Шығармашылық қабілетін дамыту

Сабақ туралы мәлімет

Пәні
Қазақ тілі (3-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Баяндауыш (тұрлаулы мүше)
Түрі
Жаңа сабақты меңгерту
Әдістері
Топтастыру, ой қозғау, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, бағалау, салыстыру.
Көрнекіліктері
Тірек сызба, кесте, стикерлер, Венн диаграммасы.
Үй тапсырмасы
Ережені жаттау

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі қызметін байқатып, тұрлаулы мүшелерді меңгерту. Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа және табиғаттың әсем көрінісін сезіне білуге тәрбиелеу.

Негізгі идея

Оқушылардың білімін жүйелеу, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту және шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Оқыту нәтижесі

  • Топтық жұмыс арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамыту.
  • Көз алдына елестету арқылы есте сақтау қабілетін арттыру.
  • Сөздерді дұрыс буынға бөліп тасымалдауды үйрету, тасымалданған бөліктен кейін сызықша қойылатынын меңгерту.

Күтілетін нәтиже

  • Баяндауышты меңгеріп, жаттығуларды орындайды.
  • Берілген тапсырмалар бойынша кестені толтырады.
  • Етістік пен баяндауышты салыстырып, олардың жасалу жолдарын ажыратады.
  • Суреттер бойынша әңгіме құрап, сұрақ қою арқылы баяндауышты табуды үйренеді.

Сабақтың құрылымы (мұғалімнің іс-әрекеті)

1) Ұйымдастыру

Оқушыларды фигуралар арқылы топқа бөлу:

  • Төртбұрыш
  • Үшбұрыш
  • Шаршы

2) Үй тапсырмасын тексеру

  1. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?
  2. Бастауыш дегеніміз не?
  3. Сөйлем неден құралады?

3) Ой қозғау

Жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде оқушылармен пікір алмасу. «Етістік дегеніміз не?» деген сұрақ арқылы жаңа сабақпен байланыстыру.

4) Жаңа сабақ

  • Тақырыпты анықтау үшін математика пәнімен байланыстыра отырып «Ойлан» кестесінің мәнін ашу.
  • Сызбамен жұмыс.
  • Оқулықпен жұмыс, жаттығулар орындау.

Миға шабуыл: 35-жаттығу

  1. Маусым дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Бір жылда неше мезгіл бар?

5) Дәптермен және топтық жұмыс

  • Дәптермен жұмыс.
  • Әр топқа жеке тапсырма беру.

Сергіту сәті

«Құстар қалай сайрайды?»

39-жаттығу

Сөзжұмбақ шешу.

6) Сабақты қорыту

Венн диаграммасы арқылы ұғымдарды салыстыру және қорытынды шығару.

7) Бағалау

Оқушылардың белсенділігіне, тапсырмаларды орындауына және топтық жұмысқа қатысуына қарай бағалау.

8) Үй жұмысы

Ережені жаттау.