Қызы мен әкесі
Желілі ойын: «Отбасы», «Емхана», «Дәріхана», «Әмбебап», «Шаштараз»
Мақсаты
- Балаларды желілі ойындардың жаңа түрлерімен таныстыру, ойнату және өзіндік ойын барысында қатарластарының ойымен келісуге үйрету.
- Ойын кезінде бір рөлден екінші рөлге ауыса білу дағдысын жетілдіру.
- Қоршаған өмір туралы білімді қолдана отырып, диалогтік тілді дамыту.
- Бір ойынның бірнеше бөлімге бөлініп, кезең-кезеңімен өрбитінін көрсету.
- Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу және қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік
Дәрігер, әмбебап дүкен сатушысы, шаштараз, жүргізуші, отбасы мүшелері рөлдеріне арналған атрибуттар; ұялы телефондар; жанармай бекеті ойынына қажетті құрал-жабдықтар.
Рөлдер
Дәрігер, сатушы, шаштараз, жүргізуші, кондуктор, отбасы мүшелері
Құралдар
Ұялы телефон, тексеру құралдары, касса/ақша, жолдама қағаз
Локациялар
Үй, көлік паркі, емхана, жанармай бекеті, шаштараз
Ойын барысы
Қонақтармен амандасу
Мынау — менің жүрегім, бәрі осыдан басталған.
Мынау — менің басым, бәрін осы басқарған.
Мынау — менің оң қолым, барлық істі тындырған.
Бәріміз тату болайық, сәлеметсіздер ме!
Амандасып алайық, жұлдыздай жарқырайық, бүгінгі күнді бастайық.
Балалар, бүгінгі күнімізді бастау үшін бәрің өздеріңе қажетті фишкаларды алып, орындарыңа жайғасасыңдар. Қазір бәріміз үлкендер өміріне саяхатқа шығамыз.
I. «Отбасы» ойыны
Көрініс: отбасы мүшелері дөңгелек үстел басында.
Анасы
Дастан алты жасқа толды. Сондықтан мен оны дәрігерлік тексерістен өткізу үшін емханаға апарамын. Қызым, сен бүгін не істейсің?
Қызы
Мен шаштаразға барып, шашымды жөндеткім келеді.
Анасы
Онда қазір шаштаразға қоңырау шалып, кезекке жазылып қой.
Қызы
Жарайды. (Телефон соғады.)
Сәлеметсіз бе! Шашымды сәндеуге кезекке жазылғым еді. Рахмет!
Анашым, кезекке жазылдым. Енді маған біраз ақша керек.
Әкесі
Мен қазір банкоматтан жалақымды шешіп аламын. Бірге шығайық. Бүгін демалысым, саған еріп жүруге уақытым бар.
Қызы
Жарайды, әке.
Анасы
Онда үйге қайтар жолда сүт, май, тәттілер ала салыңдар.
Қызы мен әкесі
Жарайды.
Әкесі
Ал, жүріңдер, алдымен шай ішіп алайық. Сосын бірге шығайық.
(Бәрі бірге шығады.)
II. Жолаушылар тасымалы көлік паркі
Көрініс: жүргізуші диспетчерден жұмыс кестесін алады, кейін дәрігерлік тексерістен өтеді.
Жүргізуші
Сәлеметсіз бе!
Диспетчер
Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші
Бүгінгі жұмыс жоспарымды білейін деген едім.
Диспетчер
Сіз бүгін №9 бағыт кестесі бойынша жүресіз.
Міне, жұмыс кестеңіз. Ал мынау — жолдама қағазыңыз.
Жүргізуші
Рахмет. Сау болыңыз.
(Алдынан кондуктор шығады.)
Кондуктор
Сәлем! Бүгін №9 бағытпен жүретін болдық. Жүр, дәрігерге кіріп, тексеріліп шығайық.
Жүргізуші мен кондуктор
Сәлеметсіз бе!
Дәрігер
Сәлеметсіздер ме, кіріңіздер.
(Кезекпен дене қызуын және қан қысымын тексереді.)
Жақсы, жұмыс істеуге рұқсат. Күндеріңіз сәтті болсын!
Жүргізуші мен кондуктор
Сау болыңыз!
Жүргізуші: Енді жанармай құйып алайық.
III. Жанармай бекеті
Көрініс: жүргізуші оператордан бағаны сұрап, жанармай құйдырады.
Диалог
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе!
Оператор: Сәлеметсіз бе!
Жүргізуші: Жанармай құйғызайын дегенмін. Литрі қанша тұрады?
Оператор: 1 теңге.
Жүргізуші: 10 литр алсам, қанша болады?
Оператор: Литрі 1 теңге болса, 10 литрі 10 теңге болады.
Жүргізуші: Міне, 10 теңге алыңыз. (Төлейді.)
Оператор: Дайынсыз ба? Жіберемін. (Құяды.)
Жүргізуші: Рахмет, сау болыңыз.
Назар аударатын тұстар
- Сыпайы амандасу және қоштасу мәдениеті.
- Сұрақ қою, жауап беру, нақтылау арқылы диалог құру.
- Қарапайым есеп: литр бағасы × литр саны.
- Рөлдік ауысу және әрекет ретін сақтау.