Тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге, сөйлемнің мағынасын дәл ұғына білуге үйрету.
Сабақтың міндеттері
- Пунктуацияны ажырату: тыныс белгілерін тану және оларды сөйлем ішінде орынды қолдану.
- Қызығушылық пен сауаттылық: пәнге қызығушылығын арттыру, таза әрі көркем жазуға және сабақты ұқыпты тыңдауға дағдыландыру.
- Тілдік дағдылар: сөздік қорын молайту, сөйлеу мәдениетін, ойлау дағдыларын және есте сақтау қабілетін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер
- •Сұрақ-жауап
- •Әңгімелесу
- •Түсіндіру
Көрнекіліктер
- •Кеспе қағаздар
- •Плакат
- •Суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- •Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
- •Құрал-жабдықтарын тексеру
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- •Ережені сұрау
- •Көркем жазу
Көркем жазу үлгісі
и и и и и и и и и и и и
Ирек, киіз, ширақ, қияр.
Игіліктің ерте-кеші жоқ.
III. Жаңа сабақ
Тыныс белгілері — грек тілінен аударғанда «нүкте» деген мағынаны білдіреді. Тыныс белгілерін қою кезінде сөйлемдер бір-бірімен мағыналық байланыста болып, аяқталған ойды білдіреді.
Сөйлемнің алғашқы сөзі бас әріппен жазылады. Соңына мағынасына қарай нүкте (.), сұрау белгісі (?) немесе леп белгісі (!) қойылады.
Өлең (Қадыр Мырза Әли)
Нүкте деген — пайымды
Батыл тыныс белгісі,
Аяқтамай ойыңды,
Келмейді оның көнгісі.
Жазып жатқан кездерде
Асықпай-ақ күтеді.
Небір ғажап сөздер де
Сол нүктемен бітеді.
Дәптермен жұмыс
Өз бетімен жұмыс
Жаттығу
Тиісті тыныс белгілерін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Тоғайда түрлі аңдар болады қалың шатқалға қояндар жасырынады қызыл түлкілер тоғай кезіп жүреді тиіндер ағаштан ағашқа секіреді
Жаттығу
Сөздерді оқы. Олардан сөйлем құрап жаз.
Айдос, барды, ауылға, тұрады, атасы, әжесі, мен, ауылда, оған, қозы, берді, атасы, қозысын, ол, көреді, жақсы.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды соғамыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз тынығып аламыз.
Жаттығу
Мәтінді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз.
Балалар Ақлима әжесіне көмекке келді қыздар үй тазалады ұлдар жарды Ақлима әжей балаларға риза болды
Жаттығу
Тиісті тыныс белгілерін қойып, мәтінді көшіріп жаз.
Көрікті Алатау аясындағы мемлекеттік қорықта түрлі хайуанаттар тіршілік етеді солардың бірі теңбіл марал маралдың мүйізінен әр түрлі дәрі-дәрмек жасалады марал пайдалы жануар
IV. Сабақты қорыту
Үй тапсырмасы
«Көктем» мезгіліне шағын шығарма жазу.