Алтын дәнді дала сөз тіркесінің мағынасын ашу

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

№271 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Шуиишбаева Жаңагүл Бердібекқызы

Сабақтың қысқаша сипаттамасы

Сабақтың тақырыбы

Ө. Тұрманжанов — «Туған өлкем»

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

  • Сабақ барысына арналған слайд
  • Тапсырмалар жазылған түрлі-түсті үлестірме қима қағаздар

Күтілетін нәтиже (таңдау бойынша)

  • Сурет салу
  • Туған жер табиғатын сөзбен сипаттау

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік

Отан, туған жер, туған тіл туралы түсініктерін тереңдету; туған өлкенің табиғатының әсемдігі мен байлығы жайлы ой өрісін кеңейту. Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіру.

2) Дамытушылық

Өз ойын анық жеткізу дағдыларын дамыту. Тіл байлығын арттыру, дұрыс сөйлеу, қатесіз және түсініп оқу дағдыларын жетілдіру.

3) Тәрбиелік

Туған жерді, елді қастерлеуге, тілді бағалауға, ата-ананы сыйлауға, халқына пайда келтіруге бағытталған адамгершілік құндылықтарға баулу.

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығы оянып, тапсырмаларға ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

«Неткен сұлу, неткен көркем» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі.

Сұрақ-жауап

  • Фильм ұнады ма?
  • Біздің жеріміз қандай? (сұлу, көркем, әсем, әдемі, тамаша, көз тоймайтын)
  • Осы ойды жалғай отырып, бүгін Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысамыз.

Өлеңмен жұмыс (оқылым)

  1. Мұғалім оқығанда «түртіп алу» әдісімен түсініксіз сөздерді белгілету.
  2. Оқушылардың өз бетінше дауыстап оқуы.
  3. Әр топтан бір оқушыға мәнерлеп оқыту.

Кешенді талдау

  • Өлеңнің тақырыбы
  • Авторы
  • Неше шумақ, неше тармақ екені

Дәптермен жұмыс (сөздік)

Жұпар
өте жақсы, хош иіс
Шалқып, тасқан
өркендеген
Бақыт тапқан
бақытты

Сергіту сәті

Оқушылар «Туған жер – алтын бесігім» өлеңін айтады.

Топтық жұмыстар

Негізгі тапсырмалар (№1–№4)

№1

Өлең не туралы? Тақырыбын анықта.

№2

Ақынның сезімін білдіретін сөздердің астын сыз.

(қуаныш, өкініш, мақтаныш, қайғы, шаттық, реніш)

№3

«Алтын дәнді дала» сөз тіркесінің мағынасын аш.

№4

«Ақ күмістей қала» сөз тіркесінің мағынасын аш.

Шығармашылық тапсырмалар (топтарға)

1-топ

«Туған өлкем» тақырыбына сурет салу.

2-топ

Өлең құрастыру:

Қызылордам — алтын мекенім,
................................................ өтемін.
Қияға қанат қақсам да,
................................................ жетемін.

3-топ

Мақалға ребус құрастыру:

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.»
«Отан — оттан да ыстық.»

Қорытынды, бағалау және кері байланыс

Қорытынды

Сабақты қорытындылау үшін «Алтын қақпа» ойыны арқылы есік ашылады (2 сұрақ).

Үй тапсырмасы

  • «Туған өлкем» өлеңін жаттап келу.
  • Туған жерінің суретін салу.
  • Күнделікке жазып алу.

Бағалау және кері байланыс

  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
  • Бағалау парақшасын толтыру.
  • Кері байланыс: оқушылар смайликтерді өз қалаған нұсқаға жабыстырады.