Топ ережесін қабылдау

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Пән: Қазақстан тарихы Сынып: 11

Сабақтың тақырыбы: ХХ ғ. Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстар. Ұлттық зиялылар тобы

Сабақтың мақсаты (мазмұндық өзек)

Оқушыларға ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси қозғалыстардың бағыттарын түсіндіру, тарихи ұғымдарды нақтылау және ұлттық зиялылардың рөлін талдауға жетелеу.

  • Негізгі ұғымдарды терминдер арқылы бекіту.
  • Тірек-сызба арқылы жаңа материалды жүйелеу.
  • Топтық жұмыс барысында білімді топтастыру және қорғау дағдысын дамыту.

Сабақ жоспары

  1. 1 Бірінші орыс революциясы және патша үкіметінің саясаты
  2. 2 Қазақ өлкесіндегі мұсылмандар қозғалысы
  3. 3 Жұмысшы қозғалысының күшеюі
  4. 4 Ауыл тұрғындарының наразылығы

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Сабақты ұйымдасқан түрде бастау үшін интерактивті тақтада гүл шоқтарын көрсету арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.
  • Тарихи тест арқылы терминдерді табуды ұсынады және олардың анықтамасын айтқызады.
  • Диалогтік сұрақтар арқылы жаңа тақырыпқа кіріспе жасайды.
  • Тірек-сызба (тірек-схема) арқылы жаңа сабақтың негізгі мазмұнын жүйелі түрде түсіндіреді.
  • Бөлме гүлдері арқылы оқушыларды 4 топқа бөледі және топ ережесін қабылдатады.
  • Әр топқа тапсырма береді: кластер құрастыру, постер дайындау және қорғау.
  • Топтардың жұмысын бақылап, бағыт-бағдар береді.

Оқушының іс-әрекеті

  • Орындарында отырып тыңдайды, сабаққа назарын шоғырландырады.
  • Тест арқылы терминдердің дұрыс нұсқасын табады және анықтамасын айтады; табылған ұғымдар арқылы жаңа тақырыпты анықтайды.
  • Жаңа сабақ бойынша берілген мәліметті тыңдап, маңызды тұстарын есте сақтайды.
  • 4 топқа бөлінеді, топ ережесін қабылдайды және топ басшысын сайлайды.
  • Жоспар бөлімдері бойынша кластер құрастырып, постер дайындайды; әр топтан бір оқушы шығып, өз тақырыпшасын қорғайды.
  • Әр оқушы өз бетімен жұмыс істеп, алынған білімді жүйелейді және топтастырады.
  • Өз оқу деңгейін көрсетіп, қорытынды жасауға қатысады.