Ақын Мұқағали өмірі мен шығармашылығына тоқталу

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Өскемен қаласы әкімдігінің №18 орта мектебі (коммуналдық мемлекеттік мекеме).

Пән және сынып

Қазақ тілі мен әдебиет, 9-сынып.

Мұғалім

Токтасынова Камшат Жаныбековна.

Тақырып

Мұқағали Мақатаевтың өмірі

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты

Ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу; жырларының негізгі ерекшеліктерін және әлеуметтік мәнін ашу.

Міндеттері

  • Топпен және жұппен жұмыс ұйымдастыру.
  • Шығармалары бойынша көрініс жұмыстарын орындату және таныстыру.

Негізгі назар

Оқушының ойлануына, пікір айтуына және шығарманы әлеуметтік-мағыналық қырынан талдауына жағдай жасау.

Қолданылған модульдер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар

  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

  • Оқытуда АКТ-ны пайдалану

  • Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

  • Жас ерекшелігіне сай оқыту

  • Оқытудағы басқарушылық және көшбасшылық

Стратегиялар мен әдіс-тәсілдер

Диалог және талқылау

  • Диалог негізінде оқыту
  • Әңгіме-дебат

Ойды ұйымдастыру

  • Венн диаграммасы
  • Топтастыру
  • Ментальді картамен жұмыс
  • Текстологиялық кесте

Рефлексия және бағалау

  • «Екі жұлдыз, бір тілек»
  • Өзін-өзі және бірін-бірі бағалау

Шығармашылық элементтер

  • Психологиялық хат жазу
  • «Есіңе мені алғайсың» сергіту сәті

Мұғалімнің іс-әрекеті: сабақтың басталуы

Ынтымақтастық атмосферасы

  • Оқушылармен амандасу.
  • Шеңбер құрып, қасындағы сыныптасына тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
  • Құрал-жабдықтарды тексеру.

Топқа бөлу

Оқушыларды қабілеттеріне қарай 4 топқа бөлу. Топ атауы мен топ басшыларын оқушылармен ақылдаса отырып сайлау.

Тыңдалым: «Есіңе мені алғайсың»

Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өз орындауындағы «Есіңе мені алғайсың» өлеңін тыңдату.

Талқылауға арналған сұрақтар

  • 1 Көз алдарыңызға қандай көрініс елестеді?
  • 2 Қандай ой келді?
  • 3 Кімді есімізге алдық?
  • 4 Ақынның ақпан айында дүниеге келгенін кім біледі?