Оқу құралдарын тексеру

Сабақтың тақырыбы

Тіл дыбыстары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Бастауыш сыныпта алған білімді еске түсіре отырып, тіл дыбыстары туралы түсінікті кеңейту және жүйелеу.

Дамытушылық

Алынған білімді есте сақтауға дағдыландыру, логикалық ойлауды дамыту, нақты әрі дәлелді сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Тәрбиелік

Тапсырмалар арқылы бір-бірін тыңдауға, сыйлауға баулу және өз еңбегін әділ бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, талдау, жаттығу, ойлау, дәлелдеу
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар
Негізгі бағыт
Фонетикаға кіріспе

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Оқу құралдарын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

128-жаттығу: берілген шартты толық орындау.

III. Жаңа сабақ

Сұрақ: «Тіл дыбыстары» дегенде қандай түсініктер ойларыңа келеді? Бастауышта өткенді еске түсірейік.

Күтілетін жауаптар: дауысты дыбыстар, дауыссыз дыбыстар және т.б.

Сөздік жұмыс: «Фонетика» ұғымы

Фонетика термині грек тіліндегі phōnē сөзінен шыққан. Оның мағынасы — дыбыс, үн, дауыс.

Фонетика — тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол дыбыстардың жасалуын, айтылуын, естілуін, сондай-ақ буын, екпін және интонация мәселелерін қарастырады.

Адам тілі — дыбыстық тіл. Тіл дыбыстары болмаса, тіл өмір сүрмейді. Сөз дыбыстардың тіркесі түрінде айтылмаса, тіл де қатынас құралы бола алмайды.

Тіл дыбыстарының сөз ішіндегі қызметі

1) Бір дыбыстың айырмасы — мағына айырмасы

Дыбыстар саны бірдей болғанымен, бір дыбыс өзгерсе, сөз мағынасы да өзгереді:

мал тал қал

2) Дыбыс санының әртүрлі болуы

Кей сөздердегі дыбыстар саны әртүрлі болады:

бала ала ал

3) Дыбыстардың орын тәртібі

Дыбыстардың орын ауысуы сөз мағынасын өзгерте алады:

тас — сат қас — сақ

Тіл дыбыстары қалай жасалады?

Тіл дыбыстары сөйлеу мүшелері арқылы жасалады. Оларға: өкпе, дауыс шымылдығы, ауыз қуысы, мұрын қуысы, таңдай, тіл, ерін жатады.

Әр дыбыстың жасалуына сөйлеу мүшелерінің қатысуы әртүрлі. Сондықтан тілдегі дыбыстар да жасалу ерекшелігіне қарай алуан түрлі болады.

Проблемалық сұрақтар арқылы түсіндіру

Төмендегі сөздерге назар аударып, олардың қандай өзгеріске ұшырағанын анықтаңдар (дыбыстың алмасуы, қысқаруы, қосылуы, орын ауысуы т.б.).

Дыбыстың алмасуы

бас тас жас қас нас

Қысқару (дыбыс санының азаюы)

ескек кек ек

Орын ауысу / қосылу

қал — лақ
түс — сүт
кел — лек

Интерактивті тақтадағы кестелерді пайдаланып, мысалдарды талдау арқылы жаңа сабақты оқушылармен бірге бекітіңдер.

Автор туралы

Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жаланаш ауылы, Ж. Ермегияев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қуатбекова Асылхан Тұрсынқызы.

Материалдың толық нұсқасын жүктеу: бастапқы дереккөзге сүйеніп орналастырылады.