Оқушылардың белсенділіктерін қалыптастыра отырып, топпен жұмыс жасау белсенділіктерін дамыту
Қысқа мерзімді жоспарлау (Дүниетану, 3-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Бұлшық ет
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Суреттер
- Флипчарт
- Маркерлер
Негізгі тәсіл
Топтық жұмыс, ойын элементтері, тәжірибе жасау.
Сабақ мақсаттары
Білімділік
Алдыңғы сабақта алған білімдерін бекіте отырып, бұлшық еттің атқаратын қызметін түсіндіру.
Дамытушылық
Оқушылардың белсенділігін арттыру, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Топтық жұмыс барысында өзін дұрыс ұстауға, еркін сөйлеуге және өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Негізгі сұрақтар
Сабақ оқушыға төмендегі бағыттар бойынша мағлұмат береді:
- Бұлшық ет не үшін қажет?
- Дененің қай бөлігінде бұлшық ет бар?
- Бұлшық ет қалай жұмыс істейді?
- Бұлшық етті қалай шынықтырады?
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, жоқ оқушыларды түгендеу.
- Сынып тазалығына көңіл бөлу, назарды сабаққа аудару.
- Оқушыларды үш топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Кубизм» әдісі және «Шыңға шығу» ойыны арқылы қайталау сұрақтары:
- 1. Адам денесінің тірегі не?
- 2. Аяқ жіліктерін ата.
- 3. Қаңқадағы жалпақ сүйектерді ата.
- 4. Қысқа сүйектерге нелер жатады?
- 5. Бас сүйек қаңқасы қандай екі бөліктен тұрады?
- 6. Кеуде қуысында неше омыртқа бар?
- 7. Бұғана мен жауырын қандай белдеу құрайды?
- 8. Бала неше жасқа келгенде сүйектері қатаюды бастайды?
- 9. Адамда неше қабырға бар?
III. Қызығушылықты ояту
Мұғалім ертегі арқылы кіріспе жасайды:
«Ерте-ерте ертеде бір патшаның қызы — Алтын бұрымды сұлу өмір сүріпті. Оның жүрісі аққудың жүзгеніндей әдемі еді, бойы — оқтай түзу, денесі — сымбатты еді».
(Орыс халқының Алтын бұрымды Василиса туралы ертегісінен)
- «Оқтай түзу» және «денесі сымбатты» деген сөздерді қалай түсінеміз?
- Адам өзінің жүріс-тұрысын өзі қалыптастыра ала ма?
IV. Ақпараттық блок
Оқушыларға жаднама таратылады. Жаднаманы ата-анасына көрсету тапсырмасы беріледі.
Жаңа сабақ: бұлшық ет қалай жұмыс істейді?
Негізгі сұрақ
Адам денесіндегі сүйектер өздігінен қозғала ала ма? Неліктен?
Осы сұрақ арқылы бұлшық еттің қозғалыстағы рөлі ашылады: сүйектерді қимылдататын — бұлшық еттің жиырылуы мен босаңсуы.
Тәжірибе жасау
- Балалар қолы мен аяғын ұстап, бұлшық етті сезініп көреді. Сол қолымен оң қолының шынтақтан жоғары бөлігіндегі бұлшық етін ұстайды.
- Қолды бүккен кезде бұлшық еттің қатая түсетінін байқайды.
-
Оқушылар жұптасып, бір-бірінің қол бұлшық етін сантиметрлік таспамен өлшейді:
- алдымен қол бос тұрған кездегі өлшем;
- содан соң қол бүгілген кездегі өлшем.
- Нәтижесі дәптерге немесе тақтаға жазылады.
Қорытынды ұғымдар: бұлшық ет қысқарады, жиырылады, жазылады.