Алмасу буфері

Сабақ туралы жалпы ақпарат

Қызылорда қаласы, Ә. Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің мұғалімі Баян Баймишева.

Сабақтың тақырыбы

Объектілерді іздеу. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Алмасу буфері. Практикалық жұмыс.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Объектілерді іздеу, жылжыту, көшіру және жою ережелерімен таныстыру. Алмасу буфері туралы мәлімет беру. Білімді практикамен ұштастыру.

  • Дамытушылық

    Оқушының тез шешім қабылдауын, ойлауын, есте сақтау қабілетін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.

  • Тәрбиелік

    Жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, нәтижеге жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақтылыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Практикалық элементтері бар түсіндірмелі сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • «Білім жәрмеңкесі» ойыны
  • Практикалық жұмыс

Көрнекіліктер

ДК, мультимедиялық құралдар, тақырып бойынша дайындалған слайдтар, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын тексеру
  3. III Жаңа тақырып
  4. IV Сергіту сәті
  5. V Сабақты бекіту
  6. VI Практикалық жұмыс
  7. VII Бағалау
  8. VIII Үйге тапсырма беру

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

  1. Файл дегеніміз не?
  2. Файл атауында қолданылатын символдардың ең үлкен саны қанша?
  3. Бума дегеніміз не?
  4. Жарлық деп нені атаймыз?
  5. Бумалардың қандай түрлері бар?

III. Жаңа тақырып

Компьютерде нысандармен жиі орындалатын амалдар

  • Көшіру
  • Орын ауыстыру
  • Жою
  • Атын өзгерту

Нысандарға файлдар, бумалар және жарлықтар жатады.

Нысандарды ерекшелеу (таңдау)

Шектес нысандар (қатар орналасқан)

Қатар орналасқан нысандар шектес нысандар деп аталады. Оларды Shift пернесін басып тұрып таңдауға болады.

  1. Топтың бірінші нысанын ерекшелейміз.
  2. Shift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз.

Аралары алшақ нысандар

Егер нысандар экранда бір-бірінен алшақ орналасса, оларды таңдауға Ctrl пернесі көмектеседі.

Барлығын ерекшелеу

Упорядочить → Выделить все немесе Ctrl + A.

Нысандарды жылжыту және көшіру

Нысандарды жылжыту арқылы оларды бумаларға бөліп орналастырасыңдар, ал көшіру арқылы жаңа жерде олардың көшірмесін аласыздар (мысалы, басқа бумаға немесе дискіге).

Тышқанмен сүйреп апару

Егер екі бума бір дискіде орналасса, нысанды бір бумадан екіншісіне сүйреп апаруға болады.

Жылжыту кезінде Ctrl пернесін ұстап тұрсаңдар, нысан көшіріледі. Бұл кезде көрсеткіштің жанында кішкентай “+” белгісі пайда болады.

Алмасу буфері (Clipboard)

Алмасу буфері — жылжытылатын немесе көшірілетін ақпаратты уақытша сақтайтын жадтың арнайы бөлігі.

  • Көшіру — нысан буферге сақталады.
  • Кірістіру — буфердегі көшірме көрсетілген жерде пайда болады.

Буфер мазмұны жаңа нысан көшірілгенге дейін сақталады; компьютер өшірілгенде тазарады.

Алмасу буфері арқылы көшіру/жылжыту тәсілдері

1) «Упорядочить» мәзірі арқылы

  1. Нысандарды ерекшелеу.
  2. Упорядочить → Көшіру немесе Упорядочить → Қиып алу пәрменін таңдау.
  3. Нысан апарылатын бума/терезеге ауысу.
  4. Упорядочить → Кірістіру пәрменін орындау.

2) Контекстік мәзір арқылы

Тінтуірдің оң жақ батырмасымен ашылатын контекстік мәзірден Көшіру, Қиып алу, Кірістіру пәрмендерін таңдаңдар. Әрекеттер реті мәзір тәсілімен бірдей.

3) Пернетақта тіркесімдері

  • Көшіру

    Ctrl + C

  • Қиып алу

    Ctrl + X

  • Кірістіру

    Ctrl + V

Нысандарды жою және қайта қалпына келтіру

Жою амалы қауіпті: нысанды дұрыс таңдамасаңдар, маңызды ақпарат жоғалуы мүмкін. Сондықтан нысандарды жою үшін Қоржын қарастырылған.

Қоржын (Recycle Bin)

Қоржын — жойылған нысандар уақытша сақталатын бума. Қажет болса, оларды қайта қалпына келтіруге болады.

  1. Қоржынды ашу.
  2. Қажетті нысанды ерекшелеу.
  3. Қайта қалпына келтіру (Восстановить) пәрменін орындау.

Қоржынды айналып өтіп жою

Нысандарды Қоржынға орналастырмай бірден жою үшін Shift + Del пернелер тіркесімі қолданылады.

Ескерту

Бұл әдіспен жойылған нысанды қалпына келтіру әлдеқайда қиын болуы мүмкін.

IV. Сергіту сәті

«Информатика» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

V. Өткен тақырыпты бекіту

«Сөздердің орнын тап» тапсырмасы

  1. Нысан тінтуірдің ______ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді.
  2. Қатар орналасқан нысандар ______ деп аталады.
  3. Объектілерді ______ үшін Пуск → Поиск батырмасын басамыз.
  4. Барлық жойылған нысандар орналасатын бума ______ деп аталады.
  5. ______ — жылжытылатын немесе көшірілетін ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы бөлігі.
  6. Нысандарды Қоржынға орналастырмай жою үшін ______ пернелері қолданылады.

Берілген сөздер:

сол жақ шектес нысан іздеу Қоржын (Корзина) Алмасу буфері Shift + Del

«Білім жәрмеңкесі» ойыны

  • Дәптер

    Қоржындағы жойылған нысанды қайта қалпына келтіруге бола ма?

  • Қаламсап

    Ақпарат алмасу буферінде қанша уақыт сақталады?

  • Қалам

    Нысанды Қоржында қанша уақыт сақтауға болады?

  • Өшіргіш

    Алмасу буфері дегеніміз не?

  • Сызғыш

    Қоржынды жоюға бола ма?

VI. Практикалық жұмыс

1) WordPad бағдарламасында мәтін теру

  • 1 желтоқсан — Президент күніне орай құттықтау хат жазу.
  • 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған шағын эссе жазу.
  • Жаңа жылға (2014) отбасыға және достарға арналған тілек жазу.
  1. Жазылған мәтінді файлға сақтау.
  2. Өз атыңмен жаңа бума (папка) құру.
  3. Файлды бумаға көшіру.
  4. Буманы жою.
  5. Қоржын ішінен жойылған буманы қайта қалпына келтіру.

VII. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен практикалық жұмысты орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

VIII. Үй тапсырмасы

  • § 12 оқу.
  • 107–108-беттердегі сұрақтарға жауап беру.