Түлектердің бақыт гүлі ашылсын, Ақылына әлем халқы бас ұрсын

Алматы облысы, Сарқан ауданы, К. Ушинский атындағы орта мектебі

Мұғалім: Иманбаева Әсел Ануарбекқызы. Салтанатты жиын: «Сыңғырла, соңғы қоңырау!»

Ашылу сөзі

Жүргізуші (қазақша)

Салтанатты құттықтау

Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар, қымбатты оқушылар, қадірлі жас түлектер! «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиынымызды ашуға рұқсат етіңіздер! Бүгін — қызығы мен қиыншылығы қатар өрілген, әр оқу жылы қайталанбас тарихқа толы мектеп мерекесі. Міне, тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалық шақпен, мектеппен қоштасқалы тұр. Бұл күн — мектеп тарихында да, мектеп бітіруші түлектер жадында да мәңгі өшпейтін ерекше күн.

Ведущий (по-русски)

Приветствие

Добрый день, уважаемые гости! Снова наступил исторический для школы день — 25 мая. И как хорошо, что такой праздник приходит весной: цветущей, радостной, всегда новой. Для наших выпускников эта весна — начало, уверенное и многообещающее. А в школьной летописи сегодня будет заполнена ещё одна важная страница.

Өлең жолдары — соңғы қоңыраудың үні

Жүргізуші (қазақша)

Думанды дүбір ән-жырлы, Жайқалған өмір жас бағы. Мінеки, тағы бір жылды Сырғытып ары тастады. Ұстаздардың — жаны нұр, Шаттық күйін бөліскен. Аяқталды тағы бір Оқу жылы жеміспен.

Ведущий (по-русски)

Сегодня школьный прозвучит звонок, Который будет не совсем обычным. Прервётся нить той череды привычной, Когда урок сменялся на урок. Шумят, волнуясь, классы выпускные, Звенят прощальным эхом голоса. Корабль школьный поднял паруса — И ждут его теперь пути иные.

Түлектерге құрмет көрсету

Жүргізуші (қазақша)

Жас жүректің өмірлік құштары — гүл, Бағбан — ұстаз, баулыған құстары — бұл. Қоштасып бүгінгі күн ұясынан, Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр. Ұрпағың мақтануға болса лайық, Біз бүгін мақтанайық, жар салайық. Биылғы жыл түлектерін Құрметпен қол соғып қарсы алайық!

Ведущий (по-русски)

Давайте поприветствуем отважных, прошедших штормы школьных бурных лет, идущих в жизнь дорогою побед — выпускников торжественных и важных!

Сыныптарды шақыру

Қане, алтын ұя мектебіміздің табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар: 11 «А» сыныбы (сынып жетекшісі көрсетіледі).

Итак, встречайте: 11 «Б» класс (классный руководитель — по списку).

Ақ жол тілегі және шашу

Жүргізуші (қазақша)

Аттанарда ұрпағым бақ жолына, Түссін деп тура жүрер нақ жолына. Арнайы ақ матадан жол төседік, Ырым ғып түлектердің ақ жолына! Түлектердің бақыт гүлі ашылсын, Ақылына әлем халқы бас ұрсын. Деген асыл ниетпенен ағайын, Ақ жолына той шашуы шашылсын!

Ведущий (по-русски)

Дорогие друзья, посмотрите на наших виновников торжества: радостные, взволнованные, красивые и уже совсем взрослые. В биографии каждого выпускника сегодня появилась ещё одна значимая дата — 25 мая 2013 года. Она означает, что школьные уроки — трудные и не очень — завершились. Не будет больше домашних заданий, ответов у доски, долгожданных перемен, оценок в дневниках и записей в классном журнале.

Мемлекеттік рәміздерге құрмет

Жүргізуші (қазақша)

Әнұраным көгімде шарықтасын, Көгілдір Ту қиялда қалықтасын. Әлем танып, білетін Елтаңбамды, Шәкірт біткен жырлаудан жалықпасын.

Туды көтеру рәсімі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі мектебіміздің оқу озаттарына тапсырылады.

Қонақтар мен мектеп басшысының құттықтауы

Жүргізуші (қазақша)

Бүгінгі салтанатты жиынымызға арнайы келген қонағымыз бар. Құрметті қонағымыз, қош келдіңіз! Сізді әрдайым құрметпен айтып жүреміз. Жақсылыққа жаралған жүрегіңізден шыққан тілектеріңіз түлектерге арналсын. Сөз кезегін өзіңізге береміз.

Жүргізуші (қазақша)

Мектебіміздің жетістігіне қуанып, қиындығына төзім танытып жүрген басшымыз Гүлнар Мұратқызы шәкірт еңбегін ерекше бағалайды. Кешімізде ақ тілегін білдіру үшін сөз кезегін мектебіміздің директорына ұсынамыз.

Жүргізуші (қазақша)

Қонақ — ырысың да, мерейің де. Уақыт бөліп, бізге тілек білдіргелі отырған қадірлі қонақтарымызға құттықтау сөз кезегін береміз.

Салтанаттың мәні

Соңғы қоңырау — мектеп өмірінің бір белесін аяқтап, жаңа өмірге жол ашатын ерекше сәт. Бұл күн — ұстаз еңбегіне тағзым, ата-ана үмітіне құрмет, ал түлек үшін үлкен өмірге сеніммен қадам.