Ауызша есептер айту

Сабақ тақырыбы мен жалпы бағыты

Тақырыбы
Қосу және азайту
Сабақтың түрі
Жаңа материалды оқыту, игеру, логикалық тапсырмалар орындау
Көрнекіліктер
Кеспе сандар кассасы, карточкалар, геометриялық фигуралар, слайдтар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Екі таңбалы санды ондықтарға және бірліктерге жіктеуді меңгерту, осы білімге негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық

Тапсырмалар арқылы ой-өрісті дамыту, өз бетімен есеп құрастыру және шығару дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, ұйымшылдыққа, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру және топқа бөлу

  • Оқушыларды топтарға бөлу.
  • Әр топқа топ басшысын тағайындап, бағалау парағын тарату.

2) Психологиялық тренинг

Әр оқушы өзіндегі жағымсыз қасиетті қағазға жазып, парақты мыжып лақтырады. Мақсат — жағымсыз ойлардан арылып, сабаққа жинақталып кіру.

3) Үй тапсырмасын тексеру: сөзжұмбақ және қайталау сұрақтары

  • Сұрақ

    1 дм-де неше см бар?

    Жауабы: 10 см

  • Сұрақ

    100 саны неше таңбалы сан?

    Жауабы: үш таңбалы сан

  • Сұрақ

    1 м-де неше дм бар?

    Жауабы: 10 дм

  • Сұрақ

    1 м-де неше см бар?

    Жауабы: 100 см

  • Сұрақ

    Қосуды қай амалмен тексереміз?

    Жауабы: азайту амалымен

  • Сұрақ

    Азайтуды қай амалмен тексереміз?

    Жауабы: қосу амалымен

  • Сұрақ

    Сыйымдылықтың өлшем бірлігі қандай?

    Жауабы: литр

  • Сұрақ

    Массаның өлшем бірлігі қандай?

    Жауабы: килограмм

4) Жаңа сабақ: 100-ге дейін санау және ауызша есеп

Негізгі дағды

100-ге дейін санау, ауызша есептеу дағдысын дамыту.

Ондықтар мен бірліктерден құралған санды оқу және жазу

2 онд 4 бірл

24

3 онд 2 бірл

32

9 онд 6 бірл

96

5 онд 7 бірл

57

8 онд 1 бірл

81

7 онд 9 бірл

79

5) Оқулықпен жұмыс: «әйнекшелер» тапсырмасы

Суретті пайдаланып, бос орындарға тиісті сандарды тауып жазыңдар. Қосу мен азайтудың өзара байланысын байқаңдар.

90 + 5 = 95

95 − 5 = 90

95 − 90 = 5

5 + 90 = 95

60 + 0 = 60

60 − 0 = 60

60 − 60 = 0

0 + 60 = 60

40 + 4 = 44

44 − 4 = 40

44 − 40 = 4

4 + 40 = 44

6) Сергіту сәті

Бір, екі, үш —
Бойға жинап күш.
Әдемі етіп жазамыз,
Күнде «бестік» аламыз.

7) Әңгімелесу: «Күз» мезгілі

Сұрақ

Қазір жылдың қай мезгілі?

Жауабы: Күз

Күздегі өзгерістер

  • Күн суытады.
  • Ағаш жапырақтары сарғаяды.
  • Жемістер мен көкөністер піседі.
  • Егін жиналып, дән қоймаға құйылады.
  • Аң-құстар қысқы азығын қамдайды.

Тақырыпқа байланысты суреттер слайдтар арқылы көрсетіледі.

8) Дидактикалық ойын: «Көкөніс жинайық!»

Тақтадағы себеттегі көкөністердің артына есептер жасырылған. Есепті дұрыс әрі жылдам шығарған топқа ұпай беріледі.

Нұсқаулық

№2 есеп: қай топ жақсы орындаса, сол топқа балл қосылады.

9) №3 есеп: шартын талдау және кері есеп құрастыру

Талқылау сұрақтары

  • Есеп не туралы?
  • Не белгілі, не белгісіз?
  • Екі топ осы есепке кері есеп құрастырады.

Дәптермен жұмыс: үш нұсқаның үлгісі

1-топ (негізгі есеп)

  • Тергені: 9 шелек
  • Бергені: 5 шелек
  • Қалғаны: ?

Ш: 9 − 5 = 4

Жауабы: 4 шелек алма қалды.

2-топ (кері есеп)

  • Тергені: ?
  • Бергені: 5 шелек
  • Қалғаны: 4 шелек

Ш: 5 + 4 = 9

Жауабы: 9 шелек алма терді.

3-топ (кері есеп)

  • Тергені: 9 шелек
  • Бергені: ?
  • Қалғаны: 4 шелек

Ш: 9 − 4 = 5

Жауабы: 5 шелек алма берді.

Ескерту: Есептің шартын слайдқа жазу үшін әр топтан бір оқушы шығып орындайды, кейін әр топ өз нұсқасын дәптерге түсіреді.

10) №4 есеп: екі таңбалы санды жіктеу және түсіндіру

Мысал 1

23 = 2 онд 3 бірл

23 = 20 + 3

Мысал 2

32 = 3 онд 2 бірл

32 = 30 + 2

Топтық тапсырмалар

  • 1-топ

    3, 6

  • 2-топ

    4, 5

  • 3-топ

    4, 2

Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, шығару жолын жазады.

11) №5 есеп: геометриялық фигуралар (ойын түрінде)

Слайд арқылы фигуралар көрсетіледі. Әр топ өзіне берілген фигура түрін анықтап, дұрыс орынға орналастырады.

1-топ

Үшбұрыштар

2-топ

Төртбұрыштар

3-топ

Көпбұрыштар

12) Шығармашылық тапсырма: «Билет нөмірі»

Билет нөміріндегі ондық — қатардың ретін, ал бірлік — қатардағы орынды көрсетеді. Тапсырма слайдта орындалады: әр топ өз қатарына сәйкес нұсқаны таңдайды.

13) Үй тапсырмасы және қорытынды

Үй тапсырмасы

№6 есеп

Шығарылу жолын түсіндіру, дәптерге орындау.

Қорытынды

Сабақта қосу мен азайтудың өзара байланысы бекітілді, екі таңбалы сандарды ондық пен бірлікке жіктеу арқылы есептеу тәсілдері қолданылды, кері есеп құрастыру дағдысы дамытылды.