Мәтінді оқы
Мұғалім туралы
Өңір
Ақтөбе облысы
Аудан / ауыл
Алға ауданы, Қарақобда ауылы
Мұғалім
Малаева Индира Жақсылыққызы
Қарақобда орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі
Тапсырмалар
Төмендегі тапсырмалар оқушының дыбыстық талдауын, сөздік қорын және сауатты көшіріп жазу дағдысын дамытуға бағытталған.
1) «Т» әрпін толықтыру
Жазылым- «Т» әрпінен басталатын 5 сөз жаз.
- Осы сөздерді қолданып бір сөйлем құрастыр.
2) «Сөз өрім» ойыны
ОйлауБір сөзді жаз. Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталсын. Осылайша тізбекті жалғастыра бер.
Ереже
Әр жаңа сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталуы керек.
3) Мәтінмен жұмыс
Оқу + көшіріп жазу- Мәтінді мұқият оқы.
- Мәтінге ат қой.
- Әдемі әрі қатесіз көшіріп жаз.
Мәтін
Төмендегі мәтінді оқып, мағынасын түсін. Содан кейін мәтінге лайықты атау қойып, көркем әрі сауатты түрде көшіріп жаз.
Аяққап туралы
Аяққапты қыстың үскірік аязды күндерінде бүркіттің аяғына кигізеді.
Оның сыртқы тысын бұғының илеген жұмсақ терісінен пішеді. Ішін мауыты, помбарқыт сияқты жылылық беретін маталармен астарлайды. Жиектерін жіппен торлайды.
Ішкі жағын қуыстап тігеді. Саусақтарының ұшынан тұяқ шығып тұратын тесіктер жасайды. Аяққаптың алақаны мен табан жағы ашық болады.