Абай ҚұнанбаевӘсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң, арқалан
Абай Құнанбаев
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.
Бастапқы екеу соңғысыз
Біте қалса қазаққа,
Алдың — жалын, артың — мұз,
Барар едің қай жаққа?
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп, қайғы алма.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйгі алма
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.
Акырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстазтық қылған жалықпас
Үйретуден балаға.
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ АРНАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Көмекші етістіктердің қызметі
Абай - ұрпақ жүрегінде
Абайдың сыны
Менің кәсібім - менің мақтанышым
Қазақ әдебиет
Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім
Білімдіден шыққан сөз
Абай Алланы танушы ойшыл
Абайдың ақындық сыны
ТОЛЫБАЙҰЛЫ ОЛЖАБАЙ
ҚҰНАНБАЙҰЛЫ АБАЙ (ИБРАҺИМ)
Абай атама
Құнанбаев Абай
Абай Құнанбаев
Кітап жиған қазақтың жиһазы Абайсыз болмас, Абайы болмаса ол қазақ емес, жалпы ондайды саналы адам деу қиын
Көңілді Әсет келді көтергелі, Болмайды кеуде шіркін жөтелгелі
Абай поэзиясы
Ауылдың еңбектеген баласынан еңкейген қартына дейін Мәшекеңнің бейітінің ойдағыдай бітуіне тілектес болды десем артық айтқандық болмас
Баласы әкесінің мазасын алып болмаған соң, әкесі