Ардақты ата - аналар

Мақсаты мен көрнекілігі

Мақсаты

  • Оқушылардың сауат ашу пәні барысында алған білімдерін тиянақтау.
  • Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету.
  • Эстетикалық талғамдарын тереңдету.
  • Өзін-өзі басқаруға баулу және ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Қазақ әліпбиі Суреттер Нақыл сөздер «Әліппе» оқулығы «Ана тілі» оқулығы «Математика» оқулығы Ауызша есепке көрнекілік Шарлар

Сценарий: «Әліппе, саған мың алғыс»

(Патша сарайының уәзірлері мен ханшайымдары ертегілер әлемінің табиғатын тамашалап келеді.)

Ертегі әлеміндегі алғашқы хабар

1-уәзір Арнат

Уа, уәзірлер, қараңдаршы! Үлкен мереке болғалы тұрған сияқты: қонақ көп жиналыпты.

2-уәзір Айдос

1-сыныпта үлкен қуаныш екен. «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі болады деп естідім.

3-уәзір Мерей

Онда неге кідіріп тұрмыз? Патшамызға дереу хабарлайық!

Ханша Әсима

Уәзірлер, қараңдаршы! Патшамыз да осында келе жатыр.

Уәзірлер

Патшамыз, төрлетіңіз, отырыңыз.

Патшаның талабы және мерекеге рұқсат

Патша Ернұр

Уа, уәзірлерім, ертегі әлемінде қандай оқиға болғалы жатыр?

1-уәзір Арнат

Қымбатты патшамыз, бүгін 1-сынып оқушылары ертегілер еліне келіп ән айтып, би билеп, Әліппемен қоштасады дейді. Олар сауатын ашып, әріп танып үлгергенін ұзынқұлақтан естідік.

Патша Ернұр

Не дейді? (Ашуланып, қолындағы алтын таяғын 2–3 рет қатты ұрып.) Мұны ұйымдастырған кім? Шақырыңдар!

Уәзірлер

Құп, тақсыр! (Екі уәзір ұйымдастырушыларды қолдарынан жетектеп ортаға алып келеді.)

Патша Ернұр

Менің рұқсатымсыз неге «Әліппемен қоштасу» өткізгелі жатырсыңдар?

1-жүргізуші Жаннұр

Иә, білім патшасы, кешіріңіз. Бірақ бүгін бізді тоқтата алмайсыз. Достарым сіздің еліңіздің барлық әріптерін танып, үйреніп, оқып-жаза алатын деңгейге жетті. Осы қуанышымызды жұрт алдында паш етеміз. Ашуыңызды басып, 1 «Б» сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыз. Мерекемізді бастауға рұқсат етіңіз.

Патша Ернұр

Жарайды, рұқсат. Өнерлеріңді көрейін.

2-жүргізуші Ақарыс

Рахмет, білім патшасы! Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Естімеген естісін, тыңдамаған тыңдасын. Қазір бізде Әліппе тойы басталады!

3-жүргізуші Ақнұр

Нұрлы үмітін арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға,
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Балаларды шақырайық ортаға.
Ұстазымыз Мейрамгүл апай мен 1 «Б» сынып оқушыларын қарсы алайық.

(Оқушылар сахнаға кіреді.)

Ұстаз сөзі және мерекенің ашылуы

Мұғалім

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 1 «Б» сыныбы шәкірттерінің «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Балалардың ең алғаш қолына алған оқулығы — Әліппе. Бұл кітап — білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше мерекемізді бастаймыз!

Оқушылар

Армысыздар, құрметті ұстаздар! Ардақты ата-аналар!

1-жүргізуші Жаннұр

1 «Б» сыныбы оқушыларының «Әліппеге рахмет!» атты ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші Ақарыс

Міне, бүгін біз барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі — Әліппені аяқтап отырмыз.

3-жүргізуші Ақнұр

Бүгін біз шексіз қуаныштымыз: өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан жақын досымыз — Әліппемен қоштасамыз.

Қорытынды шумақ

Мұғалім

Іші толы әріпке, білімдегі жарық не?

Оқушылар

Ол — сүйікті Әліппе!