Алгоритм құрылымы
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Пән / Сынып
Информатика, 8-сынып
Сабақ түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Әдістер
Сөздік, көрнекі, практикалық
Көрнекіліктер
- Компьютерлер
- Интерактивті тақта
- Презентация
Сабақтың тақырыбы
Алгоритм құрылымы: сызықтық (тізбекті), тармақталу және циклдік алгоритмдер.
Сызықтық
Командалар тізбектей орындалады, бірінен кейін бірі үздіксіз жалғасады.
Тармақталу
Шарт тексеріліп, нәтижесіне қарай екі мүмкін бағыттың бірі орындалады.
Циклдік
Белгілі әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалады.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Алгоритм командалары мен құрылымын түсіндіру.
- Компьютерде есеп шығарудың кезеңдерімен таныстыру.
- Тақырыпты практикада қолдануға үйрету және пәнге қызығушылықты арттыру.
Дамытушылық
- Алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру.
- Логикалық ойлауын және талдау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
- Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Іскерлікке, нақтылыққа және ынтымақтастыққа баулу.
Сабақтың барысы
Кезеңдер
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын сұрау
- Жаңа сабақ
- Дамыту
- Бекіту
- Үйге тапсырма
- Қорытынды
Ұйымдастыру
Қоңырау соғылғаннан кейін оқушыларды ұйымдастырып, сабақтың мақсаты мен жұмыс тәртібі таныстырылады.
Өткен материалды қайталау (сұрақтар)
Слайд бойынша дайындалған сұрақтарға жауап беру арқылы құрылғылардың атауы мен қызметі, сондай-ақ дербес компьютер туралы білімдер пысықталады.
- Алгоритмді өрнектеу және жазу тәсілдері дегеніміз не?
- Алгоритмді график түрінде кескіндеудің ерекшеліктері қандай?
- Блок-схема дегеніміз не?
- Негізгі және көмекші блоктарға нелер жатады?
- Алгоритмдік тіл мен программалау тілі дегеніміз не?
- Атқарушы ұғымы нені білдіреді?
Жаңа сабақ: алгоритм құрылымдары
Топтық жұмыс форматы
Оқушылар үш топқа бөлінеді: сары, жасыл, қызыл. Әр топқа алгоритмнің бір типі бойынша ереже, көрнекілік және блок-схема ұсынылады. 5–6 минут ішінде танысып, талдап, топ болып қорғайды. Топтар бірін-бірі толықтырып отырады.
1) Сызықтық (тізбекті) алгоритм
Сызықтық алгоритм — командалар тізбектеле орналасып, қатаң ретпен бірінен соң бірі орындалатын құрылым. Блок-схемада блоктар бір сызық бойына тізіліп беріледі. Мұндай орындалу тәртібі табиғи орындалу деп те аталады.
Мысал (табиғи тілде)
- Басы
- Күнделікті алу
- Тиісті бетті ашу
- Үй тапсырмасын анықтау
- Үй тапсырмасын орындау
- Күнделікті орнына қою
- Соңы
2) Тармақталу алгоритмі
Тармақталу алгоритмінде логикалық шарт тексеріледі (көбінесе теңсіздік түрінде). Шарт орындалса — алгоритм бір тармақпен, орындалмаса — екінші тармақпен жүзеге асады. Соңында тармақтар қайта бірігеді.
Түйінді сөздер
егер, онда, әйтпесе, бітті
Орындау тәсіліне қарай тармақталу командасы екіге бөлінеді: толымды (таңдау) және толымсыз (аттап өту).
3) Циклдік алгоритм
Циклдік алгоритмде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалады. Мысалы, математикада бір формуланы айнымалының әртүрлі мәндері үшін қайта-қайта есептеу қажет болады. Қайталау процесі цикл деп аталады.
Түйінді сөздер
әзірше (әзір), цикл бар (цб), цикл соңы (цс)
Практикалық бөлім
II. Сурет бойынша жұмыс
Берілген суретке сүйене отырып, блок-схема құрып, алгоритмді табиғи тілде жазу.
III. Көзге жаттығу
Слайд арқылы көзге арналған қысқа жаттығу орындау.
IV. Флипчарт тапсырмасы (A4)
Берілген тапсырмалар бойынша флипчартқа блок-схемасын салып, алгоритмді түйінді сөздермен жазу:
-
1) Тік төртбұрыштың ауданын есептеу
Кіріс: a, b. Шығыс: S.
-
2) Квадрат теңдеудің түбірін табу
Кіріс: a, b, c. Шығыс: x1, x2.
-
3) 1-ден 10-ға дейінгі сандардың қосындысы
Қайталау арқылы қосындыны табу.
Қорытынды және бекіту
V. Сабақты қорытындылау
Үш түрлі түстің таңдалу себебі — алгоритмнің үш типінің әрқайсысына алгоритм құруға болатынын көрсету. Сонымен қатар, бағдаршам ережесі мысал ретінде талданып, шарт және таңдау ұғымдары бекітіледі.
Бекіту сұрақтары
- Алгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
- Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
- Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
- Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
- Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсерін смайликтер арқылы білдіреді.
Үй тапсырмасы
Алгоритм типтеріне мысалдар келтіріп:
- блок-схемасын құру;
- табиғи тілде жазу;
- арнайы (алгоритмдік) тілде жазып келу.