Сен қызғанба

Бекзада мұң
Бекзада мұң таңдап алған ашынам.
Кеш қарайса тағы шарап ішеміз.
Мұң шарабы мың жыл тұрып ашыған
Ішкен сайын қара терге түсеміз.

Кел, Күз мырза! Сүйші мені тартынбай,
Көйлегіме қол жүгірсін самалың.
Жұпарымнан іше алсаң іш алқынбай,
Сөйлеп тұрмын таусылған соң амалым.

Кірпігімнің әр талынан өбіңіз.
Деммен емес, діріліңмен жылытшы.
Бүгінгі түн не айтсам да көніңіз
Тағдырды да, жазмышты да ұмытшы.

Бұлтыңызбен кетейінші ілесіп,
Басым ауған жаққа қарай тоқтамай.
Сен қызғанба! Күрең ойдан күле шық,
Тарпа бас сап сүйген кезде сотқар Ай.

Сіз емес ол. Күз ғой маған ынтыққан.
Сіз сүймейсіз. Күз сүйеді мені шын.
Мен де сіздей адалдықты пір тұтқам,
Мен де Күзге беріп қойғам келісім.

Сіз кеңсеге, мен сезімге байлаулы
Сізге қызмет, маған Муза маңызды.
Өзің жайлы доғарар ем ойлауды
Мына жүрек тоқтап қалар тәрізді.
Танакөз Толқынқызының басқа өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

Тіл ұстарту жұмысына магнитафонды пайдалану
Сана, рух және тіл. Үңгір Аллегориясы. Б. Расселдің сыни ойлаудың 10 қағидасы
Мораль мен этикаға түсінік
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы туралы
Мораль мен құқықтың ара-қатынасы
Көне грек әдебиетінің дәуірленуі. Классикалық кезеңдегі антикалық әдебиет. Өкілдері
Тұлғаның рухани-адагершілік дамуына қажетті жағдайлар қалыптастыру
Ежелгі аңыздар немесе қазақ халқының әлемдік өркениетпен жапсарласатын тұсы
Қазақ мақал - мәтелдерінің табиғаты
Темекіні тастау әдістері
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ
Қазақстан — әлемдік қоғамдастықтың белсенді мүшесі
Этноцентризм және әйелдер
Биоценоз туралы түсінік
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері
Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктің маңызы
Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы
Ілияс Есенберлин
Лицензиясыз қызметтен түскен табыстан айыру жөнінде
Фотолюмениценция