Артикуляцияны дамыту жаттығулары

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

[С] дыбысын сөзде дұрыс айтуға машықтандыру.

Сабақтың түрі

Жеке сабақ.

Сабақтың мақсаты

  • [С] дыбысын буында қайталап, сөз ішінде анық айтуға машықтандыру.
  • [С] дыбысын буын мен сөз құрамында дұрыс ажырата білуге үйрету.
  • Фонематикалық қабылдауды дамыту.
  • Ойын тапсырмалары арқылы ойлау мен есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекіліктер

[С] дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, слайдтар, түрлі суреттер, тапсырмалар.

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушыларды сабаққа дайындау. Артикуляцияны дамытуға арналған қысқа жаттығуларды бірге орындаймыз.

Артикуляцияны дамыту жаттығулары

  1. Ұртты үрлеу.
  2. Ерінді созу: «у», «о».
  3. Жымию: «и».
  4. Қасты көтеру: «Ой!» (таң қалу).
  5. Көзді қатты жұму.
  6. Дем алу және дем шығару: са – со – су – сы.

Сабақтың сюжеті

Бүгін біз пойыздың тапсырмаларын орындап, әр вагонды «ашамыз». Әр тапсырманы дұрыс орындаған сайын, пойыздың қай қалаға бара жатқанын анықтаймыз.

II. Негізгі бөлім

I вагон: Әріпті тап

Алфавиттік жұмбақтарды шешіп, қай әріп екенін айтамыз.

Сауысқанды, сәбізді
Сарымсақты, сағызды
Бастап тұрған қай әріп?

Жауабы: С

Қыста бар, жазда жоқ;
Түсте бар, кеште жоқ.

Жауабы: С

Сарада бар, шарада жоқ;
Сақанда бар, Шоқанда жоқ.

Жауабы: С

[С] дыбысының артикуляциясы

  • Ерін жымиып тұрады.
  • Тістердің арасы шамамен 1 мм ашық болады.
  • Тілдің ұшы төменгі тістерге тіреліп тұрады.
  • Тілдің ортасы көтеріңкі болып, ортасында жырашық пайда болады; ауа сол жолмен шығады.
  • Тілдің бүйір жақтаулары жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады.
  • Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға баратын ауа жолын жабады; дыбыс перделері ашық болады.

Артикуляциялық жаттығулар

«Кесе», «Сағат», «Саңырау құлақтар», «Тәтті шырын», «Ат шауып келеді».

Нұсқау: [С] дыбысын дұрыс әрі анық айт.

II вагон: Буындарды қайталау

Тізбектер

  • Са – со – су – сы
  • Со – су – са – сы
  • Сұ – со – са – сы

Қысқа сөздер

аса, асы, усу, осы, осо, асу, ысы, ұсы.

Сөз ішінде [С] дыбысын анық айту

Төмендегі үлгілерді [С] дыбысын айқын сақтай отырып аяқта:

Ма…са

Ала…са

Бол…са

Тол…са

Айт…са

Қайт…са

«Сы» буынын қосып, сөзді аяқта

Дыб…ыс

Ту…ыс

Айт…ыс

Қу…ыс

Жар…ыс

Ал…ыс

III вагон: Жұмбақтар

Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты,
Көрсетеді тілімен.

Жауабы: Сағат

Мұрны пұшық,
Көзі қысық,
Өзі пысық.

Жауабы: Мысық

[С] дыбысы бар аңдар

Қасқыр, арыстан, жолбарыс.

[С] дыбысы бар кісі аттары

Сымбат, Самат, Асылай, Қасым.

Сұрақ

Мына жануарлар нені азық етеді? (Суреттер арқылы талқылау.)

V вагон: Сөзбен жұмыс

Сөздерді көпше түрде айт

  • Құс — құстар
  • Сабақ — сабақтар
  • Ыдыс — ыдыстар
  • Қасқыр — қасқырлар
  • Сона — соналар

Дәптермен жұмыс

[С] дыбысын қосып оқы:

  • С + ай = сай
  • С + ана = сана
  • С + ұлу = сұлу
  • С + ара = Сара

Берілген сөздерге [С] дыбысын қойып оқы

ҚЫМБАТ, ЖАБЫН, ТОҚТЫ, ҚАТЫҚ, ЖУАН, ТАРЫ, АЛАТАУ, АУДАН.

Тапсырма: сөздің көрсетілген буынын/дыбысын бөліп алып, сөздің басына С дыбысын қойып оқы.

Қай қалаға келдік?

Астана Слайд: «Бәйтерек» суреті көрсетіледі.

Қол саусақтарына арналған жаттығулар

«Көзілдірік», «Қайшы», «Қоян» қимылдарын орындап, тақпақты бірге қайталаймыз.

Қорытынды

Есіңе сақта!

Апта деген ағайдың Жеті бірдей ұлы бар: Бірінші — Дүйсенбі, Екінші — Сейсенбі, Үшінші — Сәрсенбі, Төртінші — Бейсенбі, Бесінші — Жұма, Алтыншы — Сенбі, Жетінші — Жексенбі.

Слайд тапсырма

[С] дыбысы бар жануарларды көрсет.

Слайд тапсырма

[С] дыбысы бар ыдыстарды көрсет.

Слайд тапсырма

Суреттерді ата: [С] дыбысы сөздің қай жерінде тұрғанын айт.

Үйге тапсырма

Жаңылтпаш жаттау:

  1. Асан массаж жасар, массаж жасап шаршар.
  2. Биыл жазда маса аз. Маса азда — маза аз.