Өсімдік шаруашылығы

Сабақтың түрі

Аралас.

Сабақтың тақырыбы

Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен аурулары.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Күнбағыстың аурулары мен зиянкестерін және олардың зияндылық деңгейін түсіндіру; жаңа терминдерді меңгерту; жоспарлы түрде әңгімелей білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ойын тұжырымдауға және өз көзқарасын дәлелді түрде айта білуге баулу. Шапшаңдық пен тапқырлықты, танымдық және шығармашылық қабілеттерді, сондай-ақ жылдам ой қорыту дағдыларын жан-жақты дамыту.

Тәрбиелік

Оқушыларды жауапкершілікке, тазалыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

  • Топырақтану
  • Өсімдік шаруашылығы

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі

Қ. Әрінов — «Агрономия негіздері».

Сабақтың барысы мен мазмұны

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
  • Дәрісхана тазалығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру

  1. 1 Дәнді дақылдардың зиянкестері мен аурулары.
  2. 2 Бұршақ тұқымдас дақылдардың зиянкестері мен аурулары.
  3. 3 Техникалық және майлы дақылдардың зиянкестері мен аурулары.

Негізгі бағыт: ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларын жүйелі түрде қарастыру.