Шарықтап биіктен көрінсін қазақ елі
Тәрбие сағатының тақырыбы
Менің елім — Қазақстан
Мақсаты
- Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Қазақстанның бай әрі қуатты ел екенін мақтан тұтуға үйрету; туған елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, махаббат сезімін ояту.
- Отанды, туған жерді қорғай білуге баулу; талантты ақындардың өлеңдері мен ата-бабадан қалған даналық сөздер арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, ата мекенді көздің қарашығындай сақтауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
- Ойды жүйелі жеткізу, шығармашылықпен жұмыс істеу, мәнерлеп өлең оқу және мәтін мағынасын түсіну дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі
Елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, мемлекеттік рәміздер, авторлардың суреттері, қанатты сөздер, гүлдер.
Әдісі мен формасы
Әдісі
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік.
Формасы
Саяхат-сабақ.
Тәрбие үрдісінің бағыты
Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру, ынтымақтастық атмосферасы, сұрақ-жауап және тапсырмалар арқылы білімді бекіту.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, 1-қыркүйек — Білім күні құтты болсын! Бүгінгі алғашқы сабағымызда бірге саяхатқа шығамыз. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз Отанымыз туралы білімімізді толықтырамыз. Сабағымызды бастамас бұрын ынтымақтастық атмосферасын орнатып, бір-бірімізге және елімізге ізгі тілектерімізді айтайық.
«Шаттық шеңбері» — ізгі тілектер
1. Көгілдір аспанымыз ашық болсын!
2. Күніміз жарқыраған, жарқын болсын!
3. Жер беті мейірім мен шапағатқа бөленсін!
4. Білім күні құтты болсын!
5. Қазағымды бүкіл әлем танысын!
6. Келешекте өрісіміз кең болсын!
7. Жайнай бер, тәуелсіз ел — Қазақстан!
8. Жасасын еркін Қазақ елі!
9. Шарықтап биіктен көрінсін қазақ елі!
10. Шарықта, шарла көкті, көк Байрағым!
11. Әлем кезіп, Әнұраным айтылсын!
12. Биікке қалықта, Елтаңбасы — елімнің!
13. Бейбіт өмір жасасын!
14. Білімді оқушылар көп болсын!
15. Ұлттар достығы жасасын!
Отан туралы әңгіме
Сұрақ: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Жауап: Қазақстан.
Көрнекілік
2 минуттық бейнеүзінді көрсету.
Қазақстан — ортақ үйіміз
Қазақстан Республикасы — біздің туып-өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Қазақстан жері кең, әсем әрі бай.
Қазақстан аумағы батыстан шығысқа қарай шамамен 3000 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 км созылады. Еліміздің табиғи байлығы мол: мал шаруашылығы, егіншілік, су ресурстары, аң-құс, сондай-ақ таусылмас кен байлығы.
Елорда туралы
Сұрақ: Біздің астанамыз қай қала?
Жауап: Астана.
Көрнекілік
2 минуттық бейнеүзінді көрсету.
Бүгін біз Қазақстан қалаларына ойша сапар шегіп, көрікті жерлерімен танысамыз.
№1 тапсырма: «Сандар сөйлейді»
Бұл тапсырма өткенге шолу жасауға көмектеседі. Дұрыс жауап арқылы Қазақстан тарихындағы маңызды даталарды еске түсіреміз.
1-топ
1991Сұрақ: ҚР-ның тұңғыш Президенті кім?
Жауап: 1991 жылғы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Президенті етіп сайлады.
2-топ
1992Сұрақ: ҚР-ның мемлекеттік рәміздері қашан қабылданды?
Жауап: 1992 жылғы 4 маусымда Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, елтаңбасы және әнұраны туралы заңдарға қол қойды.
3-топ
1993Сұрақ: ҚР-ның төл теңгесі айналымға қашан енгізілді?
Жауап: 1993 жылғы 12 қарашада ұлттық валютамыз — теңге — айналымға енгізілді.
Әр мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты өз рәміздері болады. Олар — халық бірлігінің айқын белгісі. Қазақстан Республикасының да мемлекеттік рәміздері бар, ал оларды құрметтеу — әрбір азаматтың міндеті.
Көрнекілік
Қазақстан Республикасының рәміздері туралы бейнеүзінді көрсету.
№2 тапсырма: Мемлекеттік рәміздер
Сұрақ: Мемлекеттік рәміздерді атаңдар.
Жауап: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Тапсырма: Мемлекеттік туды қалай суреттер едіңдер?
Негізгі сипаттамасы
Мемлекеттік ту — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Көгілдір түс — ашық аспан мен тыныштықтың белгісі.
Рәміздік мағынасы
- Алтын күн — баршаға ортақ нұр мен жылудың белгісі.
- Қалықтаған қыран — еркіндік пен ерліктің нышаны.
- Ұлттық ою-өрнек — халықтың мәдениеті мен дәстүрінің көрінісі.
Күн, қыран және ою-өрнек — халқымыздың ашық келешегі, береке-бірлігі мен бейбіт өмірге ұмтылысының белгісі.
Автор туралы мәлімет
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қарашілік орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Исабекова Айгүл Кәрібайқызы.