Дауысты дыбыстардың түрлерін ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні
Қазақ тілі (2-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Етістік
Сабақтың типі
Жаңа тақырып
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, жазбаша жұмыс, ізденушілік
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, жұмыс дәптері, тест тапсырмалары

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу және түгендеу

Оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру, оқушыларды түгендеу.

Топ атаулары

  • 1-топ: Зат есім
  • 2-топ: Етістік
  • 3-топ: Сын есім
  • 4-топ: Сан есім

Психологиялық дайындық

Әр адамның алдына қойған мақсаты болады. Сол мақсатқа жету үшін көп еңбек етеді. Біздің де мақсатымыз бар: білім алу. Міндетіміз: еңбек етіп, үздік бағаға ұмтылу.

Ұран:

1, 2, 3 — бойға жинап күш,
Білімнен біз қашпаймыз.

І. Үй тапсырмасы және өткенді қайталау

Ережелерді еске түсіру үшін интерактивті тақтадағы жасырылған ұяшықтардан сұрақтар ашылып, оқушылар жауап береді.

Фонетика бойынша сұрақтар

  1. 1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
    Дауысты, дауыссыз.
  2. 2. Дауысты дыбыстардың түрлерін ата, мысал келтір.
    Жуан, жіңішке.
  3. 3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
    Үнді, ұяң, қатаң.
  4. 4. Қатаң дауыссыз дыбыстарды ата.
    қ, к, п, с, ф, т, х, һ, ц, ч, ш, щ.

Тіл дамыту және грамматика

  1. 5. Мәтіннің қандай түрлері болады?
    Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
  2. 6. Сөйлем дегеніміз не?
    Сөйлем — аяқталған ойды білдіреді.
  3. 7. Сөйлем айтылуына қарай нешеге бөлінеді?
    Хабарлы, сұраулы, лепті.
  4. 8. Лепті сөйлем дегеніміз не? Мысал келтір.
    Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем.
  5. 9. Түбір дегеніміз не?
    Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағыналы бөлігі — түбір сөз.
  6. 10. Қосымша нешеге бөлінеді? Ата.
    Жұрнақ, жалғау.
  7. 11. Қандай сөз таптарын білесіңдер?
    Зат есім, етістік, сын есім, сан есім.
  8. 12. Зат есім дегеніміз не? Қандай түрлері бар?
    Заттың атын білдіретін сөздер. Жекеше, көпше.

ІІ. Жаңа материалды игеруге дайындық

Ертегілер әлеміне саяхат

Бүгінгі сабақта ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. Ерте заманда Сөз табы деген ата болыпты. Атаның төрт баласы бар екен: Зат есім, Етістік, Сын есім, Сан есім. Сол себепті оқушылар да осы төрт топқа бөлінеді.

«Үн қатпа» ойыны

Әр топтан бір оқушы үнсіз қимылды көрсетеді. Екінші оқушы сол қимылды сөзбен атап, тақтаға жазады. Қимылға сұрақ қою арқылы іс-әрекетті білдіретін сөздер анықталады.

Қорытынды сұрақ

«Бүгін Сөз табы атаның қай баласымен танысамыз?» — оқушылардың жауабы: Етістік.

Ереже

Етістік — заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік не істеді?, қайтті?, не қылды? деген сұрақтарға жауап береді.

Жұмбақ және сөз топтастыру

Жұмбақтар

  1. 1. Жазда қыдырады, қыста тынығады.
    Жауабы: су.
  2. 2. Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.
    Жауабы: күн.

«Күн» сөзімен етістіктерді топтастыру

  • нұрын шашады
  • шуағын береді
  • шығады
  • жарқырайды
  • батады

Осы етістіктер арқылы күннің қимылы мен іс-әрекеті сипатталады.

Сергіту сәті

«Қамажай» биі.

Тапсырмалар

1-тапсырма: Оқулықпен жұмыс (356-жаттығу)

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

Тоғайда түрлі аңдар болады.
Терең шатқалға қояндар жасырынады.
Қызыл түлкілер тоғайда жүреді.
Тиіндер ағаштан ағашқа секіреді.

2-тапсырма: Сәйкестендіру

Берілген етістіктерді тиісті сөздермен сәйкестендір.

  • қонды
  • жүзді
  • жауды
  • тасыды

Сабақты бекіту

Оқушыларға конверттің ішіндегі сөздер ұсынылады. Тапсырма: осы сөздердің ішінен етістіктерді тауып, «себетке» жинау.

Сөздер жиыны

Көгершін Астана жинады айтты көрді сүртті оқыды қаламдар мақта қар емдеді секірді ұшақ әндер оқулық ұйықтады ашты жазды Құлагер үтіктеді баптады шыршалар қасқыр ойнады Есіл биледі қашты ішті кесті сайрады өсті домбыра балалар

Рефлексия

Үй тапсырмасы

  • 359-жаттығу: «Білім керек бәріне» тақырыбына әңгіме құрастыр.
  • Ереже: етістік туралы ережені жаттау.

Бағалау

Оқушылардың тапсырмалар орындауы, белсенділігі және жауаптарының дәлдігі бойынша бағаланады.