Физика пәніне деген қызығушылықтан туындаған Дыбысты қалай естиміз және ол қалай таралады
Дыбысты қалай естиміз және ол қалай таралады?
Табиғатта адам баласы біле бермейтін сан алуан құбылыс бар. Қоршаған ортада біз көрмейтін, қолға ұсталмайтын, бірақ соның көмегімен бір-бірімізбен қарым-қатынас жасап, музыка тыңдап, радио еститін толқын түрі кездеседі. Бұл толқын — дыбыс.
Күнделікті өмірдегі дыбыс мысалдары
- музыка;
- ұялы телефонның шырылы;
- адамдардың сыбырлауы мен сөйлеуі;
- сабақтағы қоңырау үні;
- теңіздің толқыны, жануарлар үні, құстардың сайрауы.
Физикадағы дыбыс ұғымы
Физика — адамның табиғат заңдарын танып-білуге деген табиғи ұмтылысын түсіндіретін ғылым. Дыбыс ауа, су және қатты денелер арқылы көзге көрінбейтін толқындар түрінде таралады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін де, естілмейтін де дыбыстардың барлығын қамтиды.
Дыбыстар туралы ғылым акустика деп аталады. Акустика ғимараттарды жобалауда, сондай-ақ теледидар мен су құбырларынан бастап машина, пойыз және ұшақтарға дейінгі түрлі техникалық жүйелерді жасауда қолданылады.
Дыбысты қабылдау және түрлендіру
Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адам мен жануардың есту аппараты — табиғи дыбыс қабылдағыш.
Дыбыс толқындарының таралуы
Дыбыс толқындарының таралуы ең алдымен дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындарда бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас болады.
Ортаның біртекті болмауы дыбыстың шашырауына әсер етеді: мысалы, судағы көпіршіктерде немесе теңіздің толқынданған бетінде дыбыс әртүрлі бағытқа таралып, әлсіреуі мүмкін. Сонымен қатар атмосфералық қысым, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да дыбыстың таралуына ықпал етеді.
Жиілік, толқын аралығы және дыбыстың «жоғарылығы»
Дыбысты қалай еститініміз дыбыс толқындарының сипатына байланысты. Толқындардың аралығы дыбыстың жиілігіне (яғни дыбыстың жоғары-төмендігіне) әсер етеді:
Ашық үнді дыбыс (мысалы, қоңырау) салыстырмалы жатық толқындармен, ал өткір үндер (мысалы, даңғыра соғу) ирек толқындармен сипатталады.
Дыбыс жылдамдығы: ауа мен судағы айырмашылық
Дыбыс жарықтан баяу таралады, сондықтан алыстағы ұшақты немесе жарылысты әуелі көріп, кейін дыбысын естиміз.
Суда дыбыс жылдамырақ таралады, алайда нақты мәні температураға байланысты өзгеріп отырады.
Дыбыс толқындары құлақ арқылы қабылданғаннан кейін, тербелістер жүйке импульстеріне айналып, миға жеткізіледі.
Естілмейтін дыбыстар: инфрадыбыс, ультрадыбыс, гипердыбыс
- Инфрадыбыс: жиілігі 16 Гц-тен төмен.
- Ультрадыбыс: жиілігі 20 кГц-тен жоғары.
- Гипердыбыс: ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар, шамамен 109 Гц-тен 1012–1013 Гц-ке дейін.
Дыбысты қалай естиміз: құлақтың құрылысы мен жұмысы
Дыбыс бізге қалай және не арқылы жетеді? Әрине, құлақ арқылы. Айналада алуан түрлі дыбыс бар: адамдардың сөйлесуі, жануарлар үні, музыка, жапырақтың сыбдыры және т.б. Олардың барлығы құлағымызға жетіп, миымызда мағынаға айналады.
Сыртқы құлақ
Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды.
Дыбыс жолы және дабыл жарғағы
Дыбыс толқындары сыртқы есту жолымен өтіп, дабыл жарғағына әсер етеді. Дыбыс есту жүйкесі арқылы миға жеткізіледі.
Ми
Ми түскен жүйке импульстерін өңдеп, дыбыстың мағынасын «оқиды». Осылайша біз дыбысты естиміз.
Құлақты қорғау: қарапайым әдеттердің маңызы
Халел Досмұхамедұлы «Оқушының саулығын сақтау» еңбегінде дене мүшелерінің тазалығын сақтау мен күтім жасау туралы маңызды ой қалдырған. Ол дыбыстың адам ағзасына әсерін де атап өтіп, құлақты қорғауға шақырады: «Құлағың сау болсын десең — құлағыңа айқайлатпа, шыңғыртпа; өзің де осыны орында».
Айқайлап сөйлемеуге тырысыңыз: бұл дабыл жарғағына зиян келтіруі мүмкін.
Теледидардың немесе ойнатқыштың дыбысын тым қатты қоспаңыз — бұл есту қабілетіне кері әсер етеді.
Автор туралы
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылы, Ғ. Сланов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы — Сәтібек Айкөркем.
Ғ. Сланов атындағы орта мектептің физика және математика пәні мұғалімі — Молдашева Мадина Утеповна.