Өткен сабақтарға байланысты тест сұрақтарына жауап беру

Дүниетану 4-сынып Жаңа материалды меңгерту

Тақырып: Мемлекеттік рәміздер

Бұл сабақта Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасы мен идеялық мазмұны таныстырылады. Оқушыларды мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге үйрету және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу көзделеді.

Мақсат

  • Мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасы мен идеялық мазмұнын түсіндіру.
  • Рәміздерді құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

  • Компьютер
  • Microsoft PowerPoint презентациясы
  • Тест сұрақтары

Әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғысынан ойлау тәсілдері қолданылады:

  • Ой шақыру
  • Пікірлесу
  • Топтастыру стратегиясы

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық икем

Күн көзіндей күлімдеп,
Көңілді болып жүрейік.
Қазіргі болар сабаққа
Жүректен ақ жол тілейік!

2) Тақырып пен мақсат

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады: мемлекеттік рәміздердің мазмұнын түсіну, оларды құрметтеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтар бойынша тест сұрақтарына жауап беру.

  1. 1) Біздің мемлекетіміз қалай аталады?

    • а)Қазақ елі
    • в)Қазақстан Республикасы
    • с)Қазақ хандығы
  2. 2) Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?

    • а)1986 жылы 16 желтоқсан
    • в)1991 жылы 1 желтоқсан
    • с)1991 жылы 16 желтоқсан
  3. 3) Қазақстанда Тәуелсіздік күні қашан атап өтіледі?

    • а)1 қыркүйек
    • в)10 маусым
    • с)16 желтоқсан
  4. 4) Қазақстан Республикасының елордасы қалай аталады?

    • а)Қызылорда
    • в)Алматы
    • с)Астана
  5. 5) ҚР Конституциясының қай бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп көрсетілген?

    • а)7-бап
    • в)8-бап
    • с)3-бап
  6. 6) Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» Заңды қашан қабылдаған?

    • а)1992 жылы 4 маусым
    • в)1997 жылы 11 шілде
    • с)1991 жылы 16 желтоқсан
  7. 7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — ...

    • а)орыс тілі
    • в)ана тілі
    • с)қазақ тілі
  8. 8) Қазақстан Республикасының ұлтаралық қарым-қатынас тілі — ...

    • а)орыс тілі
    • в)мемлекеттік тіл
    • с)қазақ тілі