Неге сөз есеп

Сабақтың тақырыбы

Қайталау. Есептерді салыстыру.

Сабақтың түрі

Ойын сабақ

Сабақтың әдісі

Көрнекілік, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Интерактив тақта

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларды есептерді салыстыруға үйрету, салыстыра отырып дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  2. Логикалық ой-өрісін, ойлау қабілетін, салыстыру, қатар қою, қорытынды жасау біліктерін дамыту.
  3. Уақытты үнемдей білуге баулу, әдептілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды тұрғызып, сәлемдесу.
  • Үй жұмысын тексеру.

Психологиялық дайындық

Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең – еңбек.
Қиындықтың бәрін
Еңбек қана жеңбек.

2) «Миға шабуыл»

1-есеп

Бақшада 4 алма ағашы, 3 қайың ағашы, 2 алмұрт ағашы өсіп тұр. Бақшада барлығы қанша жеміс ағашы өсіп тұр?

2-есеп

Маратта 1 іні, Мұратта 2 іні бар. 1-ге 2-ні қоссақ, неше болады?

Бүгінгі сабақтың тақырыбы — есептер және оларды салыстыру. Сабақ ойын түрінде өтеді, әр тапсырмада белсенді қатысу маңызды.

3) Жұмбақ және 5 саны

Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.

Жауабы: 5.

Сұрақ

5 деген қандай сан?

Сұрақ

5 санының құрамын ата.

Сұрақ

5 санының көршілерін ата.

4) Дәптермен жұмыс

  • Дәптерді ашып, бүгінгі күн мен айды жазу.
  • Тақтадағы көркем жазуға қарап, 5 санын әдемі жазу.
  • «5» бағасына жету үшін ойындар арқылы тапсырмаларды орындау.

5) «Баспалдақ» ойыны

Оқушылар бір-бірден шығып, өрнектерді шығарады. Мақсат — баспалдақтың ең жоғарғы сатысына жету.

10−5=5

10−6=4

8−4=4

9−6=3

6−3=3

8−6=2

4−2=2

7−6=1

6) «Кім зерек?» ойыны

Суретке мұқият қарап, үстелден қандай заттар алынғанын табыңдар.

Дұрыс жауап: қайшы және қарындаш.

7) Сергіту сәті және «Сөзжұмбақ»

Тақтадағы сөзжұмбақтың шешуін тапсақ, келесі ойынның атауы ашылады.

Сұрақтар

  1. Оқушылардың ең жақсы көретін бағасы.
  2. Қосындының компоненті.
  3. Мынау қандай фигура? (сәуле)

Кілт сөздер

БЕС ҚОСЫЛҒЫШ СӘУЛЕ

8) «Кім алғыр?» ойыны: сөз есеппен жұмыс

Оқулықтың 129-бетін ашып, №1 тапсырмаға назар аударамыз.

Есеп не туралы? Бұл — сөз есеп.

Неге сөз есеп? Себебі ол сөйлемдер мен сандардан тұрады.

Сөз есептің бөліктері: шарты, сұрағы, шешуі, жауабы.

Есептің берілгенін және сұрағын оқимыз, қысқаша шартын тақтаға жазамыз.

Мұғалім дайындаған қысқаша шарттың дұрыстығын тексереміз, содан кейін екі есепті салыстырамыз: ұқсастығын және айырмашылығын анықтаймыз.

9) «Тіктөртбұрыштарды іліңіз» ойыны

Оқушыларға әртүрлі фигуралар беріледі. Солардың ішінен тек тіктөртбұрыштарды таңдап, тақтаға іледі.

10) «Балапанға көмектес» ойыны

5, 4 және 9 сандарын қолданып, тура теңдіктер құрастырыңдар.

5+4=9

9−5=4

4+5=9

9−4=5

11) Сергіту сәті: «Кім шапшаң?» ойыны

Тақтаға екі оқушы шығады: біреуі теңдіктерді, екіншісі теңсіздіктерді тауып, тақтаға іледі. Іске сәт!

12) Қорытынды және кері байланыс

Сұрақ

Бүгін қандай есептер шығардық?

Сұрақ

Нені қайталадық?

Сұрақ

Сабақ ұнады ма?

Сабақ соңында оқушылар жиналған жетондарын санап, бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы: күнделікті ашып, тақтада көрсетілген тапсырманы жазып алу.

Сау болыңыздар!