Бүгінгі сайысымызды әнмен әрлейтін Достар тобы
«Елім менің» математикалық интеллектуалдық ойыны
Мақсаты
- Ақыл-ойды дамыту, есте сақтау қабілетін жетілдіру.
- Ойлау және сөйлеу мәдениетін дамыту.
- Белсенділікке баулу, математикаға қызығушылықты арттыру.
- Патриоттық тәрбие беру.
Қатысушылар
Армысыздар, колледж оқытушылары мен жарқын болашаққа нық қадам басқан жас өркендер! «Елім менің» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер!
Кең білім, ойлай білу және қайырымдылық — адамның шын мәнінде білімді болуы үшін қажет үш қасиет.
Топтар
Оң қанат: «Эрудит» тобы
Сол қанат: «Эврика» тобы
Музыкалық әрлеу: «Достар» тобы
Топ басшылары топ мүшелерін жеке-жеке таныстырады.
Сайыс құрылымы
Сайыс 6 айналымнан тұрады. Әр айналымның шарттары сол сәтте нақты түсіндіріліп отырады.
Қосымша мүмкіндік
Көп айналымда +2 ұпай алу үшін «Достар» тобы жасырған әнді табу керек.
Айналымдар
1-айналым: Бейнесұрақ
Экранда кино мен фильмдердегі тұлғалар көрсетіледі. Сіздер сол тұлғалардың аты-жөнін толық айтуыңыз керек.
Топ басшыларынан басқа қатысушыларға (әр топқа 1 сұрақтан)
- Геометриядан жаңалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып, құрбандық шалған адам кім? Жауабы: Пифагор
- «Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмей-ақ қойсын» деген сөздің авторы кім? Жауабы: Платон
- «Бірінші ұстаз» атанған грек ғалымы кім? Жауабы: Аристотель
Қосымша +2 ұпай: «Достар» тобы жасырған әнді табу.
2-айналым: Сөз сауаттылығы
Әр топқа кезекпен үш сөз жасырылады. Сол сөздерді әріптеп айтып, дұрыс құрастыру қажет.
1-топқа
- Диаметр
- Логарифм
- Абсцисса
2-топқа
- Иррационал
- Перпендикуляр
- Симметрия
Қосымша +2 ұпай: «Достар» тобы жасырған әнді табу.
3-айналым: Тұлғалар мен кейіпкерлер
Тарихи тұлғалар немесе әдеби кейіпкерлердің есімдері беріледі. Топ басшылары оларды өз тобына жасырып, қатысушылар дұрыс жауапты табуы керек. Әр топқа — 10 тұлға.
Тізім A
- Ыбырай Алтынсарин
- Исаак Ньютон
- Омар Хайям
- Д. А. Қонаев
- М. В. Ломоносов
- Рене Декарт
- Әл-Фараби
- Абай Құнанбаев
- Софья Ковалевская
- Пуассон
Тізім B
- Мұқағали Мақатаев
- Лейбниц
- Бернулли
- Пифагор
- Архимед
- Олжас Сүлейменов
- Әміре Қашаубаев
- Эйлер
- Әл-Кәши
- Әбіш Кекілбаев
Қосымша +2 ұпай: «Достар» тобы жасырған әнді табу.
4-айналым: Байырғы өлшем бірліктер
Бұл айналым бүгінгі күні ұмытылып бара жатқан дәстүрлі өлшем бірліктерін еске түсіруге арналған.
Ұзындық өлшемдері
- Адым (қадам)
- Жүру кезінде екі аяқтың аралық қашықтығы.
- Тұтам
- Бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас; шамамен 5 еліге тең ұзындық өлшемі.
Ауырлық өлшемдері
- Мысқал
- Шамамен 5 грамға жуық ауырлық өлшемі.
- Қадақ
- Шамамен 400 грамға жуық ауырлық өлшемі.
Қосымша +2 ұпай: «Достар» тобы жасырған әнді табу.
5-айналым: Еліміз туралы білім
1-кезең: Қазақстанға қатысты сұрақтар
Әр қатысушыға 1 сұрақ. Дұрыс жауапқа — 1 ұпай.
- Қазақстан Президентін бүкілхалықтық сайлау — 1991 жыл, 1 желтоқсан. Дұрыс: иә
- Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Дұрыс: иә
- Еліміздің шекара ұзындығы — 15,3 мың км. Дұрыс: иә
- Тәуелсіздігіміздің 10 жылдығы 2002 жылы болды. Дұрыс: жоқ (дұрысы — 2001)
- Ақтөбедегі хром қосылыстары зауыты — Қазақстанда жалғыз. Дұрыс: иә
- «Денсаулық сақтау жылы» — 2004 жыл. Дұрыс: жоқ (дұрысы — 2002)
2-кезең: Қанатты сөздер мен кітаптар
- «Ел болам десең, бесігіңді түзе» — деп айтқан кім? Жауабы: М. Әуезов
- Ана тіліміздегі ең алғашқы математика оқулығы «Есеп құралының» авторы кім? Жауабы: М. Дулатұлы
3-кезең: География
Экранда берілген картадан белгілі бір қала немесе аймақтар көрсетіледі. Сол нысандарды дәл анықтау қажет.
1-топқа
- Ақтау
- Қостанай
2-топқа
- Талдықорған
- Семей
Қосымша +2 ұпай: «Достар» тобы жасырған әнді табу.
6-айналым: Жұлдызшаны толықтыр
Экранда көрсетілген есептердегі жұлдызша тұрған орынды сандармен толтырамыз.
Тапсырмалар (1-бөлік)
- 2183 + 125 = 2308
- 6352 + 589 = 6941
- 1454 × 2 = 2908
- 3614 ÷ 2 = 1807
- 2883 × 3 = 8649
- 9739 − 9614 = 125
Тапсырмалар (2-бөлік)
- 7215 − 15 = 7200
- 3447 × 2 = 6894
- 6644 − 6521 = 123
- 9752 ÷ 2 = 4876
- 4731 + 256 = 4987
- 1865 ÷ 373 = 5
Қосымша +2 ұпай: «Достар» тобы жасырған әнді табу.
Қорытынды
Айналымдар аяқталған соң, жеңімпаз топ анықталады.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың: «Қазақстанды 2030 жылы барысқа апаратын — бүгінгі білімді жастар» деген сөзін жадымызда ұстайық. Осындай интеллектуалдық сайыстарда біліміңізбен биіктен көріне беріңіздер!
Алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақмет!