Топқа үшінші деңгейлік тапсырманы орындау

Жалпы мәлімет

Мектеп

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №17 орта мектеп.

Пән / сынып

Қазақ әдебиеті, 7-сынып.

Мұғалім

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нурмашова Гулнара.

Тақырып

Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесін оқу және талдау.

Аралас сабақ Дөңгелек үстел Сын тұрғысынан ойлау Диалогтік тәсіл

Мақсаты

Білімділік

Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесін түсіндіріп, шығарма туралы танымды кеңейту.

Дамытушылық

Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту; өз пікірін жүйелі жеткізу, пайымын дәлелдеу дағдыларын жетілдіру; бүгінгі күнмен байланыстыра салыстырмалы талдау жасауға үйрету.

Тәрбиелік

Ұлттық рухани құндылықтарды бағалауға баулу; адамгершілік пен өзара сыйластықты нығайту; адал, мәдениетті тұлға қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер

  • Сын тұрғысынан ойлауға, өз пікірін жүйелеуге және қорғауға үйренеді.
  • Жаңа ақпаратты қабылдап, оны талдауға дағдыланады.
  • Сыныпта жағымды қарым-қатынас қалыптасады.
  • Ойлау және сөйлеу мәдениеті дамиды.
  • Пәнге қызығушылығы мен белсенділігі артады.

Түйінді идея

Жазушылардың әңгімелерін оқи отырып, тарихи кезеңдерді танып-білу және оқиғаларды қазіргі өмірмен байланыстыра қарастыру.

Сабақты ұйымдастыру

Топқа бөлу

Оқушылар 4 топқа бөлінеді:

  • Ақтар тобы
  • Сарылар тобы
  • Көктер тобы
  • Қызылдар тобы

Топ ережесі

Оқушылар топтық жұмыстың ережесін өздері құрастырады. Ереже көрнекі жерге ілінеді және сабақ бойы сақталады.

Көрнекілік

Интерактивті тақта, сауалнама, сараптама қорытындылары.

Әдіс-тәсіл

Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік тәсіл, сұрақ-жауап, сауалнамалық зерттеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі.

Сабақтың барысы

Қызығушылықты ояту

  1. 1 Сәлемдесу.
  2. 2 Оқушыларды түгендеу.
  3. 3 Психологиялық дайындық: топпен оқитынымызды түсіндіріп, топ ережесін қабылдау.

Мағынаны тану

Үй тапсырмасын тексеру

Әр топтан бір оқушы «Қоңыр күз еді» әңгімесінің мазмұнын айтады. Жауаптар бағаланып, баға қойылады.

Өтілген тақырыпқа шолу: «Бұл кім?»

«Бұл көк ат та бір, біз де бір — қу жанға тыныштық жоқ…»

Жауабы: Жарықжұлдыз.

«Ой, су мұрын, сен жүрген жер тек болушы ма еді…»

Жауабы: Алтын.

«Бар, ана Қабдығалиеваның қасына! Тістеп алар деймісің, қорықпа!»

Жауабы: Мектеп басшысы (Маймұрын).

«Иә, жаңа жарасты ғой өздері…»

Жауабы: Бүкір деген бала.

«Бұл қай мезгіл?»

Ақ жауын себелеп тұр. Жол лайсаң. Алтай өңірінің ең бір жүдеу шағы.

Жауабы: Күз.

Қарағайлы шатқал арасындағы ауыл үстіне ымырт үйіріліп, үйлер алагеуімденіп көрінеді.

Жауабы: Бейуақ, кешкі мезгіл.

Соғыс біткеніне бір-ақ жыл болатын. Сол жылдың қай мезгілі еді?

Жауабы: Күз.

Алматай берген кітапты оқып отырғанда уақыттың өтіп кеткенін байқамай қалдым…

Жауабы: Түннің ортасы.

Әңгімеде кездесетін кітап атаулары

1) Кітаптың сыртында не деп жазылған?

Жауабы: «Қазақ тілі» (латын әрпімен).

2) Авторын кейін білгенде, кітап қалай аталды?

Жауабы: «Шұғаның белгісі».

3) Алматай жоғары сыныпта қай пәннен сабақ береді?

Жауабы: Әдебиет.

4) «Сурет өнерінің асыл қазынасын…» деген үзіндідегі кітап қайсы?

Жауабы: «Қазақ тілі».

Жаңа тақырып

Қалихан Ысқақтың «Қоңыр күз еді» әңгімесінің мазмұнын баяндау, мәтінмен жұмыс жүргізу және талдау жасау.

Кітаппен жұмыс (топтық тапсырмалар)

  1. 1) Талдау сұрақтары

    «Шұғаның белгісін» Қасым неге қызығып оқыды? Жазушымен кездесемін деген үміті Алматыға келгенде неге үзілді?

  2. 2) Бірінші деңгейлік тапсырма

    Топтық жұмыс ретінде берілген тапсырманы орындау.

  3. 3) Екінші деңгейлік тапсырма

    Талдауды тереңдетіп, дәлелдермен толықтыру.

  4. 4) Үшінші деңгейлік тапсырма

    Жинақтау, салыстыру және қорытынды пікір ұсыну.

Сергіту сәті: «Өзіңді тап»

Ақ қағазға кейіпкердің аты жазылады. Оқушы сұрақтар қою арқылы өзінің қай кейіпкер екенін анықтайды.

Қосымша мәлімет

Бейімбет Майлин туралы қысқаша түсінік беріледі.

2-тапсырма: «Менің сұрағым»

Формат

Әр топ басқа топтарға 2 сұрақтан қояды.

Тайм-менеджмент

Сұрақ құрастыруға топтық жұмысқа 1 минут беріледі.

Нәтиже

Сабақ барысында 8 сұрақ және 8 жауап қарастырылады.

Бағалау критерийлері үлестіріледі. Құжатта «Толық нұсқасын жүктеу» бөлімі көрсетілген.