Аңыз әңгіме
Пәні: Музыка
Сабақтың тақырыбы: Халықтың мақтанышына айналған домбыра
Сабақтың мақсаты: Домбыра аспабының құрылысымен және шығу тарихымен таныстыра отырып, домбыраның ән-күй өнеріндегі орнын түсіндіру. Ән мен күйді тыңдау арқылы оқушылардың әуендік сезімталдығын арттыру, есте сақтауын және қиял-ойлау қабілеттерін дамыту. Өнер иелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: домбыра суреті, домбыра, интербелсенді тақта, слайдтар.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
Оқушылар асатаяқ, сыбызғы және домбыра суреттерін таңдап алып, өз орындарына отырады. Таңдау арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.
- Асатаяқ — ұрмалы аспаптар тобы
- Сыбызғы — үрмелі аспаптар тобы
- Домбыра — ішекті аспаптар тобы
Психологиялық дайындық
Күй тыңдаймыз күмбірлі,
Ән айтамыз созылтып,
Би билейміз ырғақты —
Біз бастаймыз сабақты.
II. Негізгі бөлім
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушыларға сұрақ қойылады: «Аспаптар нешеге бөлінеді?» Дұрыс жауап: аспаптар үш топқа бөлінеді.
Ұрмалы аспаптар
ырғақ пен екпін береді
Үрмелі аспаптар
үрлеу арқылы дыбыс шығады
Ішекті аспаптар
ішек тербелісі арқылы әуен туады
«Сурет-жұмбақ»
Оқушыларға аспаптардың суреттері көрсетіледі. Олардың қандай аспап екенін табады және қайдан көріп жүргенін айтады.
Талқылау сұрағы: «Бұл аспаптарды күнделікті өмірде қайдан кездестіресіңдер?»
III. Жаңа сабақ
Күй тыңдау: «Адай»
Оқушылар күйді тыңдап, оның атауын анықтайды: «Адай». Күйдің домбырамен орындалатыны атап өтіледі.
Сұрақ
«Бұл күйді бұрын естідіңдер ме?»
Сұрақ
«Қандай аспаппен орындалып тұр?»
Домбыра — ұлттық мақтаныш
Қазақтың домбырасы — әр үйдің төрінде ілулі тұрған, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жеткен қасиетті аспап. Көпшілік қазақ баласы домбыра шертіп, ән-күйге жақын өскен. Домбыраның шығу тарихы туралы көнеден жеткен аңыз-әңгімелер де бар.
Талқылау: «Аңыз-әңгіме тыңдаған ұнай ма? Аңыз не туралы?»
Біліп ал: Домбыраның құрылымы
Домбыра негізгі үш бөліктен тұрады: шанағы (кеудесі), мойны және басы.
-
Шанақ (кеуде)
Дауыс шығаратын ойығы, үлкен тиегі және ішекті тартып тұратын түймесі орналасады.
-
Мойын
Пернелерге бөлінеді.
-
Бас
Ішекті тартып бұрауға арналған екі құлағы бар. Құлаққа екі ішек тағылады және домбыраның күйін келтіреді.
Ұқсас аспаптар
Қомыз
Қырғыз халқында домбыраға ұқсас кең тараған аспап. Үш ішекті.
Балалайка
Орыс халқының аспабы. Мерекелерде осы аспаппен ән айтып, би билеген. Көне аңыздарда атауы «бала» сөзінен шыққан делінеді.
Бейнекөрініс: домбыра қалай жасалады?
Бейнежазбаны көріп болған соң, сыныппен бірге талқылау жүргізіледі.
Талқылау сұрақтары
- Домбыраның неше бөлігі бар?
- Қай бөлігі бірінші жасалады?
- Оны кімдер жасайды?
Нақтылау
- Домбыраны қандай ағаштан жасайды?
- Домбырада кімдер ойнайды?
- Күйшілер және халық әншілері домбырамен өнер көрсетеді.
Қонақпен кездесу
Сабаққа ауылымыздағы Өнер және кәсіпке бағдарлау мектебінің мұғалімі Дәулетиярова Эльмира апай қонаққа келеді. Қонақпен әңгімелесу ұйымдастырылады.
Топтық жұмыс
Әр топқа аспаптар суреттерінің қиындылары беріледі. Қиындыларды жапсырып, аспапты құрастырады және оған қысқаша мәлімет дайындайды. Әр топ ортаға шығып қорғайды.
1-қадам
Суретті құрастыру
2-қадам
Қысқаша мәлімет дайындау
3-қадам
Қорғау және пікір алмасу
Кері байланыс
Маған ұнады
........................................
Мен тілеймін
........................................
Маған қиын болды
........................................
Ән орындау
Ән: «Домбыра»
Автор туралы
Мектебі: Таушық ауылы
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
Аты-жөні: Абдырова А.