Әзірбайжан жерінде мешіт салдырған хан
Сабақ туралы мәлімет
Өңірі
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Шәменов ауылы
Мектеп
№34 орта мектеп
Пән мұғалімі
Тарих және география пәні мұғалімі Едігеева Гүлдерай
Пән / сынып
Қазақстан тарихы, 7-сынып
Сабақ тақырыбы
Ақ Орда (XIV ғасыр – XV ғасырдың басы)
Дереккөздер мен оқу ресурстары
Негізгі әдебиет
- Білім стандарты және пән бағдарламасы.
- «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығы (7-сынып), авторлар: Артықбаев Ж. О., Сабданбеков Ә. Ә., Әбіл Е. Н.
- Интернет материалдары және Wiki деректері.
Құрал-жабдықтар
Жалпы мақсат және міндеттер
Жалпы мақсат
Ақ Орда мемлекетінің құрылуы, аумағы, ішкі және сыртқы саяси жағдайы, сондай-ақ шаруашылығы туралы білімді меңгерту; XIV–XV ғасырларда өмір сүрген Ақ Орданың тарихи дамуын қазіргі Қазақстан тарихымен байланыстыра түсіндіру.
Негізгі идея
Тарихи деректермен жұмыс істей отырып, Ақ Орданың мемлекеттік дамуын, билік жүйесін және тарихи маңызын түсіндіру.
Міндеттері
- 1 Ақ Орда мемлекетінің құрылуын, жер аумағын, ішкі-сыртқы саяси жағдайын және шаруашылығын оқып түсіну; Ақ Орданың ішкі және сыртқы саясаты мен экономикалық жағдайы туралы толық мәлімет беру.
- 2 Оқушыларды тарихи оқиғаларға өз бетінше баға беруге, қорытынды жасауға үйрету; топтық жұмыс дағдыларын дамыту.
- 3 Топта бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
- Ақ Орда мемлекетінің қай ұлыстың орнына құрылғанын анықтайды.
- Ақ Орданың алып жатқан жері мен орталығын біледі.
- Этникалық құрамын түсіндіреді.
- Ішкі және сыртқы саяси жағдайын талдайды.
- Ақ Орданың мемлекеттік күш-қуатын нығайтқан хандарды таниды.
Сабақ форматы
Топтық жұмыс
Мәтінмен жұмыс, постер әзірлеу және қорғау.
Жұптық жұмыс
Кесте толтыру: Алтын Орда мен Ақ Орданы салыстыру.
Жеке жұмыс
Жабық тест арқылы білімді бекіту.
Сабақ барысы (мұғалім жазбалары)
I. Ұйымдастыру
Жалпы уақыты: 4 минут
1) Психологиялық ахуал (2 минут)
Оқушыларға жағымды орта қалыптастырып, зейінді сабаққа аудару.
Күндей жадырап, жұлдыздай жарқырап,
Таңдай арайлап, судай мөлдір, таза көңілмен
сабағымызды бастаймыз.
2) Топқа біріктіру (2 минут)
Оқушыларды үш топқа бөлу: Ақ Орда, Көк Орда, Боз Орда.
II. Үй тапсырмасын тексеру
«Қарлы кесек» ойыны
Сұрақ-жауап арқылы өткен тақырыпты пысықтау: «Қазір қай мезгіл?» — «Қыс мезгілі». Қысқа байланысты «Қарлы кесек» ойыны арқылы үй тапсырмасының дайындық деңгейі анықталады.
Сұрақтар (1–5)
- Алтын Орданың алғашқы орталығы: Сарай-Бату.
- 1227–1255 жылдары Алтын Орданы билеген хан: Батый хан.
- Батый хан кім? Алтын Орданы құрушы моңғол ханы.
- Әзірбайжан жерінде мешіт салдырған хан: Берке хан.
- Қай хан тұсында мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды? Өзбек хан.
Сұрақтар (6–10)
- Тоқтамыс қай жылы Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеді? 1382 жылы.
- Алтын Орданың соңғы ханы: Шейх-Ахмед.
- Алтын Ордада салық жинауға жауапты адамдар: даруға.
- 1342–1357 жылдары Алтын Орданы билеген хан: Жәнібек хан.
- Неліктен «Алтын Орда» деп аталды? Алтын босағалы Ақ Ордаға байланысты.
Қызығушылықты ояту
2 минут
Оқушыларға сурет арқылы сұрақ қою:
- Суреттегі ғимарат таныс па?
- Қайда орналасқан?
- Қалай аталады?
- Неліктен резиденция «Ақорда» деп аталған?
III. Жаңа сабаққа кіріспе (тұсаукесер)
Мағынаны ашу
Ақорда — Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ал бүгінгі сабақта «Ақ Орда» атауының тарихи мағынасы бар-жоғын және оның мазмұнын бірлесіп ашамыз.
Бағалау
Бағалау парағы қолданылады.
IV. Мәтінмен жұмыс
1-тапсырма: топтық жұмыс
1-топ: Ішкі және сыртқы саясат
Тақырыпты ашуға арналған тірек сөздер: Ерзен мен Мүбәрак, Ұрұс хан, 1327–1328 жж., 1368–1369 жж., 1374–1375 жж., Түй-Қожа, Тоқтамыс, Әмір Темір, Темір-Мәлік, 1379 ж., 1380 ж., Барақ, 1428 ж., Әбілқайыр хан.
Қорытынды ой: XV ғасырда Ұрұс ханның ұрпақтары Ақ Орда жерінде Қазақ мемлекетін құрды.
2-топ: Құрылуы, аумағы және этникалық құрамы
Тірек сөздер: қыпшақтар, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, керей, үйсін, найман; түркі тілдес тайпалардан құралған; Сығанақ қаласы; Орда Ежен мен Шайбан; XIV–XV ғғ.
3-топ: Шаруашылық
Суреттер арқылы талдау: егіншілік, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
Әр топ плакатқа ойларын жинақтап, талқылайды, басқа топтарға түсіндіріп баяндайды. Тыңдау және пікір алмасу ұйымдастырылады.
Жұптық жұмыс
Салыстырмалы талдау
Алтын Орда мен Ақ Орданы салыстыру: басқару жүйесі, аумақ, орталық, ішкі-сыртқы саясат және тарихи ықпал.
Бекіту
Ашық сұрақтар
1-сұрақ
Ақ Орданың құрылуы осы өңірдегі тайпалар мен халықтар үшін қандай пайда әкелді? Маңызы неде?
Жауап бағыты: қазақ тайпаларының бытыраңқылығын және өзара қырқысуын азайтып, толассыз қантөгісті тоқтатуға ықпал етті; тайпаларды бір мемлекетке топтастыруға негіз болды.
2-сұрақ
Ақ Орданы басқарған хандардың ішінде қайсысы есіңде ерекше сақталды? Неліктен?
Мүбәрак: 1327–1328 жж. Сығанақта теңге соқтырды.
Ұрұс хан: мемлекеттің күш-қуатын арттырды, Тоқтамыс пен Әмір Темірге қарсы күресті.
Тоқтамыс: Әмір Темірдің қолдауына сүйенді (себеп-салдарын талдау ұсынылады).
Барақ сұлтан: Ақ Орданы қайта қалпына келтіруге әрекет жасады.
Әбілқайыр хан: Ақ Орданың біраз жерін жаулап алып, өз хандығын құрды.
Кері байланыс
Оқушылар сабақтан алған әсері мен түсінгенін қысқаша жазады немесе ауызша бөліседі.