Сайыс жоспарымен таныстыру
Политехникалық кештің тақырыбы: «Пәндер эстафетасы»
Бұл кеш — оқушылардың политехникалық пәндер бойынша білімін, логикалық ойлауын және командалық жұмысын дамытуға арналған интеллектуалдық сайыс.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: политехникалық пәндер бойынша алған білімді жүйелеу, білім мен білікті тексеру және бағалау.
- Дамытушылық: тез ойлау қабілетін дамыту, әртүрлі есептер арқылы ой-өрісті кеңейту, пәнге қызығушылықты арттыру.
- Тәрбиелік: ойын барысында белсенділікті, ынта мен жігерді күшейту, намысын қорғауға, әділ бәсекеге баулу.
Сабақтың типі
Интеллектуалдық ойын.
Көрнекіліктер
- Қабырға газеттері
- Слайд-презентация
- Таратпа материалдар
- Нақыл сөздер
Қатысушы топтар
Кештің жоспары
- Таныстыру: әр топ өзін таныстырады.
- «Ғылымның дамуы»: реферат қорғау, слайд-шоу.
- «Сен маған, мен саған»: сұрақ-жауап.
- Қызықты көріністер
- Музыкалық номер: ән-шашу.
Барысы
- Ұйымдастыру
- Топтарды ортаға шақыру
- Әділқазы алқасымен таныстыру
- Сайыс жоспарымен таныстыру
- Сайысты жүргізу
Жүргізушілердің құттықтау сөзі
1-жүргізуші
Армысыздар, ұстаздар!
Айтар ойым — тұспалдар.
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
2-жүргізуші
Сәлеметсіздер, оқушылар!
Нақты ғылымға құштар жандар.
Естігенін естіп қана қоймай,
Оқығанын миға тоқитындар!
Бүгінгі кешке политехникалық пәндердің мектебіміздегі алғыр да білімді өкілдерін ортаға шақырамыз: математиктер, физиктер, химиктер, информатиктер, биологтар және географтар.
Сайыс кезеңдері
I кезең: Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және ерекшелігін таныстырады.
Бұл адамдар ардақтаған халықты,
Әр салада даңқы шыққан алыптар.
Қара, ойлан, зерек болсаң, балақай,
Алыптарды әрқашанда танып қал.
II кезең: «Ғылымның дамуы»
Слайд арқылы реферат қорғау және қысқаша таныстырылым жасау.
Білім — биік шың, бақытқа сені жеткізер.
Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.
III кезең: «Сен маған, мен саған»
Әр топ алдын ала дайындаған сұрақтарын басқа топтарға қояды. Мақсат — жылдамдық пен дәлдік.
Мәңгі есте қалар қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар — сұрақтары қиын болсын.
Көрермендерге ойын: «Ойлан тап»
Әр топтан үш оқушы шақырылады. Жауап беру барысында тапқырлық, шапшаңдық және ой ұшқырлығы бағаланады.
1-топ (М, Б, Е)
- «Математиканы білмесең, дұрыс өмір сүрмейсің» деген пікірге көзқарасың қандай?
- Физиканы жақсы меңгеру үшін адамға не қажет?
- Интернет желісіне қалай қосыласың?
- Жақын құрбыңның әжесінің жасы нешеде?
- Дүкенге барғаныңда қанша теңгеге сауда жасайсың?
2-топ (Т, Ж, К)
- Геометриялық фигураны ата.
- Компьютерде жұмыс істей аласың ба?
- Ең биік шың қалай аталады?
- Басыңда неше ми бар?
- Химия «миыңа кіре ме»?
3-топ (Н, А, С)
- Аспаннан қанша жұлдыз көріп тұрсың?
- Математика пәні саған қызық па?
- Адам қайдан пайда болды?
- Менделеев кім?
- Принтер не үшін қажет?
Қорытынды
Жарыс заңы — ежелден: жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болудың басты шарты — еңбектену және талмай іздену.
Енді бүгінгі сайыстың қорытындысын жариялау үшін сөз әділқазы алқасына беріледі.
Логикалық есептер
Есеп 1
Бір кемпір былай депті:
«Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер».
Мұны естіген ұрылар: «Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе көп екен, кетейік», — деп тайып тұрыпты. Сонда үйде неше адам, неше ұры болған?
Жауабы: 10 адам, 5 ұры.
Есеп 2
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі,
Төрт қозылы екі қой —
Бәрін бірге ойлап қой.
Жауабы: 17 (өлең ішіндегі сандарды қосамыз).