Қанықпаған көмірсутектің формуласы

Сабақ туралы мәлімет

Қала
Алматы
Мектеп
№133 жалпы білім беретін мектеп
Пән
Химия (9-сынып)
Мұғалім
Оразбекова С. Т. (химия-биология пәндері мұғалімі)
Сабақтың тақырыбы
Метанол, этанол. Көпатомды спирттер туралы түсінік
Сабақтың типі
Жинақтау және жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Сабақтың мақсаты

Метанол мен этанолға, сондай-ақ көпатомды спирттерге қатысты білім қалыптастыру: олардың құрылысы, номенклатурасы, қасиеттері және қолданылуы.

Сабақтың міндеттері

1) Білімді жүйелеу

Өткен тарау бойынша алған білімді жинақтау және қорытындылау; өзін-өзі бағалауға үйрету; жетістіктерін сезініп, әлсіз тұстарын сын көзбен талдай білуге баулу.

2) Қабілеттерді дамыту

Жеке тұлғаның зияткерлік, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; химиктердің қоғам өміріндегі рөлін ашу; пән тілінде сауатты сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру; өз бетінше еңбектену, ойлау қабілеті және пәнаралық байланысты дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, белсенділікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу. Болашақ қоғамның саулығы әр адамның денсаулығына байланысты екенін түсіндіру, спиртті ішімдіктерден аулақ болуға бағыттау.

Қолданылған әдіс-тәсілдер және жұмыс формалары

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Зертханалық жұмыс
  • Шығармашылық жұмыс

Сабақтың формасы

  • Жекелей жұмыс
  • Жұппен жұмыс
  • Топпен жұмыс

Сабақ жоспары: үй тапсырмасын сұрау

Сыныпта түрлі түсті қағаз берілген оқушы сұраққа жауап береді.

Сұрақ 1

Көмірсутектер деп нені атаймыз?

Сұрақ 2

Көмірсутектер неше түрге жіктеледі?

Сұрақ 3

Қанықпаған көмірсутектер неге осылай аталады?

Сұрақ 4

Қаныққан көмірсутектердің жалпы формуласы қандай?

Сұрақ 5

Қанықпаған көмірсутектердің жалпы формуласы қандай?

Сұрақ 6

Изомерия дегеніміз не?

Сұрақ 7

Гомологтық қатар дегеніміз не?

Сұрақ 8

Метанның формуласы қандай?