Сөйлейтін құс
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданы
Шорнақ жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Сапарова Гулдана Әлібекқызы
Тақырыбы
Құстар – біздің досымыз!
Түрі
Аралас сабақ
Мақсаты
- Табиғат туралы түсінікті тереңдету, құстардың маңызы жөнінде мағлұмат беру.
- Көктемнің ерекшеліктерін байқату, табиғаттағы тіршіліктің жаңаруын ұғындыру.
- Құстарды қорғауға, оларды қарсы алуға және қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі
Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері, сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу
Сабаққа қатысушыларды анықтау, көңіл күй қалыптастыру.
Топқа бөлу
- Қарлығаш
- Қыран
- Көгершін
- Аққу
Кіріспе әңгіме
Балалар, көктемнің жаршысы — құстар елге орала бастады. Халқымыз кең дала мен табиғатпен етене өмір сүрген, құстарды ерекше құрметтеген. Бүгін «Құстар — біздің досымыз!» атты ашық сабағымызды бастаймыз.
1 сәуір — күлкі күні ғана емес, сондай-ақ әлемде Құстар күні ретінде де аталып өтеді. 1906 жылдың 1 сәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған. Бүгінде бұл құжатты әлем елдерінің басым бөлігі қолдап отыр.
Әңгімелесу және негізгі ойлар
Сұрақ
Қане, балалар, сендер құстар туралы не білесіңдер?
Табиғаттағы орны
Құстар — табиғатты құрайтын тіршіліктің маңызды бөлігі. Халық ежелден құстарды сүйіп, жақсы көрген адамын құсқа теңеп, ықыласын білдірген.
Көктеммен байланысы
Жыл сайын көктемде қанатты достарымыз ұшып келеді. Өлкеміз, өзен-көлдеріміз, тауларымыз бен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленеді.
Қызықты дерек
Қазақстанда құстардың 481 түрі мекендейді. Ал жер шарында 9 000-ға жуық түрі бар.
Пайдасы
Құстарды «дала дәрігері» деп те атайды. Мысалы, бір топ қараторғай балапандарымен бірге 22 тоннаға дейін шегірткені азық етеді. Қараторғай — орманның қорғаушысы.
Құстарға арналған өлең жолдары
Сәуір келді, тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды.
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп.
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек-қаз қонды.
Жаршысы көктемнің,
Көкек дейді мені жұрт.
Өз атын айтар құс — менмін:
Көктемді күтсең, мені күт.
Құс сұлуы — аққу мен,
Табиғат көркін сыйлаған.
Мылтығын кезеп еш мерген,
Атуға көзін қимаған.
Топтық жұмыс
Қарлығаш тобы
Өздері қалаған бір құсқа тірек сызба жасау.
Қыран тобы
Венн диаграммасы: үй құстары мен дала құстарын салыстыру.
Көгершін тобы
Құстардың суретін салу.
Аққу тобы
Эссе жазу: «Құстарға қамқорлық».
Сұрақ–жауап сайысы
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай
-
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
-
2. Қандай құс «хат тасушы» атанған?
-
3. Торғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады?
-
4. Құстың негізгі баспанасы қандай?
-
5. Қай құста мүлде ұя болмайды?
-
6. Қазақстанда құстардың неше түрі бар?
-
7. Қандай құстарды «жыл құстары» дейміз?
-
8. Сөйлейтін құс қайсы?
Есіңе сақта
Туған жерге оралып, ұя салуға жайлы орын іздеген құстарға көмек көрсет.
Ұядағы балапанды қолмен ұстауға немесе қозғауға болмайды. Олай етсең, енесі ұяны тастап, балапандарына жоламай кетуі мүмкін.
Қорытынды
Қымбатты балалар, көктемнің жаршысы — жыл құстарын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық, табиғатты аялайық.
Оянып бар табиғат ұйқысынан,
Жадырап құтылғандай құс қамынан.
Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,
Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.
Ұпайларды есептеу
Топтардың жинаған ұпайларын қорытындылап, нәтижені жариялау.