өлең құрастыру.
Қорытынды және бағалау
Талқылау сұрақтары:
- Сабақ ұнады ма?
- Бүгін сабақта не істедік?
- Қай оқушының жауабы ерекше ұнады?
Мұғалім: «Маған да сендер ұнадыңдар. Сабаққа белсенді қатыстыңдар. Рахмет! Алтын балық та сендерге риза — сыйлығыңды алады».
Оқушылардың жұмысы бағаланып, кері байланыс беріледі.